ZHARAR | KZ | Сабақ жоспары | Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) | Өсімдіктердің қандай түрлері болады? (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)

Өсімдіктердің қандай түрлері болады? (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)

 Өсімдіктердің қандай түрлері болады? (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат: Өсімдіктер
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктердің қандай түрлері болады?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату;
1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өсімдіктердің түрлерімен танысады, ағаштар, бұталар және шөптердің негізгі ерекшеліктері мен ұқсас белгілерін біледі;
Көптеген оқушылар: жабайы және мәдени өсімдіктерді ажыратады;
Кейбір оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау
жасайды.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) Қайырлы таң, көздерім! Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).
Қайырлы таң, құлақтарым! Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).
Қайырлы таң, қолдарым! Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).
Қайырлы таң, аяқтарым! Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).
Қайырлы таң, күн! Мен ояндым!. (Күлімсіреп, күнге қолдарын созады)
ІІ. Қызығушылықтарын арттыру:
(Ұ)Ойын «Артығын тап».
Жанды және жансыз ұғымдарын қайталау мақсатында берілген суреттерден жанды затын анықтау. Сұрақтарға жауап беру.
- Жанды ағзалар жансыз ағзадан қалай ерекшеленеді?
- Жанды ағзаларға не жатады?
- Жанды ағзаға мысал келтіріңіздер.
- Жансыз ағзаға сыал келтіріңіздер.
ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Тақтада ағаш, бұта, гүлдің суреті ілініп тұрады.
Барлық өсімдіктер бірдей ме? Биік, орташа, аласа.
Мына суреттерден қайсысын білесіңдер?
Гүлдің биіктігі қандай?
Сабақтың тақырыбын ашып, сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Мұғалім өсімдік түрлері туралы I-mektep сайтынан бейнефильм көрсетеді.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Қандай өсімдіктердің түрі болады? Биік өсімдіктің түрін ақалай атайды?
- Ең төмен өсетін өсімдіктің түрі қалай аталады?
«Ағаш, бұта, шөп» ойыны
Егер мұғалім ағаштың атауын айтса, қлдарын жоғары көтереді, егер бұта болса, қолдарын алға созады, егер шөп болса, төмен отырады.
Оқулықпен жұмыс:
Оқулықтағы срутетер бойынша ағаштың, бұтаның, шөптің суретін табуға тапсырма беру.
Далаға шығып, ағашты табу. Ағаштың дінін құшақтау. Жуан-жіңішке ұғымын түсіндіру.
Сыныпқа келіп, мектеп ауласында өсімдіктердің қандай түрлері кездескенін айтады.
Сергіту сәті:
Жел еседі бітімізге,
Шайқалады ағаштар.
Жел ақырын-ақырын-ақырын
Биік-биік ағаштар
- Бұл өсімдіктерді адамдар өздері отырғызды ма әлде өсімдіктер өздері өсті ме?
- Оқушыларға мәдени және жабайы өсімдіктер түрлерімен таныстыру.
Топтық жұмыс:
1-топ: көкөністердің муляжын табады.
2-топ: жемістер муляжын алады.
3-топ: ағаштардың суретін табады.
4-топ: бұталардың суретін табады.
5-топ: шөптердің суретін табады.
Дәптермен жұмыс:
Суреттерді өсімдіктердің түрлеріне бөлінген сөздерменмен байланыстырады.
Берілген сұрақтардың жауабын не «ия», не «жоқ» деген сөздің астын сызады.
Мәдени және жабайы өсімдіктерді суреттерімен байланыстырады..........
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
ZHARAR - Сегодня, 02:44
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жуктеп

Гость Арайка - Сегодня, 01:49
Физика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Алгбра керек 7 сынып 1 тоқсан ТЖБ пжжж. Беріңдерші🥺🥺

Айда - Сегодня, 00:02
Сертификат алу !!!

Маған 4 сынып Тжб керек

Тилебалды Рысалды - Вчера, 23:51
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Казакстан тарихы тжб жауаптары керек 1токсан

АИШАТ ЖАКСЫЛЫКОВА - Вчера, 23:46
Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4 СЫНЫП МАТИМАТИКА ТЖБ ЖАУАПТАРЫ Н СУРЕТКЕ ТУСИРИП ЖИБЕР

Далмира - Вчера, 23:19
География (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған 8сыныптын бжб тжблары керек.

қадыс әмина - Вчера, 22:54
Фотосинтез үдерісі 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

ия қосылам

Bopeshka - Вчера, 22:50
Қыс туралы шығармалар топтамасы

....

Ұлмекен - Вчера, 22:28
Казақ әдебиеті (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Гость Jjj - Вчера, 21:35
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Қалай оны ашады