Өсімдік тіршілігіне не қажет? (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)

 Өсімдік тіршілігіне не қажет? (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат. Өсімдіктер.
Сабақ тақырыбы: Өсімдік тіршілігіне не қажет?
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 1.2.1.3 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;
Сабақ мақсаттары: Өсімдікке өсу үшін қандай қажетті жағдайлар керек екенін біледі;
Болжамдар мен бақылау нәтижелерін салыстырады;
Түрлі жағдайда өсімдіктердің өсу нәтижелерін салыстырып, қорытынды жасайды.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Қызығушылықтарын арттыру:
(Ж) «Құпия зат» ойыны
Оқушылар жұпта өздерін бір өсімдік ретінде жасырады. Мысалы: мен өте тәттімін, қызыл, сары, жасыл боламын. Дөңгелек келемін. Ішімде кішкентай дәндерім бар. Мен Алматыда өсемін.

Өткенді қайталау

Жаңа сабақ:
(Ұ) Суреттерді салыстыру.
Екінші сурeттегі өсімдіктерге не болғанын түсіндір. Оларға не жетіспеді?


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын талқылау.

(Ұ) Мультфильм көру.
Өсімдіктерге не қажет?

Сергіту (қимылмен)
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Қызыл - жасыл гүлдері
Көздің жауын алады
Үзіп - жұлмай бекерге
Аялайық біз оны!

(Т) «РАФТ» әдісі
“Гүлшоғын” сөйлету. (Әр топ гүл шоғының суретін салып, берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салу.)
1-топ: Гүлдің рөліне ене отырып, ризашылықтарын білдіру.
2-топ: Қараусыз, солып қалған гүлдің рөліне ене отырып, адамдарға өз назын жеткізу.
3-топ: Гүл шоғы қалай сыйлау керек?
Зерттеу жұмысы:
(Т) 3 құты, оған «су, жарықсыз», «су, жарық», «сусыз, жарық» деген жазуларды жабыстыру, тұқым, топырақ, қорап.
Құтыларға сабақ өткен күнді, топтың атын жазып қою. Топырақ салып, әрқайсысына тұқым салу. Құтыларды терезенің алдына қою. «Су, жарықсыз» дегенге су құйып, қораппен жауып қою. «Су, жарық» дегенге су құйып, жарық жерге қою. «Сусыз, жарық» дегенге су құймай, жарық жерге қою.
Оқушылардың болжамдарын сұрау. Қағазға жазып қою. Келесі аптадағы сабаққа дейін бақылау жүргізу. Су құйятын құтыларды күнара бір уақытта суарып отыру керектігін айту.

Дәптермен жұмыс:
Өсімдікке өсу үшін не керек екенін тауып, суретпен байланыстыру керек..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 611



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!