Нұрсұлтан Назарбаев туралы өлеңдер (елбасы)


Мазмұны:

  1. Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!
  2. Елін сүйген елбасы-Нұр аға
  3. Көш бастаған - Президент
  4. Елбасына арнау
  5. Ел бастаған Елбасымыз Нұрсұлтан!
  6. Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам

Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам

Ата - бабам мың сынаққа шыдаған,
Тәңірден тек Тәуелсіздік сұраған.
Азаттықтың ақ таңы үшін тер төккен,
Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам.

Сүйеу болған аналарға жылаған,
Тіреу болған балаларға құлаған.
Елдің жерін, арқалаған нар тұлға.
Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам.

Сыртқа кетіп қалмасын деп сыбаға,
Шекараға қазы қағып, нұраған.
Шетте жүрген қандастардың панасы,
Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам.

Астанам бар, азатпын деп қуанам,
Топқа түссем көк байрақты ту алам
Тұңғыш қазақ мемлекетті құраушы
Елін сүйген, елі сүйген - Нұрағам!
Ахмет Балғынбекұлы



Ел бастаған Елбасымыз Нұрсұлтан!

Хан Кенеден тоқтаған азаттықты,
Жалғастырған азамат бар тегі дара.
Ел қамын екі иықпен арқалаған,
Оны туған қасиетті елі дана!
Жақсының жақсылығын айт дегендей,
Айтайын мойындасын дос пен дұшпан.
Қырандайсың көк тудағы қанат қаққан,
Нұрлы, жарық бағытта биік ұшқан!
Басшысыз елдің болмас берекесі,
Жердегі патша - Алланың көлеңкесі.
Жетпіс жыл отарлықтан азып - тозған,
Азат болып көтерілді ел еңсесі.
Сол елді бар әлемге таныттырған,
Ол да білсең Елбасының мәртебесі!
Ата заңды, тілді, дінді қуаттаған,
Көк байрақты биік ұстап құлатпаған!
Отан үшін аянбай қызмет етіп,
Тер төгіп, ел үмітін ардақтаған!
Тұмардай тыныштықтың ұйытқысы,
Ақылмен әр қадамын салмақтаған.
Көсемдікпен ертеңді көре білген,
Қателікке бой алдырмай ар сақтаған.
Халық қамын жасаған ерлігімен,
Көзге түскен көреген тірлігімен.
Елімізді көп елге үлгі еткен,
Тату - тәтті көп ұлттың бірлігімен.
Білімді ұрпақ жеткізуді мақсат етіп,
Ертеңіне елінің алаңдаған.
Биік, жарқын болашақ күндеріне,
Жастарының жетуін армандаған.
Жаратқан жарылқады қазақ елін,
Ел басына қайта қойып қазақ ерін.
Кемелді келешекке жол бастаған,
Жәрдемшіге табыстап жұртты керім.
Нұр келбетті азаматсың атыңа сай,
Елмен бірге саналы ғұмыр кешкен.
Сарабдал саясатпен топты жарып,
Талай заңғар істерді батыл шешкен.
Бүкіл жаһан назарын тарта білген,
Төрағалық жасаған жер жүзіне.
ОБСЕ торинде даналықпен,
Таңырқаумен қаратқан әр сөзіне.
Қиын - қыстау заманда еш саспаған.
Бас түсірмей көкірегін тік ұстаған,
Кемеңгерлік болмыспен көш бастаған!
Нағыз ерсің Нұраға ел бастаған!
Тарихта мәңгі есімің ұмытылмас,
Таңба болып қалады ұрпақ үшін,
Мақтаймызда, мақтанамыз өзіңменен.
Талмасын Ел ағамыз жігер күшің!
Тұғыры биік, рухы асқақ ұлттың ұлы тұлғасы,
Алты алаштың арқа сүйер парасатты ағасы!
Қазақтың алып қыраны, ынтымақ болған ұраны!
Ел бастаған Елбасымыз Нұрсұлтан!
Көш бастаған көшбасшымыз Нұрсұлтан!
Мұхаммед - Али Накипов


Елбасына арнау

Елдігім мен теңдігім бүгін таңда
Оңайлықпен келген жоқ ол расында
Желбіресе туымыз аспан көкте
Ел ағасы Нұр ағаның арқасында.
Ақын болып тілімді ұштайын мен
Нұр ағаның игі істерін жырлайын мен
Халқының қалаулысын бүгін таңда
Айтудан ешқашан тынбайын мен.
Сұрапыл сол бір жылды еске алсақ,
Құрбан болды қаншама қыршын қазақ,
Қазақ халқы теңселіп кетті – ау шіркін,
Сол бір жыл біздер үшін үлкен азап.
Таққа келді қазақтың жас баласы,
Өзі дара, өзі дана, ел баласы,
Қазақтың біткен екен маңдайына,
Қарапайым Нұр ағадай бір баласы.
Бағы ашылды қазақ деген халықтың,
Арқасы ғой ол да болса Нұр ағаның,
Ізгі істер істеудің арқасында,
Әлемге әйгілі болды қазақ атың.
Ел ордасы Астананы гүлге орады,
Мектеппенен салғызды балабақшаларды,
Боз торғай жұмыртқалаған бүгін таңда,
Осы емес пе қазақтың басты арманы?
Азаттықта, бостандықта елім менің,
Алғысым көп Нұр аға сізге менің,
Біз сияқты жастардың ертеңі деп,
Ойластырған бар елінің ертеңін.
Көрді рас Нұр аға да қиындықты,
Мойымады еңсесі түсіп мұңаймады,
Алпарысып қиын қыстау күндерменен,
Айбарланып сағы сынбай қарсы тұрды.
Ел билейтін ел ағасы міне осы,
Мойындата білген талай дұшпаныңды,
Ей халқым Нұр ағадай ел басына,
Басыңды и де, мойында көкжалыңды.
Мәңгі жаса Нұрсұлтан мәңгі жаса!
Ақ батасын халқың берер әрқашанда,
Өзің айтқан Мәңгілік ел атауы,
Сөнбейді ешқашан өзің барда.




Көш бастаған - Президент

Тәуелсіздік көк жебесін желбіретіп,
Көш басында ел мақтаған - Президент.
Сын сағатта еліне еңбек етіп,
Арманына қол жеткізген – Президент.

Қазағым деп соққан оның жүрегі
Отша қайнап, лаулап жанып жүреді.
Халқыменен бірге болған сәттерде,
«Аман болшы елім» оның тілегі.

Егемендік алып келген еліне,
Қазағымның ұлан - асыр жеріне.
Дербес елдің көк туын желбіреттің,
Жаңғырды «Қазақ» аты жер - жерлерде.

Таулар менен өзен, көлдер «қазақ» деді.
Аспанда ай мен жұлдыз «қазақ» деді.
Даңқың мен абыройың арта берсін,
Әз, Елбасы бастаған қазақ елі.

Тәуелсіз, егеменді жерінде
25 - ін тойлап жатыр қазақ елі.
Ғұмырың ұзақ болып Қазақстаным!
Мәңгілік жасай берші қазақ елі!

Елінің абыройын асқақтатқан,
Көш басында, ел мақтаған Президент.
Қажырлы, талмас қанат, ерлігімен
Арманына қол жеткізген – Президент.


Павлодар облысы,
Ертіс ауданы, Ынтымақ ауылы.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Айтмаганбетова Айнагуль Торшановна


Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

Ел бағына туылған,
Ұлтқа ұран, ту болған,
Халқы патша сайлаған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

Қазақ елін басқарған,
Шекарасын салдырған,
Дербестікке бастаған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!


Қайырмасы:

Бүкіл әлем таң қалған,
Парасатты, данышпан,
Мойындаған бар ғалам,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!


Жасты еңбекке баулыған,
Ақсақалын сыйлаған,
Салт-дәстүрді сақтаған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

Дін мен ұлтты жинаған,
Мәмілеге шақырған,
Бейбіт күнге жол салған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

Қайырмасы

Ұрпақтарға балдырған,
Біліміңмен бағалан,
Өсиетін қалдырған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

Қайырмасы
(бұл жерде екі рет айтылады)
Сөзі: Болат Кенішбаев.
Әні: А. Ж. Есмұханов.
Орындаған: С. Салмакеев
Астана – 3.12.2012 жыл


Елін сүйген елбасы-Нұр аға

Сарышаған кентіндегі ЖОББ
мектебінің 9 «А» сынып оқушысы
Бөгембай Анель
Бірлігі жарасқан елміз міне, бүгінде,
Артқа тартып халқым енді шегінбе.
Дағдарыстан шығып, алға бет алдық,
Мұның бәрін өз көзіңмен көрдің де.

Даңғыл жолды салып берер, Нұр аға
Енді халқым ешқашанда құлама
Барлық жерден жиып-теріп қазақты,
Халқы үшін, жанын салған ғұлама.

Жаңа кезең бастауына сендіңдер,
Астананың бәйтерегін көрдіңдер.
Халқымыздың саны өсіп бүгінде,
Әрбір жылды мерекелеп келдіңдер.

Мұның бәрі Нұр ағаның жемісі,
Әрқашанда алда жүрді жеңісі.
Бүкіл әлем тыныштықты тіледі,
Себебі бұл Нұр ағаның жемісі.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Пікірлер 1

  1. Төлеген
    Төлеген 30.11.2020 22:29
    0 + 0 -
    Президент күніне арналған ән скачать барма?
Келесі мақала жүктелуде...