Молекулааралық күштер (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Молекулааралық күштер (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы
Сабақ тақырыбы: Молекулааралық күштер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - молекулааралық күштердің табиғатын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: - байланыс полярлығының пайда болуын, оның себептері мен әсерін түсіну
- диполь-дипольдік күштерінің пайда болу себептері мен әсерін түсіну
- Ван-дер-Ваальс (индукцияланған диполь-диполь) күштерінің пайда болу себебі мен салдарын түсіну
- сутектік байланыстың түзілу себебі мен әсерін түсіну
- күштердің қарастырылған үш түрі мен олардың салдарын өзара салыстыра білу.

Сәлемдесу.
Оқушылармен электртерістілік ұғымы және молекулалардың полюсті немесе полюссіздігі туралы идеяларды талқылау. Мысалы төмендегі сұрақтарды қоюға болады:
Метан және аммиакты салыстыратын болсақ, не себепті метан полюссіз болып табылады?
Метан және аммиактың 3D құрылымын сызып салыстырыңдар.

Оқушылар аммиактағы бос электрон жұмыс теріс полюс туындатады деген қорытындыға келуі керек.
(G) Оқушылар молекулалар құрайтын заттар туралы келесідей ойланатын сұрақ қою керек:
Молекула мен иондық қосылысқа мысалдар келтір, олардың арасында қандай айырма бар?
Қарапайым молекулалық қосылыстарға келесі қосылыстардың қайсысы жатады:
Алмаз, натрий хлориді, тұз қышқылы, су, литий сульфаты, күміс оксиді
Оқушылар молекулаларды анықтап, олардың ерекшеліктерін атайды.
(T) Мұғалім келесідей ақпараттарды жеткізеді:
Молекулааралық күштердің атауы
Ван дер Ваальс Диполь-диполь Сутектік
Сипаттама
Полюссіз молекулалар арасындағы әлсіз байланыс
Полюсті молекулалар арасындағы диполь моменті туындауы әсерінен пайда болатын молекулааралық күш(ван дер ваальстан мықтырақ тартылыс күші бар)
Сутек және электртерістілігі жоғары оттегі, фтор, азот атомдары функционалдық топ ретінде кездесетін молекулалар арасындағы байланыс (ван дер ваальс, диполь-дипольдан мықтырақ)
Мысал Метан, силан, алкандар
Тұз қышқылы, күкірт оксиді(IV) Аммиак, су, фторсутек
Қайнау және балқу температурасы
Қайнау температасы өте төмен
Қайнау температурасы орта
Қайнау температрасы жоғары

(I) жеке жұмыс
Графикті талқылау:

Келесі жұрақтарға жауап берулері керек:
1а Не себепті судың қайнау температасы ең жоғары?
b Су молекулалары арасындағы молекулааралық күшті сипаттап, сызып көрсет:

с Күкіртсутек пен селенсутек молекулаларының қайнау температураларындағы айырмашылықты түсіндір:

Өзін-өзі бағалау. Жеке жұмыстың критерийлері бойынша өздерін бағалайды.
Су молекуласының молекулааралық күшін дұрыс анықтайды;
Су молекуласының молекулааралық күшін дұрыс сипаттайды;
Диполь-диполь байланысына ие молекулалардың қайнау температасындағы айырмашылықты түсіндіреді;
CLIL тапсырмасы. Оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту мақсатында келесі тапсырмада қосылыстардың құрылымын анықтау ұсынылады.

Дұрыс жауапты мұғалім тақтада көрсетеді және өзара бағалау жүреді.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 323



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі