Сабақ жоспары (ұмж): Атом күрделі бөлшек. «Орташа салыстырмалы атомдық массаны есептеу» есептеу тақырыбына есептер шығару (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Атом күрделі бөлшек. «Орташа салыстырмалы атомдық массаны есептеу» есептеу тақырыбына есептер шығару (Химия, 10 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Беттегі қара дақтардан тез арада құтылуға арналған маска

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы
Сабақ тақырыбы: Атом күрделі бөлшек. «Орташа салыстырмалы атомдық массаны есептеу» есептеу тақырыбына есептер шығару
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.1.2.1 «Изотоп» пен «нуклидтің» физикалық мағынасын түсіну.
10.1.2.2 Изотоптар қоспасындағы химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасын есептеу
Сабақ мақсаттары: - Атомның құрылысын біледі;
- Атомның протон, нейтрон және электрон санын дұрыс анықтайды;
- Бір элементтің әртүрлі изотоптарын анықтайды және атайды;
- «Изотоп» ұғымының мағынасын біледі;
- Тзотоптарды нуклидтерден ажырата алады;
- Атом құрылысы арқы элементтерді анықтай алады;
- изотоптардың табиғатта таралған үлесі арқылы элементтің салыстырмалы атомдық массасын есептей алады;
- салыстырмалы атомдық массасы арқылы изотоптардың табиғатта таралуын анықтай алады;

Ұйымдастыру сәті. Амандасу.Ынтымақтастыру атмосферасын құру.
Бейнебаян қарау: Атом деген не? (3:31 мин.)

Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын және жетістік критерийлерін анықтау.
Жаңа сабаққа көшпес бұрын, төменгі сыныптарда алған білімін еске түсіру мақсатында Қосымша 1 берілген 1 және 2 тапсырманы оқушыларға орындату қажет. Екі тапсырманы орындап болғаннан кейін, сыныппен бірге жұмыстарды тексеру қажет. Жауабы презентацияда көрсетіледі.

Тапсырмаларды тексеріп болғаннан кейін, сыныппен бірге келесі тапсырманы тақтаға орындайды.

Уранның изотоптары
Қазіргі таңда уранның 26 изотопы белгілі. Табиғатта уранның үш изотопы кездеседі: 234U, (үлесі 0,0055 %), 235U (0,7200 %), 238U (99,2745 %).

1. Уранның үш изотобының атом құрылысында қандай ұқсастықтар мен айырмашылық бар?

2. Изотоп дегеніміз не?

Оқушыларға «изотоп» пен «нуклид» ұғымдарын түсіндіру.
- қазіргі таңда 118 элемент белгілі
- табиғатта 340 нуклид кездеседі (250 тұрақты және 90 радиоактивті)
- 3000 жуық нуклидтер жасанды жолмен алынып қасиеттері сипатталған.

Мысалы сутегінің:
Табиғатта: Н1, Н2, Н3,
Жасанды жолмен алынған: Н4 – Н7
Оқушыларға жер әртүрлі элементтердің изотоптарынан құралғанын айта кету қажет.

Бейнебаян: Изотоптардың атаулары мен химиялық таңбалары

Оқушылардың алған білімін бекіту үшін қосымша 1 берілген қалған тапсырмаларды орындайды. ......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Басыңыз ауырса



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle