Сабақ жоспары (ұмж): Гибридтену түрлері: (sp, sp2, sp3) (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Гибридтену түрлері: (sp, sp2, sp3) (Химия, 10 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тойға дайындық: Қалыңдық қорқынышы

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы
Сабақ тақырыбы: Гибридтену түрлері: (sp, sp2,sp3)
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.4.4 Атом орбитальдарының гибридтену түрлері.
10.1.4.5 Заттардың құрылымы мен қасиеттері арасындағы байланыс.
Сабақ мақсаттары: - атом орбитальдарының гибридтену түрлерін түсіндіру
- заттардың құрылымы мен қасиеттері арасындағы байланысты түсіндіру;

Ұйымдастыру.
Салемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Окушылардың үй тапсырмасын тексеру

1.Алмаз, графит, алкандар, алкендер және алкиндер молекулаларының мысалын қолданып, олардың молекулаларының құрылымы олардың қасиеттеріне қалай әсер ететінін түсіндіріңіз.
2. Қанықпаған қосылыстар заттардың қасиеттеріне қалай әсер етеді ( метан қанықпаған байланысқа жатпайды)
(К) Эвристикалық әңгіме. Органикалық заттардың (көмірсутектердің) және бейорганикалық заттардың (аллотропты көміртектің модификациядаланған қосылыстарын ) молекулалалық құрылымы мысалында мұғалім «гибридизация» түсінігін және молекулалардың геометриясының гибридизацияға тәуелділігін және заттардың молекулалық геометриялық сызбасын көрсетеді және қасиеттерін түсіндіреді. Әңгімелесу барысында оқушылар бейорганикалық заттардың молекулалық геометриялық пішінін және олардың жалғыз электрондық жұптардың қасиеттеріне әсерін түсінеді және біледі.
Сұрақтар:
Көміртектің қалыпты жағдайдағы электронды және графикалық формуласын салу?
Көміртектің қозған күйдегі электрондық және графикалық формуласын салу?

№1 Лабораториялық жұмыс Заттардың модельін құрастыру ( N2. O2 алмаз)
Мақсаты:
Гибридтену түрлері: sp-, sp2-, sp3-.
(У) Гибридтену - пішіндері әр түрлі, энергиялары шамалас орбитальдардың араласып, пішіні, энергиясы, байланыс бұрышы, т.б. сипаттамалары бірдей гибридтенген жаңа орбитальдар түзілуі.
Гибридтену түрлері:

(F) Оқушылар гибридтену түрлерін кеңістікте орналасуын сұрап, процесті біртіндеп қиындатады, гибридтенудің осы түрлерімен заттардың мысалдарын сұрайды.

Оқушылар сұраққа жауап береді.
Гибридтену дегеніміз не?
Гибридтенудің қандай түрлері болады?
Көміртек атомдарын қандай электрондық бұлттар қоршайды?
“Кім жүйрік” ойыны
Оқушыларға интербелсенді тақтадан мынадай тапсырмалар беріледі. Әр топ тапсырманы бір-бірімен жарыса орындайды.
Тапсырма № 1.

І топ:
СО2, ССІ4 молекулаларының кеңістіктік формуласын құрастыр.
ІІ топ: SO3, BeH2 молекулаларының кеңістіктік формуласын құрастыр.
ІІІ топ: POCI3, BCI3 молекуласының кеңістіктік формуласын құрастыр.

Бағалау. Бағалау парағына топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалайды.
Тапсырма № 2.
Деңгейлік тест тапсырмасы
A деңгей
1.Әр деңгейшелердегі орбитальдардың пішіні мен энергиясының теңесу процесі не деп аталады?
a) Электрон жұбының ығысуы;
б) гибридизация;
с) иондану;
д) химиялық байланыстың түзілуі.

2. Атом орбитальдарының гибридизациясы ұғымын алғаш енгізген кім?
a) А.М.Бутлеров;
б) Л.Полинг
с) Э.Резерфорд
д) Д.И.Менделеев

3. BCI3 молекуласындағы гибридизация типін көрсетіңіз:
a) sp
б) sp2
с) sp3
д) dsp....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
3 жасқа дейінгі балаларға зиянды 10 тағам



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle