Сабақ жоспары (ұмж): Атом құрылысының заманауи теориясы, атомдағы электрондардың қозғалысы 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Атом құрылысының заманауи теориясы, атомдағы электрондардың қозғалысы 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
​Аяқтан өткен суықты ыстық картоп емдейді

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы.
Сабақ тақырыбы: Атом құрылысының заманауи теориясы, атомдағы электрондардың қозғалысы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.2.1 атом құрылысының заманауи теориясын біледі;
10.1.2.2 s, p, d, f орбитальдерінің пішінін ажыратады;
Сабақ мақсаттары: Химия және физика курстарынан алған білімдерін қолдана отырып , атомның құрылысының ашылуы және атомдағы электрондардың қозғалысымен тереңірек таныстыру, s, p, d, f орбитальдерінің пішінін ажырату.

-оқушылардың зейінін шоғырландыруға - «Өзіңе тілек» және «сыныптастарыңа тілек» тілейді.
-сабақтың тақырыбы мен оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын /ОМ анықтап алынады.
- бағалау критерийімен таныстыру, сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау керек. Атом деген не? Еске түсіру
Атом – затты құрайтын бөлшек. Олар тірі ағзалардан бастап жасанды пластиктерге дейін, қатты металдардан көзге көрінбейтін газдарға дейін кез-келген заттың құрамында болады. Атом өте кішкентай, құм қиыршығынан да әлдеқайда кіші болады. Құм қиыршығындағы атом саны шамамен 1 000 000 000 000 000 000 000 немесе 1021 , әлемдегі адамның жалпы санынан миллион миллион есе көп.
ББК кестесін толырады
Білемін Білгім келеді

Оқушылардың нені білетінін, нені білгісі келетінін талқылап алуға болады, негізгі мәселені шешу үшін өз беттерімен жұмыс жасау.
Атом құрылысының ашылу теориясы туралы бейне көріністі талқылау. XIXғасырдың соңында атом құрамының күрделілігі және олардың өзара айналу мүмкіндігі туралы бірқатар дәйектемелер анықталған. Атомның құылысы күрделі екенін дәлелдейтін ашылулар . Электронның ашылуы (Дж.Томсон, 1897)
• Радиоактивтіліктің ашылуы (А.Беккерель, 1896)
• Протонның ашылуы (Э.Резерфорд,1919)
• Нейтронның ашылуы (Дж.Чедвик, 1932)
Жалпы алғанда атом бейтарап, сондықтан электрондар зарядтарының қосындысы ядро зарядына тең болу керек. Бұдан кейінгі зерттеулер көрсеткендей, атом ядросының оң заряды сан жағынан Д.И Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі элементтің реттік нөмеріне тең. Оны 1913 ж. ағылшын физигі Г.Мозли дәлелдеген. Ал 1920ж. Э Чедвик химиялық элементтердің ядро заряды олардың реттік нөмерлеріне сай келетінін анықтады. Орыс ғалымдары Д.Д Иваненко және Е.Н Гапон ядро құрылысының протондық –нейтрондық теориясын жасады. Теорияға сәйкес сутек атомының ядросы протон және нейтроннан тұрады. Протон мен нейтрон сандарының қосындысы атомдық массасына тең.
А= Z + N
• Атомның химиялық қасиеті – электрондық қабатының құрылысына тәуелді.
Тапсырма
1939К калий атомында неше протон және нейтрон бар?
(Т) «Атом құрылысы» тақырыбын қайталау. Оқушыларға І – ІІІ период элементтерінің атом құрылысының сызбанұсқасын және электрондық конфигурацияларын құрастыруды ұсыныңыз.
Ядрода протон мен нейтрондарды ұстап тұратын күштерді – ядролық күштер деп атайды.Атом ядросының қасиеті негізінен ядроның құрамымен анықталады. Мысалы оттек атомының құрамы былай жазылады
16
8О (8р, 8n) 8e-
Жұптық жұмыс, қосымша №1 жұпта талқылау
Атом құрылысын анықтаудағы Резерфорд
моделі туралы материалдарды таратып беріп беруге болады.

Сонымен атомның заманауи теориясы электрон- белгілі массасы бар өте жылдам қозғалатын Электрондар – микробөлшектер, олардың атомдағы қозғалысын кванттық механика зерттейді. Ол элементар бөлшектердің әрекеттесуі мен тәртібін қарастырады.
Кванттық механика бойынша электрон өзін бөлшек және толқын түрінде байқатады, яғни корпускулалы - толқындық екі жақты қасиеті бар:
бөлшек сияқты қысым тудырады және жарық дифракциясына ұқсас электрондар дифракциясын береді.
Электронның заряды- 1,6∙10-19Кл
Салыстырмалы бірлігі -1
Массасы - 9,10∙10-28
Атомдық масса бірлігі - 0,00055
Периодтық жүйенің құпиясы - атомның күрделі құрылымын, оның сыртқы электрондық қауызының құрылысын, ядро айналасында электрондардың қозғалыс заңын ашқанда белгілі болды. Электрон бұлттарының пішіндері , Сфера немесе шар тәрізді (S – электрон бұлты),гантель немеесе жартылай сегіздік (p – электрон бұлты), көлемдік сегіздік (d – электрон бұлты)......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Иман үйіру дұғалары



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle