Бақыт туралы ұлағатты сөздер



ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қабірді зиярат еткенде оқылатын дұғалар

Адамның ең ұлы қасиеті - бақытты болуға талпынуы
Сұлтанмахмұт Торайғыров

Қайғыны жалғыз көтеруге болады, бірақ бақытқа екеу керек.
Элберт Хаббард

Әр адамның мінезі басқалардың бақытына әсер етеді, демек ол пайда немесе зиянын тигізетін сипатқа ие.
Адам Смит

Ең ғажап қала — ол адамның бақытты болған жері.
Ремарк Эрих Мария

Қолынан келетін, істеуге тиісті ісін істей алатын адамды бақытты, әрі тамаша адам деуге болады.
Леонардо да Винчи

Сезім әлемінде бір ғана заң бар - сүйгеніңе бақыт құрау.
Стендаль Фредерик

Бір адамды бақытты етіп, жүзіне - мұң көлеңкесін, жанына - қайғы ізін түсірмеу әркімнің қолынан келеді.
Сағатхан Әшімбаев

Еңбек – бақыттың атасы
Бенджамин Франклин

Ақылды кісілердің бақытты болғаны өте сирек.
Эрнест Хемингуэй

Махаббат деген қасиетті күш. Дүниеде махаббат болмаса, адам баласы қуаныш пен қайғының, бақыт пен бақытсыздықтың не екенін білмей өтер еді.
Ілияс Есенберлин

Бақыт қонған ерлердің әрбір ісі оң болар,
Дәулеті күнге артылып, не қылса да мол болар.
Асан қайғы

Бәрінен де тек қана өзіне бағынышты адам бақытты.
Цицерон

Біз бақытты болмай, ол сөзді қолдануға құқылы емеспіз.
Бернард Шоу

Дана халқымыз қателiктерiмiздi түсiнедi, оларды кешiре де бiледi. Халық кешiрмейтiн бiр - ақ нәрсе бар, ол – елдiң қолына зарықтырып барып қонған Бақыт құсынан, Тәуелсiздiктен айрылып қалуды кешiрмейдi. Егер бiз Тәуелсiздiктен айрылсақ, бiзге кешiрiм жоқ.
Нұрсұлтан Назарбаев

Біздер бақыт өзі келеді деп күтпей, керісінше оған өзіміз қол жеткізуіміз керек.
Ник Вуйчич

Қуаныш пен бақыттың жанымызға терең бойлағаны соншалық, оған үнемі ынтығамыз да тұрамыз.
Ги де Мопассан

Бақытты адамдардың ұстамдылығы баянды сәттілік сыйлаған сабырдан тарайды.
Франсуа де Ларошфуко

Бақыттың емін табатын дәрі - дәрмек жоқ.
Габриэль Гарсиа Маркес

Бақытты болған жеріңізге ешқашан қайтып оралмаңыз. Қайда жүрсеңіз де өзіңізді бақытты сезініңіз. Ал белгілі бір жерге қайтып барсаңыз, онда бәрі құриды.
Агата Кристи

Кім өзін құрметтесе, сол – бақытсыз, бірақ оның есесіне өзіне әбден көңілі тоқ адам – ақылсыз.
Ги де Мопассан

Қанағаты бар адамға бақыт бұйырған.
Аристотель

Бақытты сырттан емес, жүрегіңнен таба біл.
Аристотель

Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім…
Мұқағали Мақатаев

Егер Құдай сені бақытты еткісі келсе, қиын жолдармен жүргізеді. Өйткені бақытқа оңай жолмен жету мүмкін емес.
Далай – Лама

Адам өзіне - өзі неғұрлым мәз болса, оның бойында мәз боларлық нәрсе соғұрлым аз болғаны.
Лев Толстой

Бақытсыздық — бұл өзіміз, ал бақыт — басқалар
Жак - Ив Кусто

Даңқ – ақынның бірінші бақыты емес.
Қадыр Мырза Әли

Ақынның бірінші бақыты – шығармашылық процесс. Ал қалған тірлігі қараңғы туннель
Қадыр Мырза Әли

Рухани жағынан сұлу адамдар — бұлар ең алдымен бақытты адамдар.
Василий Сухомлинский

Егер бақытты өмір сүргіңіз келсе, адамдар мен нәрселерге емес, мақсатқа тәуелді болыңыз.
Альберт Эйнштейн

Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ.
Білге қаған

Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе.
Зейнолла Қабдолов

Бақыт тек қана бізді сүйетін және үнемі күтетін жерде ғана.
Михаил Лермонтов

Адамдардың үш тобы бар: бірінші топ Жаратушысын іздеді және тапты. Бұлар ақылды әрі бақытты адамдар. Екінші топ Жаратушысын іздеп жүр, бірақ тапқан жоқ. Бұлар ақылды, бірақ әлі бақытсыз адамдар. Үшінші топ Жаратушыны іздеп те жүрген жоқ, тапқан да жоқ. Бұлар бақытсыз әрі ақымақ адамдар.
Блез Паскаль

Бақыт емдейтін дертті бірде - бір дәрі емдей алмайды.
Габриэль Гарсиа Маркес

Арада махаббат оты бар неке ғана бақытқа кенелтеді.
Лев Толстой

Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Жан - Жак Руссо

Сүю һәм сүйікті болу қандай орасан бақыт!
Антон Чехов

Құстың ұшу үшін жаралғаны сияқты, адам да бақыт үшін жаралған.
Владимир Короленко

Балалық шақта бақыт алдымыздан күтіп тұрғандай көрінетін, қартайғанда оның тек өтіп кеткендігін сезінумен ғана шектеледі екенбіз.
Марк Твен

Өздерін бақытсыз адам деп есептейтіндер – бақытқа жетуге сәл - ақ қалғанда шыдамай кетіп қалған адамдар.
Ник Вуйчич

Жүректі шын күйдірсе, махаббат азабының өзі де бір қуаныш емес пе? Иә, зор қуаныш. Өйткені жүрек күю үшін шын махаббат, зор махаббат керек. Ал, ондай махаббат жаныңа қанша азап салса да – қуаныш, бақыт.
Ілияс Есенберлин

Бақытта баян жоқ - ұшқан құс тәрізді.
Иүгінеки Ахмед

Бақыт - көктемгі бұлт сияқты: көрген түстей, ұшқан құстай өтеді де шығады.
Иүгінеки Ахмед

Бақыттың жолын білім ашар.
Иүгінеки Ахмед

Бақыт дегеніміз – зор денсаулық пен нашар ес.
Эрнест Хемингуэй

Адамға махаббат қонған кезде жүрегі жерде жоқ элементпен толығады. Оның себебін білесің бе? Бұл бақыттың құпия сыры неде деп ойлайсың? Ол тек жалғыздығымыздың бітуімен байланысты.
Ги де Мопассан

Өмірде еш нәрседен жүрексінбей сүңгіңіз. Ол сізді алдамайды. Өмір керемет картиналары, мыңдаған бөлмесі, жарқыраған жарығы, ақылды, әсем, биязы адамдары бар бір үлкен ғимарат секілді. Ал осы сарайдың ең әдемі жерінде тұру үшін өмірдің барлық өткелдерінен өтуіңіз керек. Ерінбей еңбек еткен адам ғана бақытқа қол жеткізеді.
Александр Куприн

Мен бақытқа бастайтын жолды білмеймін. Бірақ сәтсіздікке ұшыратын жолды білем. Ол – бәріне бірдей жақсы көріну.
Михаил Литвак

Бақ әрбір адамның есігін өмірінде бір рет болсын қағады, алайда, адам осы уақытта "үйінде болмағандықтан" есіктің қағылғанын естімей қалады.
Марк Твен

Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық.
Бауыржан Момышұлы

Орындалған арман - бақыт,
Орындалмаған арман - күйік.
Шерхан Мұртаза

Баласыз адам — бақытсыз адам.
Шерхан Мұртаза

Жақсы бастық – жарты бақыт.
Бауыржан Момышұлы

Бұл өмірдегі ең үлкен бақытыңыз – бақытты балалық шағыңыз.
Агата Кристи

Бақытты іздеп табамын деп байбалам салмай - ақ қойыңыз. Өйткені бақыт деген – сіз. Тек оған жету үшін барлық қырыңызды танытуыңыз керек.
Михаил Литвак

Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты.
Бауыржан Момышұлы

Бақыт дегеніміз – бұл сіздің ойлағаныңыз, айтқаныңыз бен істеген ісіңіздің өзара үйлесімде болуы.
Махатма Ганди

Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты.
Артур Шопенгауэр

Баршаңызға бақыт тілеймін. Мына жүйке жұқартқандай қиын - қыстау күндерде иінді төмен салмай, еңсе көтертер күш - қайрат, мұқалмас жігер, жақсы табыстар тілеймін. Бәрі бір күнгідей болмайды. Сондықтан, арайлап атар әр таңға сеніммен қарайық. Ақжарылқап күндер алдымызда!
Дінмұхамед Қонаев

Арманмен ойнау қауіпті, күйреген арман өмірді бақытсыздыққа душар етуі де мүмкін.
Дмитрий Иванович Писарев
Адам кім болса да еңбек етіп, терге шома жұмыс атқаруы тиіс: өмірдің мәні мен мұраты оның бақыты мен мақсаты осында.
Антон Чехов

Бақыттың базарында шалқу үшін өз жәннатың болуы керек. Ортақ бір жұмақ бәрінің көңілінен шыға қоймайды.
Марк Твен

Сұлулық деген - бақытты уәде ету.
Стендаль Фредерик

Жұбайлар бір - бірінің мінезін зерттеп білмей некенің бақытты болуы екіталай.
Оноре де Бальзак

Бақыт деген екеудің сыбағасы.
Пифагор

Басқаларды бақытты етуге тырыса отырып, өз бақытымызды табармыз.
Платон

Саналы да ерікті еңбек қана адамды бақытқа кенелтеді.
Константин Ушинский

Егер еңбекті таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз.
Константин Ушинский

Саналы әрі еркін еңбек қана адамды бақытпен жарылқайды.
Константин Ушинский

Халқыңызды бақытты еткіңіз келсе, екі нәрсенің біреуін жасауыңыз тиіс. Оларды қанағаттандыратын нәрсені беріңіз: үздік тағам, үздік киім, үздік тұрғын - үй. Егер бұған мүмкіндік болмаса, осы жағдайда жетуге болатын жолды көрсетіңіз.
Ли Куан Ю

Өз бақытын бағалай білмеген адам бақыт­сыздыққа ұшырайды.
Ибн Сина

Бақыт — таңертең жұмысқа баруға асығу, кешке үйге баруға асығу.
Назым Хикмет Ран

Бақыт барын салып еңбектенгенге бұйырады.
Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бақыттың белгісі - білім.
Махмұд Қашқари

Жақсылықты үйреткен мектеп – бақытты мектеп.
Ян Амос Коменский

Кімге мына бес нәрсе берілсе, ол адам бақытты:
- деннің саулығы,
- сенімді болуы,
- ризықтың көптігі,
- мейірімді және сенімді жар,
- сабырлылық сезімі.
Молла Жами

Мемлекеті қорғамаған адам – ең бақытсыз адам.
Мырзатай Жолдасбеков

Бағалай білмеген адам бақытқа жетпейді,
Армандай білмеген адам мұратқа жетпейді.
Аяджан Майя

Бақытты да, табысты да жаулап алу мүмкін емес, ол өзі пайда болуы керек.
Виктор Франкл

Бақыт бір жерде тұрмайды.
Құтып

Ештеңеге қарамастан үйлен. Жақсы әйел түссе бақытты боласың, жаман әйел түссе ойшыл боласың.
Сократ

Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез - құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады.
Әл – Фараби

Тәрбиешінің нағыз данышпандығы – әкенің, шешенің, педагогтың – балаға бақыт беруі. Балалық шақтың бақыты – жылылық пен қорек беретін отбасының тыныштығы.
Василий Сухомлинский

Бай болсам, бақытты болам демес,
Бақытты болсаң, байлықтың өзі кетпес!
Нұрлыхан Сейтханов

Өзімізді бақытсыз деп сезінуіміздің себебі, басымыздағы бақытымызды тірлікпен алысып жүріп байқамауызда.
Дейл Карнеги

Шын азаматтық бақыт пен шын азаматтық қасірет, ең алдымен, өмірлік проблеманың қалай шешілгеніне байланысты.
Әбіш Кекілбаев

Өміріңіз тым қызықсыз болып көрінсе, жаныңызға жақын жұмыс тауып алып, өміріңізді соған арнаңыз. Сонда алыс болып көрініп жүрген бақытыңызды табасыз.
Дейл Карнеги

Бақыт дегеніміз – жақсы денсаулық пен нашар есте сақтау қабілеті.
Альберт Швейцер

Бір күні өлім келетінін мойындай білу керек. Мәңгілік көктемді армандауды доғарсаңыз, жаз бен қыс та бақыт сыйлайды.
Брюс Ли

Мен ұмытылмас мейірімді достарымнан артық бақыт таба алмаспын.
Уильям Шекспир

Біреумен бақытсыз болғаннан гөрі жалғыз жүрген артық.
Мэрилин Монро

Жұлынған гүл сыйлануы тиіс, жазыла басталған өлең - аяқталуы, ал сүйікті әйелің - бақытты, олай болмаса, әлің жетпес тірлікті бастамауың керек.
Омар Хайям

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!
Асқар Жұмаділдаев

Кімде - кім бақытсыздыққа шыдаса, сол бақытты.
Ағзам Суфи Лұқпан

Бақыт тапқыңыз келсе, өзгелердің сізді мойындауы туралы ойламаңыз. Қуанышты өз ішіңізден табуға тырысыңыз. Өз - өзіңізбен бақытты болыңыз.
Дейл Карнеги

Өз тағдырына риза болмағандар басқаның бақытын қызғанады.
Бальтасар Грасиан

Источник: bilimsite.kz
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 2050 бойынша арнайы грант





Комментарии для сайта Cackle