Көркем сөздің құдіреті


Көркем сөздің құдіреті
БҰЙЫҒЫ
1) Тұйық, ұяң;
2) Біртоға, бірқалыпты.
Бұйығу – тұйықтану; бүрісу.
Мысалдар:
1. Ақбілек баяғы емес, өзгерген: өнер тапқан, жетілген, ысылған, әйелдерге көсем болған. Бұрынғы бұйығы, ұялшақ, сызылған, мұңайған Ақбілектің ізі де жоқ.
(Ж. Аймауытов, Ақбілек)
2. Күйеуі мен қонағының алдында әр қозғалысында қысылу, имену бар. Бұйығылау адамдай.
(М. Әуезов, Абай жолы: 2 том)
3. Баяғы бұйығы Сережа қазір соқтаңдай жігіт, әйгілі бір заводта цех бастығы, инженер.
(Б. Соқпақбаев, Жекпе - жек)
4. Сәлден кейін құйын өтіп, ауыл үсті өзінің үйреншікті бұйығы тыныштығын қайта тапты.
(Ә. Нұрпейісов, Қан мен тер)
5. Ғасырлар бойы бұйығып, құпия сырын қымтап, ішіне тартып жатқан жалпақ өлке алтын, күміс болып жарқырайды.
(С. Мәуленов, Жұлдыз жырлар)

Пандемия сөздігі:
Індет жұқтырды. Індет – эпидемич дегеннің синонимі, ол жұқпайды. Жұғатын – вирус, инфекция.
Коронавирусқа тест тапсырды. Коронавирус бар - жоғын тексеретін тест өтті. Коронавирус бар - жоғына тексерілді. Адам тестті тек оқуға түсерде тапсырады, өйткені ол контексте тест – емтиханның синонимі. Өзге уақытта өтеді.
Емделіп шықты. Емделу – процесс, оның нәтижесі – жазылу. Жазылып шықты.
Санитарлық нормалар. Санитария нормалары, санитария талаптары.
Профилактикалық шаралар. Профилактика шаралары.
Маска кию. – Маска тағу.
Ауру табылды. – Ауру (вирус) анықталды.

МАНДУ
Ілгері / алға басу, даму, өнду, үдеу.
Мысалдар:
1. Ал Қытай оянып, мәшине мәдениетін мандытқаннан кейін оның өндірген табысы мейлінше молайды.
(Ж. Аймауытов, Теңсіз, телегей аттаныс /Д. Лондоннан аударма/)
2. Жігіттің енгенімен жүрісі мандыған жоқ. Буындары дірілдеп, тістері сақылдай түсті.
(Ғ. Мұстафин, Көз көрген)
3. Не боп барам осы мен күннен - күнге?
Тіршіліктің мәнісі күн көру ме?!
Ұйықтап кетсем маужырап, қайтер едім,
Мандыта алмай ештеңе жүргенімде?!
(М. Мақатаев, Түйсік)
4. Манағыдай емес, «Запорожецтің» жүрісі мандып, тақ - тақ жолмен құлдырай жөнелді.
(Қ. Жұмаділов, Адамның кейбір кездері)
5. Асқан күнде де, оны тазартатын орталықтың құрылысы мандымай жатыр.
(Ә. Кекілбайұлы, Әділет бар жерде ынтымақ бар)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу