Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық реакция бойынша «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу» 3-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық реакция бойынша «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу» 3-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Шілдехана, бесік той бюджеті: Қанша қаражат керек?

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция бойынша «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу» 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.2.3 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу;
Сабақтың мақсаты:Оқушылар:
-сабақ тақырыбын болжай біледі;
- өнімнің теориялық және практикалық шығымын есептей алады;
- атом тиімділігн есептей алады;
-өз есептеуіне сәйкес өнімді алуда тиімді жағдай ұсынады;

Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу. Олардың сабаққа қатысын тексеру. Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру.
Оқушылардың қызығушылығын тудыру мақсатында мұғалім күрделі сұрақ қояды:
Сіздерге мысты алудың екі химиялық реакциясы берілген. Қай реакцияда өнімнің шығымы жоғарырақ болады?

Мұғалім ой шақыру арқылы оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын және мақсатын ашады.

(М) Мұғалім презентация слайдтарын көрсете отырып,
жоғарыда айтылған мысты алу реакциялары мысалында, оқушыларға атом тиімділігі мағынасын түсіндіреді.

(Э) Практикалық жұмыста мұғалім оқушыларға берілген реагенттермен кез-келген жолмен кез-келген тұз алуды ұсынады. Қорытындысында оқушылар теориялық және практикалық шығымын есептеп, айырмашылығын айту керек.

Мұғалім презентация слайдтарын көрсете отырып,өнімнің теориялық және практикалық шығымын есептеу алгоритімін түсіндіреді.

(Т) Оқушыларға орындауға келесі тапсырмалар беріледі

1. Массасы 120 г темір (ІІІ) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді.Темірдің теориялықпен салыстырғандағы шығымы (%)?

2. 234 г ас тұзына күкірт қышқылымен әсер еткенде131,4 г хлорсутек алынса, хлорсутектің шығымы (%)?

3. 3. 5,64 кг техникалық темір (ІІ) сульфаттын ауада өртегенде, шығымы 75 болған қатты өнімнің (FeO) зат мөлшері (моль) қандай?

(Ө) Оқушылар қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды орындайды

1. 20кг алюминий оксидінен 10 кг алюминий алынды. Реакция өнімі шығымының массалық үлесін анықтаңыз.
2. 4,1 г кальций хлоридінің ерітіндісіне, 4,2 г натрий фосфаты ерітіндісін құйды. Түзілген тұнбаның массасын есептеңіз, егер өнім шығымы 88%-ға тең болса.
3.Құрамында 10% қоспасы бар 64,7 г мырыш сульфидін тотықтырғанда, 12 л газ бөлінді. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің көлемдік шығымын есептеңіз.
4.228 г 20%-дық күкірт қышқылымен мырыштың біраз мөлшерін әрекеттестіріп, 8 л газ алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің көлемдік шығымын есептеңіз.......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жыныстық қатынаспен қанша рет айналысу керек (+18)



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle