Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық элементтер (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық элементтер (Химия, 9 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Махаббат тағдыры!

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық заттардың сапалық реакциясы
Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалынның бояу реакцияларын сипаттау және орындау.
Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарын анықтау үшін сапалық реакцияларды жүргізу.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін келесі әрекеттер арқылы дамыту:
Сапалық және сандық анализді өзара ажыратады.
Тұнба түзетін және тұнба түзбейтін катиондарды анықтай алады.

Стартер (жағымды атмосфера құру, әрі сабаққа ой қозғау)
Оқушылардың зейінін жинақтау үшін отшашу бейнематериалы көрсетіледі.
Мұғалім сұрақ қояды:
«Салют» сөздің мағынасы қандай?
Неміс тілінен – «амандасу»
Италия тілінен – «денсаулық», «амандасу кезінде денсаулық тілейді»
Отшашуды не себептен атады және қай елде алғаш қолдана басталды деп ойлайсыздар?
Б.з.д 12 ғасырда Қытай елінде пайда болды, оны діни рәсім ретінде қолданылды. Европада алғаш рет Италияда пайда болды. Негізінен отшашуды соғыстан жеңіспен оралған кезде атқылаған.
Неліктен отшашу түрлі түсті?
Жасыл – барий, Қызыл – стронций, Көк – мыс, Тоқ сары − кальций
Сары – натрий металдарының тұздарын қолданады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Заттарды анықтау заттардың құрамдық бөліктерін анықтау реакциясына көбінесе ионды анықтауға негізделген
Ой қозғау сұрағы: Отшашу басталу үшін не қажет?
Мұғалімнің түсіндіруі.
Экологиялық мониторинг, өнеркәсіпте, медицинада және сот-медициналық экспертизада істейтін ғалымдар заттарды зерттеп анықтайды. Олардың ішінде катиондарды анықтау үшін екі әдісті жатқызуға болады:
Тұнба түзу реакциясы
Жалынды бояу әдісі
Оқушыларға катиондарға сапалық реакция кестесі таратылады.

Лабораториялық жұмыс:
Li+, Na+, Ba2+, Cu2+, Fe2+, Fe3+ тұздары A, B, C, D, E, F сынауықтарда берілген. Қай сынауықта қандай зат бар екенін анықтау.
Қосымша реактивтер: H2SO4,
а) оқушылар теориялық матрицаны құрады
Катиондар Тұнба түзу реакциясы
(NaOH ерітіндісімен реакция) Жалынды бояу әдісі
Li+ өзгеріс байқалмайды қызыл
Na+ өзгеріс байқалмайды сары
Ba2+ өзгеріс байқалмайды ашық жасыл
Cu2+ көк түсті тұнба түзіледі
артық мөлшерде қою көк түсті тұнба түзеді көк жасыл
Fe2+ жасыл түсті тұнба түзіледі
артық мөлшерде ерімейді сары
Fe3+ қою қоңыр түсті тұнба түзіледі
артық мөлшерде ерімейді сары

Тұнба түзетін реакцияларға молекулалық және иондық теңдеулерді жазады.

б) практикалық матрицаны құрастыру, белгісіз катиондарды анықтау.
Катиондар Тұнба түзу реакциясы
(NaOH ерітіндісімен реакция) Жалынды бояу әдісі

Дескрипторлар:
• «Иондарға сапалық реакция» анықтамалық құралды қолданып, теориялық кесте құрады
• Тұнба түзетін реакциялардың молекулалық теңдеуін жазады
• Тұнба түзетін реакциялардың иондық теңдеуін жазады
• Практикалық матрицада тәжірибедегі бақылауды жазғанда терминологияны дұрыс қолданады
• Белгісіз катиондарды анықтайды......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ас содасының әдемілікке әсері қандай?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle