Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар 1-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар 1-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Бауырды тазартып, артық майлардан арылтатын 3 сусын

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Химиялық реакция жылдамдығы
Сабақ тақырыбы: Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Химиялық реакция жылдамдығына температура өзгерісінің әсерін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру;
- химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әрекетін болжау;
- осы жұмыстар нәтижелерінде алынған өңдеу дағдыларын қалыптастыру (график құру).
Сабақ мақсаттары: 1. Химиялық реакция дегеніміздің мәні түсіну;
2. Химиялық реакция ұғымын сабақ пен күнделікті өмірде қолдана білу;
3. Жылдамдық пен химиялық реакция жылдамдығы ұғымдарының арасындағы байланысты ұштастыра білу және есептеулерде қолдану;
4. Бөлшектер дегеніміз не? Оларға нелер жатады?
5. Бөлшектердің химиялық реакциялардың жылдамдығына қандай қатысы бар? Қарапайым да нақты мысалдар келтіре алу;
6. «Жанасу беті» дегенімізді қалай түсіну керек?
7. «Жанасу бетінің ауданы» сөзі қандай заттар жағдайда қолданылуы мүмкін?
8. «Бөлшектер» дегенде нені түсінеміз;
9. Химиялық реакция жылдамдығына әрекеттесуші заттардың жанасу бетінің ауданы қалай әсер етуі мүмкін?
Практикалық жұмыс бойынша:
- Әрбір жасалынуы міндетті жұмысты әрбір жұмысты мүмкіндігінше өзі істеп көру;
- Дұрыс болжам жасау және көрсетілген алгоритм бойынша жүріп, қорытынды жасау;
- ТҚЕ мұқият сақтау;
- Өздерінің білгендерімен бөлісу.
Кәсіби мақсат. Деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылы дарынды оқушылардың зерттеушілік-шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушыларға жаңа сабақтың оқу мақсатын таныстырмастан бұрын алдыңғы сабақта өтілген оқу мақсаты қайталанып өтіледі. Алдыңғы және бүгінгі сабақ өзара тығыз байланыста болғандықтан ол өте маңызды.
Үй тапсырмасын сұрауда оқушылардың пәндік білім деңгейлері, олардың химия пәніне деген қызығушылықтары (олимпиадалық дайындық тобындағы оқушылар) ескеріледі.
Оқушылардан сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар:
І деңгейлі тапсырмалар (білу мен түсіну):
1. Жылдамдық дегенді қалай түсінесіз (физика пәні бойынша да) ?
2. Химиялық реакция дегеніміз не?
3. Химиялық реакцияның жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?

ІІ деңгейлі тапсырмалар:
1. «Әрекеттесуші заттардың табиғаты» дегенді күнделікті өмірден немесе химия пәнінен қандай нақты мысалдар арқылы жазып түсіндіре аласыз?
2. «Концентрация» ұғымын химиядан тыс қалай сипаттауға болады?
3. Гомогенді және гетерогенді реакцияларға мысалдар келтіріп, олай аталу себептерін түсіндіріңіз.
4. Химиялық реакцияның жылдамдығының артуын бөлшектер теориясы бойынша қалай түсіндіруге болады?

Жоғарыдағы сұрақтар мен тапсырмалар талқыланып болғаннан соң оқушыларға жаңа сабақтың оқу мақсаты таныстырылады.

Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:
Химиялық реакция жылдамдығына температура өзгерісінің әсерін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру;

- химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әрекетін болжау;
- осы жұмыстар нәтижелерінде алынған өңдеу дағдыларын қалыптастыру (график құру).

Осы жоғарыдағы оқу мақсатына жету жолында қандай іс-әрекеттер жасау мүмкіндігі оқушылардан сұралып, бірлесе отырып сабақтың мақсаттары анықталады (мүмкін болатын сабақтың мақсаттары):
1. Химиялық реакция дегеніміздің мәні түсіну;
2. Химиялық реакция ұғымын сабақ пен күнделікті өмірде қолдана білу;
3. Жылдамдық пен химиялық реакция жылдамдығы ұғымдарының арасындағы байланысты ұштастыра білу және есептеулерде қолдану;
4. Бөлшектер дегеніміз не? Оларға нелер жатады?
5. Бөлшектердің химиялық реакциялардың жылдамдығына қандай қатысы бар? Қарапайым да нақты мысалдар келтіре алу;
6. «Жанасу беті» дегенімізді қалай түсіну керек?
7. «Жанасу бетінің ауданы» сөзі қандай заттар жағдайда қолданылуы мүмкін?
8. «Бөлшектер» дегенде нені түсінеміз;
9. Химиялық реакция жылдамдығына әрекеттесуші заттардың жанасу бетінің ауданы қалай әсер етуі мүмкін?

Практикалық жұмыс бойынша:
- Әрбір жасалынуы міндетті жұмысты әрбір жұмысты мүмкіндігінше өзі істеп көру;
- Дұрыс болжам жасау және көрсетілген алгоритм бойынша жүріп, қорытынды жасау;
- ТҚЕ мұқият сақтау;
- Өздерінің білгендерімен бөлісу.

Бұл жоғарыда көрсетілген оқу мақсаттары мұғалімнің ұсынған нұсқасы, оқушылар тарапынан айтылған идеялар да мұқият ескеріледі. Тыңдалынады. Осы екеуінің бірге ескеріп, ең оптималды нұсқасы таңдалынып оқушылардың жұмыс дәптерлеріне жазып алынуы бақыладаны. Оқушыларға осы критерийлер бойынша сабақ өтілетіні, сабақ барысында да осы критерийлердің басшылыққа алынатыны айтылады........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
ҮНДЕМЕУДІҢ ӨЗІ ҮЛКЕН ӨНЕГЕ



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle