Энергетикалық деңгейлер 2-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

 Энергетикалық деңгейлер 2-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атомда электрондардың орналасуы
Сабақ тақырыбы: Энергетикалық деңгейлер 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.1.3.4 алғашқы 20 элементтің электрондық конфигурациясы мен электронды-графикалық формулаларын жаза білу.
Сабақтың мақсаты: - алғашқы 20 элементтің электрондық конфигурациясы мен электронды-графикалық формулаларын жазады.
- электрондық конфигурация негізінде элементтердің периодтық жүйедегі орнын сипаттайды.

1. Ұйымдастыру сәті.
2. Психологиялық ахуалды жақсарту үшін оқушылармен «Атомдар мен молекулалар» ойыны ойнатылады. Кездейсоқ санмен оқушылар 4-5 адамнан тұратын топтарға біріктіріледі.
3. Сосын сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтылады.
Еске түсірейік...
Оқушыларға сұрақтар беріледі, олар сұрақтарға жауап береді. Қажетінше кері байланыс беріліп отырады.
Атомдағы электрондардың жалпы саны неге тең?
Энергетикалық деңгей деген не?
Энергетикалық деңгейлерлің санын қалай анықтауға болады?
Сыртқы электрон қабатындағы электрондар санын қалай анықтауға болады?
Есте сақтайық…
Соңғы электрондық қабатта орналасқан электрондар «сыртқы электрондар» деп аталады.
Негізгі топта орналасқан химиялық элемент атомдарының сыртқы электрон қабатындағы электрондар саны топ нөміріне сай келеді
Топтық жұмыс. 1-тапсырма
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды. Жауабы тақтаға шығарылады.
Тапсырма 1-нұсқа 2-нұсқа
1. Берілген деректер бойынша элементті анықта а) 2e 8e 3e
ә) 2e 1e
б) 2e 8e 8e а) 2e 4e
ә) 2e 8e 7e
б) 1e
2. Элементті периодтық кестедегі орны бойынша анықта а) 2-период
3-топ, негізгі топша ә) 5-период
1-топ, қосымша топша а) 4-период
3-топ, қосымша топша
ә) 2-период
6-топ, негізгі топша
Жеке жұмыс. Оқушыларға электрондық қабаттар, элеткрон бұлты туралы және электрондық конфигурацияны құрастыру алгоритмі беріледі. Содан соң оқушылар мұғалімнің көмегімен реттік нөмірі1-20 элементтердің электрондық формулаларын жазады. Топтар әрбір жазылған формуланы презентациядағы ақпарат арқылы тексеріп отырады.
Электрондық қабат
-Электрондық қабат ядроның айналасындағы барлық электрондардың жиынтығы;
-Әрбір электронның электрон қоры және өзінің қозғалу траекториясы болады;
-Электрондар ядродан әртүрлі арақашықтықта орналасқан: электрон ядроға жақын болған сайын ол онымен күштірек байланысқан, оны электрондық қабаттан жұлып алу қиынырақ;
-Ядродан алыстаған сайын электрондардың энергия қоры артады, бірақ ядромен байланысы кемиді.
Электрондық формулаларды құру алгоритмі
Химиялық элемент пен оның атомының ядро зарядын жазамыз, ол элементтің реттік нөміріне тең.
Энергетикалық деңгейлердің (период нөміріне сай келеді) және әр деңгейдегі электрон санын анықтаймыз.
Әрбір деңгейдің толтырылу ретіне сай электрондық формуланы құрастырамыз, алдымен s-электрондар, сосын р-электрондар: деңгей нөмірі, орбиталь түрі мен ондағы электрондар саны.......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий