Сабақ жоспары (ұмж): Кинематика. Есептер шығару. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Кинематика. Есептер шығару. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Пайдалы Kеңестер

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Айналмалы қозғалыс
Сабақтың тақырыбы: Кинематика. Есептер шығару.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): түзу сызықты бірқалыпты, теңайнымалы қозғалыстағы дене үшін және гравитация өрісіндегі дененің еркін түсуі үшін кинематикалық теңдеулерді қолданып, есептер шығару
центрге тартқыш үдеудің пайда болу себебін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренуі тиіс:
Қисықсызықты қозғалыс сипаттамаларын біледі
Оқушылардың көбісі үйренуі тиіс:
Қисықсызықты қозғалыс сипаттамаларын есептер шығаруда қолданады
Кейбіреулер оқушылар үйренуі тиіс:
Өз бетінше есептерді шығарады

Оқушылармен амандасу, қатыспағандарды белгілеу.
Оқушыларды
- сабақтың мақсатымен
-бағалау критерийлерімен таныстыру

Тақырыпты түсіндіру
Қисықсызықты қозғалыс – дененің қисық траектория бойымен қозғалысы.

Бейнематериалды қарау

Қисықсызықты қозғалысқа жатады: Ай қозғалысы, Жердің серіктерінің қозғалысы, Сатурнның сақиналары, аттракциондар, шеңбер бойымен қозғалысы, көпір бойымен қозғалысы, сағаттың жүруі.

Негізгі сипаттамалар:

Есептер шығару.
№1. Цирк аренасында ат 1 минутта 2 айналым жасайды. Аренаның радиусы 6,5 м. Айналу периоды мен жиілікті, жылдамдық пен центрге тартқыш үдеуді
№2. Сепаратор барабанының бұрыштық жылдамдығы 900 рад/с. 15 с ішіндегі барабанның бұрыштық орын ауыстыруын анықтаңдар.
Сабақтың соңында оқушылар рефлексины жүргізеді:
"Үш М"
Оқушылар сабақ барысындағы ең жақсы ұш моменттерді және келесі сабақтың жұмысын жақсартуға көмектесетін бір әрекетті а тауды сұраңыз.

Оқушылармен амандасу, қатыспағандарды белгілеу.
Оқушыларды
- сабақтың мақсатымен
-бағалау критерийлерімен таныстыру

Есептер шығару:
№3. А, В, С, D нүктелеріндегі жылдамдықтың және удеудің бағыттарын көрсетіңіз, егер дөңгелек айналады:
а) сағат тілімен;
б) сағат тіліне қарсы.
№4. Радиусы 50 см және бұрыштық жылдамдығы 4π рад/с дөңгелек 100 айналымды қандай уақытта жасайды? Сызықтық жылдамдығы неге тең болады?
№5. Аттракцион ұшағы кабинадағы адамды ұстау үшін қандай минималды жылдамдықпен қозғалу керек? Ұшақ радиусы 10 м шеңбер бойымен қозғалады.

Формативті бағалау

Сабақтың соңында оқушылар рефлексины жүргізеді:
"Үш М"
Оқушылар сабақ барысындағы ең жақсы ұш моменттерді және келесі сабақтың жұмысын жақсартуға көмектесетін бір әрекетті а тауды сұраңыз......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Бас ауруы,себептері мен емі



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle