Күш.Күштерді қосу.Ньютон заңдары 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

 Күш.Күштерді қосу.Ньютон заңдары 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика
Сабақ тақырыбы: Күш. Күштерді қосу. Ньютон заңдары 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Масса дене инерттілігінің өлшемі екендігін түсіну;
Ньютон заңдарының тұжырымдамасын білу және түсіну;
Үдеу мен тең әсерлі күштің бір жаққа бағытталғанын түсіне отырып, F=ma теңдеуін пайдаланып есепті шешу;
Оқушылардың күш-үдеу, үдеу-масса тұрғысындағы білімін тереңдету,іздену дағдысын қалыптастыру;
Күш егер де тірек немесе аспа үдемелі қозғалса, дененің салмағын есептей білу.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:
Ньютон заңдарының тұжырымдамасын жасайды;
Заңға байланысты теориялық білімдерін өмірмен байланыстыра алады;
Өз түсінігімен заңдылықтардың қолдану аясына,мысалдар келтіру арқылы түсінік бере алады;
Есеп шартын талдау, шығару жоспарын құру және оның тапсырмаға сай жауабын алады.
Жартысын көп оқушылар:
Берілген оқу мақсатына(видео,анимацияға,тапсырмаға т.б.) сәйкес математикалық өрнегін қорытып шығарады.
Кейбір оқушылар:
Заңның қолдану аясын анықтап, оны өмірдегі маңыздылығын сипаттайды.

Сұрақ жауап білімдерін тексеру
1) Күш дегеніміз не? Ол скаляр немесе векторлық шама ма?
2) Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде туындайтын күштердің табиғаты туралы не айтуға болады?
3) Екі дененің өзара әректтесуі кезінде пайда болатын күштер бірін-бірі теңгере алады ма?
4) Қорытқы күш дегеніміз не?
Бұл сұрақтарды жалпы сыныпқа арнап қоюға болады немесе жеке топтарға тапсырма ретінде ұсынып өз ой-пікірлерін жеткізуге жағдай жасауға да болады.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Оқушылар жеке топпен жұмыс атқарады.
I.Күш.Күштің түрлері.
1. Интернет жүйесін қолдана күш,күштің түрлері бойынша ақпарат жинап әрбір қатар бойынша пікір бөлісу(әрбір қатар өздерінің білімдерін ортаға салып,сыныптастары мен бөліседі.
2. Жұмыс барысында осы жинаған мағұлматтарын жүйелеу ұсынылады
3. Мысалы: Күш-түрлері-анықтамасы-белгіленуі-формуласы.
Оқушылар топ-тобымен ұсынылған таблицаға сай өз мәліметтерін тұжырымдап анықтама беріп,таблицаны толтырады. Оқушылар топ ішіндегі жұмыстарын басқа топтармен бөліседі. Әр топтан бір немесе екі оқушы келесі топқа тусіндіреді

№ Күштің түрлері Жазылуы/ Формуласы Мысалдар Бағалау
1-3 ұпайға дейін

Мұғалімнің іс-әрекеті: Кеңес беру, бағыттау,оқушыларға сұрақтар қою.
Жалпы берілген тапсырманы қортындылау үшін. Презентатцияны қолдану.
Төмендегі күштер туралы ақпаратты оқушыларға қосымша ақпарат ретінде,оқушы әр жерден іздеп уақытын шығындамау үшін беру ұсынылады. Кинематикада денелердің әртүрлі механикалық қозғалыстары олардың қозғалысының себептері ескерілмей қарастырылды. Ал денелердің өзара әрекеттесу заңдарын зерттейтін механиканың бөлімі динамика деп аталады. Динамиканың негізгі заңдарын ұлы ағылшын ғалымы Исаак Ньютон тұжырымдаған және бұл заңдар оның атымен аталады. Динамиканың негізгі заңдарының ашылуы ғылым тарихындағы ең бір келелі кезең болып табылады. Оның 1687 ж. шыққан «Натурал философияның математикалық бастамалары» кітабында тұжырымдалған үш заңының көмегімен кез келген дененің: жүйткіген машиналардың, теңізде жүзген кемелердің, ауада ұшқан ұшақтардың, ғарыш кемелері мен жасанды серіктердің, құламалардан аққан сулардың, соққан желдің қозғалыс сипаты түсіндіріледі. Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады. Бұл өзімізге таныс инерция заңы, бұл заңды Ньютонның бірінші заңы деп те атайды. Ньютонның бірінші заңы инерциялық санақ жүйесі. Денеге басқа денелер әрекет етпегенде немесе олардың әрекеті теңгерілгенде, дене бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын санақ жүйесі инерциялық санақ жүйесі ретінде алынады. Денелердің механикалық қозғалысын зерттеу барысында ауырлық, серпімділік, үйкеліс күштерімен таныс болдыңдар. Осы күштерге қысқаша тоқтала өтейік. Ауырлық күш деп денелердің Жерге тартылу күшін айтады. . Бұл күштің әсерінен денелер жерге құлайды. Денелердің ауырлық күшінің әректінен ғана қозғалуын еркін түсу деп атайды. Серпімділік күші деп дененің пішіні менкөлемі өзгерген кезде пайда болатын күш. Бұл күш денелерді қысу, созу, майыстыру немесе бұрау кезінде пайда болады. , бұл формула Гук заңын өрнектейді.Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады. Тіректің реакция күші деп тіректің денеге әрекет ететін серпімділік күшін айтады. Табиғатта үйкеліс күші үш түрде көрініс табады: сырғанау үйкелісі, домалау үйкелісі, тыныштық үйкелісі. Дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әректтің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы күш деп атаймыз.Теңәрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 038



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі