Сабақ жоспары (ұмж): Ньютон заңдары 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Ньютон заңдары 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Көгерген нан: тастаған жөн бе әлде кесіп жеген дұрыс па?

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика
Сабақ тақырыбы: Ньютон заңдары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - Ньютон заңдарының тұжырымдамасын білу және түсіну;
- масса дене инерттілігінің өлшемі екендігін түсіну;
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы:Ньютон заңдарының тұжырымдамасын біледі және түсінеді;
Көптеген оқушылар:Ньютон заңдарына есептеулер жүргізе алады;
Кейбіреуі:Ньютон заңдарына мысалдар келтіріп талдай алады.

W сыныппен жұмыс
активити
1.Тыныштықта тұрған доп.
2.Допты қозғалысқа келтіреміз қолымызбен әрекеттесу арқылы.
Бастапқы білімді еске түсіру үшін оқушыларға сұрақ:
1.Нені байқадыңдар?
2.Нені бақыладыңдар.
3.Бақылаған кезде байқаған өзгерісті түсіндіруді сұраймыз.

Оқушылардың жауабын тыңдай отырып жаңа тақырыпты бастаймыз.
Жаңа материал
Ньютонның бірінші заңы

Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады. Осы инерция заңын – Ньютонның бірінші заңы деп атайды.

Ньютонның бірінші заңы орындалатын санақ жүйесі инерциялық санақ жүйесінде деп аталады.
Мысалы инерциялық санақ жүйесiне - гелиоцентрлiк санақ жүйесi жатады.
Кез-келген үдеумен қозғалатын санақ жүйесi инерциялық санақ жүйесi болып табылмайды.
Жаңа материалды бекітуге тапсырмалар:
1.Салт атты шауып келе жатыр.Егер ат сүрініп кетсе немесе оқыс тоқтаса,онда қандай жағдай байқалуы мүмкін?
2.Неліктен сүрініп кеткен адам алға қарай құлайды?
3.Автомобильмен санақ жүйесі байланысқан.Қандай жағдайларда ол инерциялық санақ жүйесі болады:
а)автомоьиль аялдамада тұр;
b)автомобиль бағдаршамға жақындағанда жылдамдығын азайта бастады;
с)автомобиль тас жолдың түзусызықты бөлігінде бірқалыпты қозғалып келе жатыр.

Жаңа материал
Ньютонның екінші заңы


Ньютонның 2 заңы:
Дененің алатын үдеуі оған түсірілген күшке тура пропорционал және оның массасына кері пропорционал:

Бұл теңдеу динамиканың негізгі теңдеуі.
Си жүйесінде күш бірлігіне ньютон алынған. Ньютон – бұл массасы 1кг денеге 1с ішінде 1м/с2 үдеу тудыратын күш........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жасөспірім қыздарға кеңес



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle