Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

 Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сақталу заңдары.
Сабақ тақырыбы: Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.1.4.1 – сақталу заңдарын есептерде қолдану.
Сабақ мақсаттары: денелер арасындағы әрекет кезінде импульс сақталса да, әдетте кинетикалық энегияның кейбір өзгерістері жүріп жататындығын түсінуді көрсету;
бір кеңістіктегі екі дене арасындағы серпімді және серпімсіз соқтығысуларды қоса алғанда, қарапайым есептерді шығаруда импульстің сақталу заңын қолдану (қалпына келу коэффициентін білу талап етілмейді);

Психологиялық дайындық. Үйымдастыру кезені.
(Ж)Жеке жұмыс.
1. Егер допқа суретте көрсетілгендей 0,02с –та 40Н күш әсер етсе доп қандай күш импульсін алады? [1]


2. Массасы 2 кг дене тыныштықта тұрған массасы 3кг екінші денеге 20 м/с жылдамдықпен серпімсіз соқтығысса,соқтығысқаннан кейін денелердің қозғалу жылдамдығы қандай? [1]

(T) Оқушылар серпімсіз соқтығысуды қамтитын қарапайым есептеулер мен тәжірибелерді оңай жүргізетіндіктен, мұғалім тиісті сандық мысалдар арқылы кинетикалық энергия шығынын көруге болатындығына оқушылардың назарын аударады. Талқылаулар осы энергия шығынының көп бөлігі жылуға кететінін көрсетуі тиіс.

3. Қатаңдығы 40кН/м серіппені 0,5 см-ге созу үшін қандай жұмыс жасау керек? [1]

4. Егер дененің импульсі 10 кг м/с, жылдамдығы 5м/с болса, кинетикалық энергиясы:

5. Суретте көрсетілгендей массасы 1кг білеуше биіктігі 3м көлбеу жазықтықтан үйкеліссіз сырғанап қатаңдығы 240 Н/м серіппемен соқтығысады.Серіппе сығылуын есептеңіз.(g=10м/с2) [4]

6. 250 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 20 г оқ, массасы 480г тыныштықта тұрған білеушеге тиіп сонда қалып қояды.
a) Білеуше қандай жылдамдық алады?
b) Соқтығысудың түрін анықта

7.Массасы 30т ғарышкемеден массасы 1,5 т отын 1000м/с жылдамдықпен шыққаны белгілі болса, ғарышкеме жылдамдығын есептеңіз:

8. Суретте екі А және В арбашаларының соқтығысқа дейінгі және соқтығыстан кейінгі күйлері көрсетілген. В арбашасының соқтығыстан кейінгі жылдамдығы қандай болады?........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 519



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі