ZHARAR | KZ | Сабақ жоспары | Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) | Күш. Күштердің қосындысы. Ньютон заңдары 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Күш. Күштердің қосындысы. Ньютон заңдары 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

 Күш. Күштердің қосындысы. Ньютон заңдары 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика
Сабақ тақырыбы: Күш. Күштердің қосындысы. Ньютон заңдары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.2.1 – Ньютон заңдарын түсіну және теңәсерлі күшті анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар Ньютон заңдарын түсінеді және бірқалыпты (Ньютонның бірінші заңы) немесе теңайнымалы (Ньютонның екінші заңы) қозғалыс үшін теңәсерлі күшті анықтайды.

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ұйымдастыру кезеңі. Оқу мақсатымен танысу.

Активити
Тапсырма: Анимацияны көргеннен кейін «инерция» ұғымының мағынасын ашыңыз
Анимация көру (3 бет)

Оқушылар анықтама береді:
«Инерция» ұғымына анықтама беріңіз

Инерция (лат. іnertіa – әрекетсіздік), материялық денелердің механикадағы Ньютонның 1-және 2-заңдарында көрініс табатын қасиеті. Денеге сыртқы әсерлер (күштер) болмаған кезде немесе олар теңгерілген кезде, инерция дененің инерциялық санақ жүйесі деп аталатын жүйеге қатысты өзінің қозғалыс күйін немесе тыныштығын сақтайтындығынан білінеді.

Күштер
Бейнематерилды көру (0 – 58с)
Сұрақтарға жауап беріңіз:
- Қозғалыстың себебі не болып табылады?
- Қай күш дененің тыныштықта тұруына мүмкіндік береді?

Жұптық жұмыс.
Тапсырма:
Біз кинематикадан келесі механикалық қозғалыс түрлерін білеміз:
- Түзусызықты бірқалыпты
- Түзусызықты теңайнымалы
Динамиканың үш негізгі заңы бар – Ньютон заңдары. Олар денелердің қозғалысын сипаттайды.
Тапсырма: «Динамика» бөлімі қандай үш сұраққа жауап беретіндігін ойланыңыздар?

Жауаптарыңызды төменде келтірілген жауаптармен салыстырыңыздар (өзін-өзі бағалау):
1. Неге денелер қозғалады? (Ньютонның үшінші заңы)
2. Неге денелер тыныштықта болады немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалады? (Ньютонның бірінші заңы)
3. Неге денелер үдемелі қозғалады? (Ньютонның екінші заңы)

Ньютонның бірінші заңы.
Материалды қарау және талдау. Анимация (4 бет)

Ньютонның І заңының тұжырымдалуын жазыңыз.
Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады деген қорытындыға келген болатын. Бұл — инерция заңы. И. Ньютон инерция заңын механика негізіне енгізді, сондықтан бұл заңды Ньютонның бірінші заңы деп атайды.

Тапсырма: Ньтонның заңдарына шектеулер бар ма? Егер болса, оны тұжырымдаңыздар.

Осы сұраққа жауапты келесі анимацияны көргеннен кейін аласыздар. Анимация (3 бет 0:31- соңына дейін)

Инерциалды санақ жүйесінің анықтамасын беру:

Инерциалды санақ жүйелері (ИСЖ) - дене тыныштықты немесе бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс болатын санақ жүйелері. Бұл жүйенің бар болуы жөніндегі тұжырымды Ньютонның І заңы түрінде белгілі.

Түсіндіру суреті.

I Тапсырма: сурет бойынша Ньютонның бірінші заңының математикалық (векторлық және скаляр түрде) түсіндірілуін жазыңдар.
(Жазу және түсіндірілу тақтада жасалады)

Ньютонның екінші заңы.
Бейнематериалды көру (1:35-1:57)
Ньютонның екінші заңының анықтамасын жазыңыз.
Инерциалды жүйелерде материалдық нүктенің алатын үдеуі, оны тудыратын күшке тура пропорционал, бағыты бойынша бағыттас және материалдық нүктенің массасына кері пропорционал ........
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Рекомендуем

Последние комментарии
Іңкәр - Сегодня, 02:59
Анашым, мама

Іңкәр

Омар Абдуррахман - Вчера, 21:33
Орыс тілі (русский язык) (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

5 сынып орыс тілі бжб

Гость demo - Вчера, 19:48
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

ааа

Даржан - Вчера, 19:36
Саналы ұрпақ - жарқын болашақ

Саналы ұрпақ -ол жастайынан ұлтының бар болмысын бойына жинаған,елдің өсіп,өркендеуіне деген қадамдарын нық әрі,

багжан - Вчера, 19:22
Қазақ тілі Т1 (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

маган казак тили керек еди 8сынып бжб 1 токсан

Гость Самал - Вчера, 19:19
Информатика (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Ақниет - Вчера, 17:56
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған да керек бар болса бере аласыздар ма☺

Гость Асем - Вчера, 15:43
Мұқағали Мақатаев (Қазақстан)

казакстан

Жансель - Вчера, 15:20
Абай Құнанбаев (Желсіз түнде жарық ай)

Өлең күшті және әдемі

Гость Назерке - Вчера, 14:51
Өмірлік мәні бар кеңестер

Памаги