Сабақ жоспары (ұмж): Дененің импульсі. Дененің импульсінің сақталу заңдары. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Дененің импульсі. Дененің импульсінің сақталу заңдары. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Өміріңізді өзгертетін 20 дағды

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақ тақырыбы: Дененің импульсі. Дененің импульсінің сақталу заңдары.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.4.1 – сақталу заңдарын біледі
Сабақ мақсаттары: Дененің импульсі, күш имппульсі, тұйық жүйе, абсолют серпімді соққы, абсолют серпімсіз соққы, ұғымдарын қолданады; импульстің сақталу заңын біледі.

1 сабақ
1.Ұйымдастыру кезеңі

W Активити.
Видео 3.15 – 3.18 с

Тапсырма: бақылауларыңды жазып, талдау жасаңдар.
Қорытынды: күнделікті өмірде біз денелердің әсерлесуін жиі бақылаймыз және бұл жағдайларда әсерлесу өте аз уақытты құрайтындықтан, одан механикалық қозғалыстың сипаттамаларын, әсерлесу энергиясын анықтау мүмкін емес.

Жаңа ақпарат

W Ұғымдарды енгізу:
Импульс (қозғалыс мөлшері) – дененің механикалық қозғалысының өлшемі болып табылатын векторлық физикалық шама.
Күш импульсі – күштің, осы күш әсер ету уақытына көбейтіндісіне тең, берілген уақыт аралығында күштің денеге әсер ету өлшемі болып саналатын векторлық физикалық шама.
Абсолют серпімсіз соққы – соққы нәтижесінде денелер бірігіп, одар әрі біртұтас дене ретінде қозғалатын екі дененің соқтығысуы. Механикалық энергияның бір бөлігі соқтығысатын денелердің ішкі энергиясына ауысады.

Абсолют серпімді соққы – соққыдан кейін әрбір дене жеке қозғала бастайды. Тұйық жүйенің импульсі мен кинетикалық энергиясы сақталады.

Тұйықталған жүйедегі өзара әсерлесетін екі денені қарастырылады. Ньютонның үшінші заңы бойынша

Егер екі денеге t уақыт аралығында бірдей күшпен әсерлесетін болса, онда импульстар модулі бойынша тең бағыты бойынша қарама-қарсы бағытталады:

мұндағы және –бастапқы уақыттағы импульстер,
және – әсерлесудің соңындағы импульстар: Осы қатынастан:

Есептер шығару
1. Сіздің қолыңызда үрленген шар бар және оның ауызы байланбаған. Егер шариктің жібере салса не болады?
2. Массалары 2 және 6 кг болатын екі серпімсіз дене бір-біріне қарама-қарсы бағытта әрбіреуі 2 м/с жылдамдықпен қозғалып келеді. Соқтығысудан кейін осы денелер қандай жылдамдықпен және қалай қарай қозғалады?
3. Горизонталь жолмен 0.2 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан, массасы 50 кг вагонетканың үстінен 200 кг ұсақталған тас төкті. Осы кездегі вагонетканың жылдамдығы қандай және қаншаға кеміген?
4. 0.3 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан, массасы 20 т вагон, екінші 0.2 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массы 30 т вагонға жетіп алады. Егер соққыны серпімсіз деп есептесек, онда вагондардың жылдамдығы қандай болады?........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Дұға: Көлікке мінгенде және Жолға шыққанда



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle