ZHARAR > KZ > Сабақ жоспары > Әртүрлі заттар түрін топтау

Әртүрлі заттар түрін топтау

Мақсаты: Заттарды саны бойынша салыстыру дағдыларын қалыптастыру.
Бір - бірінің үстіне қою және жанына қою тәсілін қолдана отырып, заттар тобын санына қарай салыстыру. Қарапайым математикалық ұғымдарды еске түсіре отырып білімдерін пысықтау, алғырлыққа, өз ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үйшік, пішіндер макеті, фланелеграф тақтасы, слайд.
Жүру барысы: Сәлеметсіздер ме, балалар, қайырлы күн! Көңіл - күйлеріңіз қалай? Олай болса бүгінгі ашық оқу қызметімізді әнмен бастасақ. «Санау әні»
Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Мына шарларды ала келдім.
- Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
- Қане, атап шығайық....
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?
- Бұл шардың түсі қандай мезгілді білдіреді?
  Қыста жер қандай болады?

  Сары шарды көрсету. Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?
- Жасыл шарды көрсету. Бұл түс шөптердің түсі сияқты. Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады. Ағаштар бүршік жара бастайды.

- Қызыл шарды көрсету. Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді? Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?
- Балалар түстерін білдік енді сиқырлы шардың ішінде не бер екенін білгілерің келе ме? Қане, шарды кім жарады?
- Балалар бізге шардың ішінде жасыруға жұмбақтар берілген екен. Жұмбақ шешіп көрейік.
1. Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым......... дөңгелек
2. Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме,
Бірден білер құлақ асқан сөзіме (үшбұрыш)
3. Теледидар таныс екен баршаға,
  Ал пішінім ұқсайды ғой.....(шаршыға)
4. Ұзартылған домалақ.
Соңым жоқ, басым жоқ
Енді бірде жапалақ.
Мен жұмыртқамын, айнамын
Мен осындай пішінмін. (сопақша)

Дұрыс таптыңдар балалар, Жұмбаққа өте жүйрік екенсіңдер.
Экранға назар аударайық. (Слайд бойынша балаларға түсіндіру)
Үлкен - кіші, жоғары - төмен, ұзын - қысқа, сандар, пішіндер туралы білімдерін еске түсіру.
Балалар, сендер дұрыс санауды білесіңдер ме?
Ендеше сандар туралы тақпақтарымыз бар, тыңдайық!
Аймира
Мені келсе білгің,
Мен таяқша бірмін.
Сандарға жол бастап,
Ең бірінші тұрамын.
Рамазан
Бірден кейін тұрамын,
Бірден кейін тұрағым
Бірді бірге қосқанда,
Мен шығамын қарағым.
Димаш
Екіден соң әрқашан,
Үшінші мен тұрамын.
Қағазға сызып түсірсең,
Екі ирек саламын.
Раяна
Үш қашанда тақ саны,
Жұп болғанға не жетсін.
Төрт дегенің баяғы,
Төрт түліктің аяғы.
Айзере
Төртен кейін бесті,
Білу оңай десті.
Төртеуін бүгіп санасаң,
Табасың оңай бесті.
Сергіту сәті «Аңқайма, қайтала»
Қане, достым аңқайма,
Менен кейін қайтала.
Бір - тұрамыз созылып
Екі - еңкейіп, керіліп
Үш - шапалақ соғамыз,
Басымызды шайқаймыз,
Төрт десе қол көтеріп,
Бес десе қол бұлғаймыз.
Балалар, сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?
Қандай ертегілер білесіңдер?
Ендеше, мына үйшікте «Үйшік» ертегісіндегі тышқан отыр екен. Оның сендерге бірнеше тапсырмасы бар. Орындауға дайынсыңдар ма?
1 - тапсырма
Етіктер жыртылып қалды, енді олардың әр қайсысына сәйкес келетін жамауды табуымыз керек. Ол үшін пішіні жағынан етіктің жыртығына сәйкес келетін жамауды сәйкестендіріп орналастыр.
2 - тапсырма
Қарындаштың бірі Мақсатта, екінші Ғабитте. Балалардың қолында неше қарындаш бар? Жауабын цифрмен көрсет
3 - тапсырма
«Себетке жина»
Қоянның бірнеше сәбіздері бар, ал кірпінің алмалары бар. Сендер, қоянның себетіне сәбіздерді, кірпінің себетіне алмаларды салуларыңыз керек. Бірақ олардың саны себет сыртындағы санға сәйкес болуы қажет.
4 - тапсырма
«Ненің баласы?»
Тақтада жануарлар және олардың балалары орналасқан. Сәйкесінше әр жануардың баласын қасына қою қажет. Қайсысы үлкен, қайсысы кіші екенін ажыратып айтып бер. Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.
5 - тапсырма
«Орнын тап»
Өзендегі судың төменгі жағына балықтарды орналастыр. Ал тасбақаны судың жоғарғы жағына орналастыр.
Қорытынды:
Балалар, бүгін қандай тапсырмаларды орындадық, қане, есімізге түсірейік.
Біз енді пішіндерді білеміз. (Бірге қайталау)
1 - ден 5 – ке дейін тура және кері санаймыз. (Бірге қайталау)
Жыл мезгілдерін білеміз.
Апта күндерін білеміз.
- Жарайсыңдар, балалар, ендеше бүгінгі оқу қызметтен алған әсерімізді көрсетейікші. Бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық!


Атырау қаласы, "Зейнеп-Амина және балапандар" бөбекжай-балабақшасы
Ересек топ тәрбиешісі: Жумагалиева Мая Куангалиевна
ҚМҰҚ, ашық оқу қызметі "Әртүрлі заттар түрін топтау"


Источник: bilimdiler.kz

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Гость аружан - Сегодня, 17:46
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

маганда барма пжж

Гость Айша - Сегодня, 17:18
Орыс тілі (русский язык) (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Скачать бесплатно, без регистрации и без регистрации и без регистрации и без регистрации и без регистрации и без

Шымырьаева Жанар - Сегодня, 17:11
Қазақ әдебиеті (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Әдебиет 8 сынып бжб 1 тоқсан бар ма пжжжжжж

Гость бота - Сегодня, 17:07
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

казакстан тарих тжб керек

айтгүл қаслабай - Сегодня, 16:45
Орыс тілі (русский язык) (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

маған 4сынып орыс тілі соч керек

Гость Диас - Сегодня, 16:29
Жаратылыстану (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Жаратылыст анудан тжб көмек

Айхан Нұржанұлы - Сегодня, 16:22
Орыс тілі (русский язык) (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған керек болып тұр

Лвлу - Сегодня, 16:11
Геоэкономика (10 сынып, III тоқсан)

Лукл

Шұғыла - Сегодня, 16:11
Орыс тілі (русский язык) (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Скрытая камера

Гость Амина - Сегодня, 16:06
Сочинение: Мой Павлодар, мой город ястребиный!

Класс я из пвл