ZHARAR | 🇰🇿 ✅ | Сабақ жоспары | Армысың, Әз Наурыз!

Армысың, Әз Наурыз!

Армысың, Әз Наурыз!

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар, дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Әр адам келер жылдан үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын!
Қош келіпсің, құрметті ата - аналар!
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында жауқазындай құлпырған.
Балғын шақты біз бақытты балалар!

Тәрбиеші:
Әнім де саған, биім де
Құт қонақ өзің үйімде
Қуаныш сыйлап еліме
Күлімде, Наурыз Күлімде
Өнерлі, өршіл өренді
Халық жақсы көреді.
Мың бұралған бишіге
Енді кезек келеді
Би: «Қазақтың қыздары»

Тәрбиеші: Балалар далада жылдың қай мезгілі? Қандай ай?

Наурыз - жылдың әрі көктемнің бірінші айы. Наурызда күн мен түн тенеседі, жаңа жыл келеді. Наурызнама – шат - шадыманды ойын - сауық тойы.
Наурыз айында болатын қандай мерекелерді білеміз?

Хормен: Қош келдің, Наурыз - гүл көктем!

Тәрбиеші:
Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алып,
Досқа құшақ ашайық
Өлең - жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!- дей келе ортаға Жиеналина Армангүлді «Наурыз - біздің жаңа жыл»әнімен шақырамыз.
Ақгүл:
Наурыз - көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз жаңа серпін, жаңа леп.

Гүлнұр: Наурыз - қуаныш мерекесі
Бақыт пен шаттықтың мерекесі.
Абылай: Наурыз - шаруаның мерекесі
Наурыз еңбектің мерекесі.

Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы,
Қарабұтақ орта мектебінде
мектепалды даярлық тобында тәрбиеші
Тныбекова Гульшара Апураевна
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Аико - Вчера, 23:13
Жақсы мен Жаман

Жаксы исимен

Гость Айгул - Вчера, 21:20
Ағылшын тілі (Бастауыш 3 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Мустекова Айжан Алжанбаевнаа - Вчера, 20:57
Сертификат алу !!!

Жұмысымыз бағаланып сертификат алсақ өте тамаша! Сіздерге көп рахмет!

Гулжан - Вчера, 19:46
Қазақ тілі Т1 (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған ренжімей 5сыныптың қазақ тілін 1тоқсаның тжб мен бжб сын жыберіп беріңізші

Белгісіз жан - Вчера, 18:06
Информатика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Саламатсызба маған 5 сынып

Амина Абдалиева - Вчера, 17:57
Информатика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Информатика 6сынып тжб керек жауабы болмаса болмасын

Гость Аружан - Вчера, 17:30
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Матемнен тжб 1 токсан керек

Маша - Вчера, 17:23
Денсаулық туралы шығарма, эссе

Оче по поводу работы на работу не хочешь со мной общаться не хочешь со мной общаться не хочешь со мной общаться не

Алижан - Вчера, 15:25
Туған күн

Менин атым Алижан мен 12Жастамын

ахмет - Вчера, 15:20
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

5 сыныптагы 1 токсандагы жауабын бериндерши😖😖😖