"Бұйым дайындау және бұйым безендіру" 5 сынып (қыздар) үлгілі сабақ


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дизайн және технология
Күні: 13. 03. 2020ж
Сынып: 5 «Ә» (қыздар)
Сабақ тақырыбы: Бұйым дайындау және бұйым безендіру.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)5. 2. 3. 2. Әртүрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым дайындау.
Сабақ мақсаттарыБарлығы: Әртүрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым дайындайды.
Басым бөлігі: Тақырып бойынша теориялық білімдерін көрсетеді және топ болып бірігіп, бұйым жасайды.

 
Кейбірі: Бұйымның технологиялық құжатын дайындайды.
Бағалау критерийлері
  • Әртүрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым дайындайды.
  • Тақырып бойынша теориялық білімдерін көрсетеді және топ болып бірігіп, бұйым жасайды.
  • Бұйымның технологиялық құжатын дайындайды.
Тілдік мақсаттарОқушылар …
  • Нобай дегеніміз не?
  • Бұйымды жасау үшін қандай құрал - жабдықтарды пайдаланамыз?
Пәндік лексика және терминалогия:
  • Фетр, ыстық клей, жіп, моншақ, бисер, сым, капрон т. б
Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:
  • Ыстық клей дегеніміз........
  • Әр түрлі материалмен жұмыс жасауда.......
Себебі,...
Құндылықтарды
Дарыту
Эстетикалық және көркемдік талғамын дамыту, шығармашылық белсенділігі.
Пәнаралық байланысӨзін - өзі тану, математика, қазақ тілі 
 Алдағы білімБұйым дайындау және бұйым жасау
АКТИнтерактивті тақта
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс - әрекет
Сабақтың басы
1. мин)
Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылармен амандасу - Түгендеу - Қажетті құрал - жабдықтарын тексеру
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Адам мінезі балалық шағынан бастап қалыптасады. Кей мінез өскен ортасының, тәрбиелеген адамдардың әсерінен қалыптасса, енді бір мінезі туғаннан пайда болады. Суретке мұқият қарап, алдымен ненің бейнесін байқағаныңызды айтыңыз.
Жауабы
Арыстан Сізге жай ғана туа біткен мінездің бір қыры емес, нағыз өнер берілген. Болмысыңыздан көш бастауға жаралғансыз. Мыңдаған адамды соңыңыздан ертіп, дегеніңізбен жүргізе аласыз. Өзгелер сізді үнемі үлгі тұтады. Алайда мойныңызда зор жауапкершілік бар екенін ұмытпаңыз. Көшбасшылықпен қатар ұйымдастырушылық қабілетіңіз де жақсы дамыған, сізден керемет жетекші шығады.
Барыс Сіздің туа біткен қасиетіңіз – ерекше дамыған ойыңыз. Барлығын алдын ала нақты жоспарлап отырасыз, әрдайым осы қасиетіңіздің пайдасын көресіз, бұл сіздің шыңдарға жетелейді. Сіз үшін қандай биік болса да бағындыру қиынға соқпайды. Барлығын орнымен қолданасыз, сондықтан жоспарларыңыз тек сәттілік әкеледі.
Бақбақ Сіз әрдайым барлығын мінсіз етуге ұмтыласыз. Өз қызығушылығыңыздан, көзқарасыңыздан, ұстанымыңыздан тайдыру қиын. Тез арада шешім қабылдай білесіз, сондықтан көбі осы тұрғыда сізге арқа сүйей алады. Логикаңыз жақсы дамыған, эмоцияға аса берілмейсіз. Ойыңызды тез жинақтап, кез келген жағдайдың шешімін табасыз.
Үй жұмысын тексеру
1. Үй жұмысына қандай тапсырма берілді? (Жасайтын сәндік бұйымымыздың нобайын, сызбасын жасап келу)
- Нобай дегеніміз не? /Бұйымның эскизі, сызбасы/
- Бұйымды жасау үшін қандай құрал - жабдықтарды пайдаланамыз? /Лента, ферт мата, ыстық клей, түрлі - түсті картон, рамка, гүлдер т. б/
2. Тақырып бойынша дәптерлерін тексеру. ҚБ: Ауызша бағалау: «Жарайсың», «Жақсы», «Талпын»

Сабақтың ортасы
(30 мин)
Жаңа тақырыпты ашу мақсатында: Мұғалім сыныптағы бір оқушыға бүгінгі тақырыпты жазып және құлағына сыбырлап айтады. Сол оқушы қалған оқушыларға мимикамен, яғни іс - қимылмен бүгінгі тақырыпты түсіндіреді.
Сабақтың мақсаты:
Әртүрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым жасау.
Мұғалім: Бүгіні тақырыпты түсіндіреді.
Тапсырма №1 «Тәтті кәмпиттер» әдісі
Raffaello қорапшасында кәмпиттердің ішіне сұрақтар жасырылған, сол кәмпиттерді алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
1. Пейзаж бен Портреттің айырмашылықтары мен ұқсастықтары?
2. Натюморт дегеніміз не және оның түрлері?
3. Сәндік қолданбалы өнердің түрлері?
4. Ою - өрнек дегеніміз не және оны қанша топқа жіктейміз?
5. Нобай мен эскиз туралы не білесің?
6. Кестелеу және оның түрлері?
7. Талшық дененіміз не?
8. Талшықтың өңделу процесін айтып бер
9. Дизайн дегеніміз не?
Дескриптор:
  • Өткен тақырыптарды қайталайды
  • Теориялық білімдері арта түседі
ҚБ. Тәтті кәмпиттерді беру арқылы бағалау.
Жұмыс жасамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске тусірейік және сабақ барысында ережені ұстанайық балалар?!
Тәжірбиелік жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техникасын естеріне түсіріңіз. 
 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік техникасы:
 • жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
 • оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
 • құрал - саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
 • жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
 • жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
 • басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
 • жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 
Тапсырма №2Топтық жұмыс
Әр топ алдығы сабақтағы бастаған жұмыстарын жалғастырады. Сосын бөлшектерін біріктіріп, безендіріп, бұйымды дайындайды.
Сергіту сәті. Музыка арқылы
Дескриптор
  • Әр түрлі материалдармен жұмыс жасай алады
  • Ыстық клеймен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
Тапсырма №3. Жұмысты талқылау.
Бұйымның технологиялық құжатын дайындау.
Мысалы;
Тақырыбы
Түсі, пішіні, өлшемі
Неден жасалған? Қажетті құрал - жабдықтары
Салыстыру - неге ұқсас, неге ұқсамайды?
Орындауға қажетті уақыт 
Бұйымды қолдануға болатын орны немесе пайдалану мақсаты
Қосымша мәлімметтер:
Оқушылар өз жұмыс нәтижелерін аяқтағаннан кейін, өзара талдау және бағалау үшін таныстырады. Қажет болған жағдайда толықтырулар мен өзгерістер еңгізеді.
Дескриптор:
  • Жұмыстың орындалу реттілігі мен дайындауға қажетті материалдарды (технологиялық құжат дайындайды) анықтайды;
  • Уақытты тиімді пайдаланады.
Саралау тапсырмасы: Синквейн тәсілімен сөз құрастыру.
Синквейн жазу ережесі:
1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады
2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі
3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс - әрекет жазылады
4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.
  5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним жазылады

Сабақтың соңы.
(5 мин)
Қорытындылау. Бағалау. Жұмыстарды талдау, салыстыру. Өзара бағалау, өзін - өзі бағалау және - мұғалімнің бағалауы. 
 Кері байланыс.«Бес саусақ» әдісі+ Білім алауы

 
1. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?сабаққа байланысты идея
2. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?+ сабаққа байланысты идея
3. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?сабаққа байланысты идея
4. Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?+ сабаққа байланысты идея
5. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?сабаққа байланысты идея
Үй тапсырмасы: Бұйымды аяқтау, сәндеу.

Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғарықандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
(смайликтер, тағыбасқа)

Саралау әр - түрлі тапсырма бойынша көрсетіледі:Дескрипторлар, бағалау критерийлері бойынша бағалау. Өзін - өзі бағалау, өзара бағалау және мұғалімнің бағалауы.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:.
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 



Источник: bilimdiler.kz
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий