Ерлан Русланұлы


ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ. ҰЛЫ ДАЛА ТҮРКІЛЕР. ҰЛЫ ДАЛА АСТАНАЛАРЫ
Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
Көшпелілер тарихынан бастау алған қазақ өркениетінің өткеніне көз жүгіртіп, бүгінгісін саралап, болашағын болжау болып табылады. «Дала өркениетінен» «қазақ өркениетіне» дейінгі аралықтың түп тамырына үңіліп, даму эволюциясын зерделеу.
Өркениет туралы түсінік қалыптастыру арқылы, Ұлы дала төсіндегі көшпелілер өркениетін сипаттау. Қазақ өркениетінің бүгінгі келбетін ұлы дала өркениетімен сабақтастыру.
Жалпы өркениет дегеніміз не? Өркениет – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты болып келеді. Сондай- ақ өркениет «батыстық» және «шығыстық» болып екіге бөлінеді. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды «варварлықтар» деп өздері атаған басқа халықтардың айырмашылығын көрсету мақсатында қолданған. 19 ғасырда Шпенглер мен Тойнби еңбектерінде бұл термин өзінің ерекшелігі бар, жергілікті қауымдастық мағынасында, яғни «тарихи өркениеттер» ( Қытай, Вавилон, Түркі т.б) ретінде қолданған.
Қазіргі отандық мәдениеттану ғылымында қазақ өркениеті ұғымы қалыптасты. Оның түп – тамыры ежелгі көшпелілер өркенитінен бастау алып ( сақ, үйсін, қаңлы, ғұн т.б) кейін қазақ хандығы тұсында қалыптасқан этномәдени бірлестікті сипаттау үшін қолданылады. Еуропа ғалымдары арасында көшпелілікке жағымсыз жағынан қарау басым болды. Мысалы: «Көшпелілер өзара әрекет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті және басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы үйренді» және «Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға қабілетсіз » тағы басқа осы секілді пікірлер көп болды. Жалпы көшпелілер өз тұрмыс әрекетіне лайық тұрмыс қалыптастыра білген. Материалдық мәдениеті көші- қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі өркениет үлгілеріне біз жиналмалы киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, ағаштан жасалған ыдыс – аяқтарын, бесігін тағы басқа тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Археолог К.Ақышевтің айтуы бойынша Қазақ жерінде көшпелі мал шаруашылығы қола дәуірінің соңы мен темір дәуірің бастапқы кезеңдерінде бастау алған. Көшпеліліктің шығу тегі көп жағдайда географиялық ортаға тікелей байланысты болған. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Көшпелілерде табиғатқа негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, шығармашылықпен ойлау жүйесі жоғары дамыды. Көшпелілердеде отырықшылар сияқты жазу ерте пайда болған. Дегенмен кеңінен дами алмаған. Олардың рухани мәдениеті жадында сақталған.

Көшпелілер туралы түсінік Герадот жазбаларындағы скиф жазбаларынан бастау алады. Одан кейін Қытай жазбаларында ғұндармен жалғасын табады. Өзіндік даму эволюциясын бастан кешіріп, дамып қазіргі күндегі озық елдердің негізін қалайды. Соңғы жылдары Карл Байпақов пен Манаш Қозыбаев Еуразия сахарасында көшпелілер өркениетінің орнына дала өркениеті ұғымын қолдану дұрыс деп санады.
Қазақ мәдениеті өзінің негізгі өзегі, тұрпаты жағынан көшпелі мәдениеттің үлгісінде жасалған өркениет. Көшпелілер мәдениетінің қанша заман өтседе сол баяғы бәз қалпында біздің уақытымызға дейін жетіп қана қоймай, тәрбиелік маңызының сақталуына Европа ғалымдары таң қалған деседі. Қазақтың ұлттық төл мәдениеті көшпелі түркі мәдениетінің жалғасы болып табылады. «Қазақ өркениеті» ұғымын рухани – мәдени және ғылыми тұрғыдан негіздеу бүкіл Қазақстандық гуманитарлық ғылымдар жүйесін өзгертуге, көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі ұлттық тарихымызға жаңаша қарауға, ескірген көзқарастан бас тартуға итермелейді. Өркениетті ел болғандықтан республиканың дамуының, баянды болуының бір кепілі – өзіміздің рухани - мәдени дүниеміздің тарихына үңілу. Қазіргі қазақ мәдениті сан қырлы. Əлемдік мәдени үдерістерге қосылу үшін дүниежүзіндегі мәдени жетістіктерден сабақ ала отырып, қазақстандық және әлемдік мәдениеттің мақсаттары мен міндеттерін жақындастыру, отандық мәдениет саласындағы алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру барысында шетелдік мәдени мекемелермен тәжірибе алмасу аса қажет. Бұл тұрғыда көптеген жобалар қолға алынуда. Ол жобалардың негізгі мақсаты - мәдениет саласындағы заманауи үдерістер мен интеграциялық беталыстарға талдау жүргізу мен оларды зерттеу, елімізде ұйымдастырылатын, мемлекетіміздегі саяси-экономикалық курстар сияқты кең көлемдегі мәдени құбылыстарға баға беру.
2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Мәдени мұраның» екінші маңызды аспектісі - әлемге бай ұлттық рухани қазынасын ашу. Бағдарламаның үшінші аспектісі – тарих, философия, этнография, тіл, әдебиет, көркем өнер, музыка және т.б ұлттық мәдени мұраны зерттеу жүйесін құру; Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.
Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның
 
тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді. 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. Ғылыми бағдарламаның мақсаты алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме негізінде қазақ этносының объективті тарихын және оның ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі тарихи тағылымы, этникалық және мемлекеттік территориясының тарихи қалыптасуы, Қазақстан халықтарының полиэтникалық қалыптасу кезеңдерін қайта жасап шығару болды. Мәдени мұра өркениетті қоғамның ең маңызды себебі болып табылады, ол өзіндік рухани – өнегелілік пен материалдық құндылықтардан тұрып, ол бір ұрпақтан келесі ұрпаққа жай өтіп ғана қоймай, оларды жоғалтып алмас үшін, ұлттық, мемлекеттік масштабтағы үлкен күш пен құралдарды салуды талап етеді.
Замана сыңынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр алмаса ол адасуға бастайды. Сонымен бірге рухани жаңғыру ұлттың ұлттық сананы түрлі полюстерін қиыннан-қиыстып жарастыра алатын құдіреттілігімен маңызды. Осыны негізге ала отырып Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсіну керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен де биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», - деген. Рухани жаңғыру бүгінде туған жер бағдарламалары аясында жүзеге асырылып жатқан игі істер баршылық. Бұл ретте жаңғыру Елбасы тұжырымдары туған жерін қастерлей білетін Қызылжарлықтарға жаңа серпін береді. Бұдан олар ойына ой, жігеріне жігер қосып, «Туған жер» бағдарламасында қойылған міндеттер бойынша жаңа ізденістер мен талпыныстарға жол ашылады. Бұл тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күнмен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Тағылымы мол тарихи үзілмеген ұлттық салт- дәстүрлі алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын көрсетеді. Əрбір қазақстандықтардың саяси санасының жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтті. Біріншіден бәскеге қабілеттілігі – өзі бәсекелі қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіншілік туады. Бәсекеге қабілет дегеніміз – ұлттық аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы немесе сапасы жөнінде өзгелерден ұтымды дүние ұсынады. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес адамдарының бәскелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты болуы керек.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» жүйесі білім беру және тәрбие бағытында, туған жердің тарихы , мәдениеті , өркениеті , әдебиетін терең зерттеуге арналған мүмкіндіктер кеңістігіне айналып отыр. Рухани жаңғырудың бір бағыты: Ұлттық бірегейілікті сақтау. Яғни, ұлттық жаңғыру - ұлттық сананың кемелденуі. Бірінші, Елбасымыз айтқандай "жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу." Ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі - ұлттық болмыстың өзегін сақтау, өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту. Жалпы алғанда салт – дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз,әдебиетіміз, мәдениетіміз, өркениетіміз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда қалуы тиіс.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы дер кезінде жазылған дүние. Өйткені өз тарихымызды әлем өркениеті тұрғысынан қарап зерделеу қажет. Мықты далалық өркениетіміздің бар екенін әлемге танытқанымыз жөн. Қазақ елі – Түркі әлемінің қара шаңырағы, яғни қасиетті шаңырағы. Тәуелсіз Қазақстан өзінің осы сипатын, түркілік болмысын Түркі әлемінің ұйысуы жолындағы ізгі бастамаларымен көрсетіп келеді. Қазақ елінің өркендеп өрлеуі, қарыштап дамуы бүкіл түркіге рух берген домбыраның үніндей түркі әлемінің өрлеуі, түркі мәдениетінің жандануын білдіретіндігі анық. Тақырыптың өзектілігі осында - біздің қазақ еліміздің мемлекеттілігінің көне замандардан қалыптасқандығын, түркілердің өз заманына сай әлемдік өркениетті қалыптастыра алғандығын кеңінен насихаттап, көптеген зерттеулер жасау керек. Бұл мәселе бүкіл түркі халықтарын ойландыратын үлкен маңызы бар өзекті екендігі анық.
Əр халықтың өз тарихын тереңнен бастау алатынын мақтаныш ету заңды құбылыс. Адамзаттың мол мұрасы түркі халықтары өз қойнауындағы әлі де шығарып болған жоқ. Бірақ барының өзі жалпы түркіге мақтаныш етуге әбден лайықты. Тәуелсіздігімізді алған уақыттан бері Президентіміздің ұсынысымен «тарих жылы», «ұрпақтар сабақтастығы», «мәдениетті қолдау» жылдарын атап өтуіміз, бұл өткеніміз бен бүгініміз және болашақ арасындағы игі істер байланысын үзбей ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету шаралары.
Бүгінде, біз адамзат қоғамының жаңа даму сатысы – өркениетті демократиялық қоғамға ұмтылудамыз. Бұл, басты мақсатқа бағытталған, үрдісті дамудың шұғылалы да сәулетті ұстанымы екені күмәнсіз. Сол себепті біздің зерттеушілеріміз төл тарихымызды жазуға, жариялауға белсенді бетбұрыстар жасап үлгерді. Мұның өзі ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде қолдау да тапты.
Қазақстан топырағында тұрған тайпалар мен халықтар өздерінің дербес, көшпелілерге ғана тән бірегей мәдениетін жасады, осы мәдениет Батыстың да, Шығыстың да түрлі мәдени дәстүрлерімен өзара ықпалдастық жүргізді. Көшпелілердің өркениетіне, басқа кез келген өркениет сияқты, бірқатар ерекшеліктер, соның ішінде мәдени, саяси және экономикалық өзгешеліктер тән. Көшпелі өркениет – адамзат

тарихында болған десек, онда оның өзіндік ерекшеліктерімен толастай түскен байтақ аймағы Ұла Дала аталатын, жер шарының Орталық-Азиялық бөлігі саналмақ. Сол кездегі осы аймақтағы елдердің этникалық құрамын негізінен түркілер құрады.
Көне түркілер, Көне түркі халықтары - б.з.б. ІІІ-XIII ғасырлары аралығында өмір сүрген. Олардың алғашқы мекені Алтай аймағы болған деп пайымдалады. Көне түркілердің Еуразия тарихынан алар орнын академик А.П.Окладников былай деп түйіндейді: “Сібірдегі көне түркілер Шығыстан гөрі Батыспен тығыз байланыста болды. Оның мәдениеті бұрын ойлағаннан да әлдеқайда бай әрі жарқын еді. Ертедегі Шығыс пен Батыстың мәдениеттері Байкөлдің жағасы, Аңғара мен Ленада сол кездегі өзіндік төл мәдениеттің орталығы бірде қосылып, бірде ажырасып тұрған. Оны білмей тұрып Еуразияның тарихын толық түсіну мүмкін емес. Археологиялық қазбалардан көргеніміздей Байкөл өңіріндегі түркі қорғандарындағы қазба байлықтардың жолы Дон мен Дунайға дейін жетіп жатқан”. Яғни, көне түркілердің жері мен оның шекарасы біздің дәуірге дейін анықталып болған.
Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Дәл осы өңірде б.д. І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды. Түркілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты.
Түркі халықтарының адамзаттың даму кезеңдерінің бастауында болған, қозғаушы күші ретіндегі рөлін әсте терістеуге болмас. «Аң стиліндегі» өзіндік ерекшелігі бар сақтар мәдениеті, «халықтардың ұлы қоныс аудару» процесінің ғұндардан бастау алуы, «көк бөріні»
ту еткен түрік қағандарының дәуірі, тәңірге қол жайған тұтас бір мәдениет түркі халықтарының гүлденуінің алғашқы кезеңі болса, түркілер үшін тоқырау саналатын кейінгі уақытта да түркілердің ислам таратушы рөлі мен Шыңғысхан империясының түркілік сипатын ешкім жоққа шығара алмайды.
Мыңдаған жылдар бойы көшпенділер техникалық прогресі мен өркениетінің жоғары болуы себепті Еуразия құрлығында билік етіп, үстемдік жүргізді. Солардың алғашқысы б.з.б. 3 ғ. құрылған Ғұн мемлекеті болды. Ғұн империясы көп ұзамай-ақ Байкал сыртынан Тибетке дейінгі, Орта Азиядан Хуанхэге дейінгі аймақты басып алып, өзінің дүркін-дүркін баса-көктеп кіріп баратын шабуылымен ежелгі Қытай мемлекетін жарты мың жыл бойы қалтыратқан, үрейлі қорқынышта ұстады. Тіптен, Еділ бастаған ғұндар Батыс Рим империясын құлатты.
Жалпы, Еуразияда көшпелі мемлекеттердің құрылуы сол кеңістікте мәдениетаралық қарым-қатынас, өзара алмасу,

салыстыру және өзара әрекеттесу үшін қолайлы жағдайлар жасады. Көшпенділердің жаулап алуларының және көшпелілер империясының құрылуы нәтижесінде әлем барынша ашық болды, ал алыстағы елдер мен жерлерге барынша жол ашылып, олар туралы білім арта түсті.
Ежелгі түріктер заманында көшпелілер Орталық Азиядан Византия шекарасына дейін созылатын жаңа далалық көпір салып кетті. Бірнеше ғасырлар бойы тап сол кеңістікте біресе пайда болып, біресе ыдырап кетіп, бірін-бірі алмастырып келген көшпелі империялар көптеген халықтардың этногенезіне, күрделі де алуан түрлі мәдени кешендедің қалыптасуына зор ықпал етті. Мұның өзі өркениеттің мүлде жаңа тұрпаты еді. Ат үстіндегі көшпелі түркі халықтары өркениеттің мұншалықты кеңінен таралуының негізінде жатқан не бар?
Біріншіден, ол кезде соншалықты орасан зор кеңістікті игеру шаруашылық жүргізудің бірден-бір жаңа тәсілі – мал шаруашылығымен айналысу арқылы мүмкін болатын еді. Дәстүрлі көшпелілер қоғамы кең даланы, шөлді және шөлейт құмды алқаптарды игерудің тиімді тәсілдерін ойлап тапты.
Екіншіден, көшпелілер егіншілікпен айналысатын отырықшы халықтамен тығыз әрі өзара пайдалы байланыс орната білді.
Үшіншіден, түркілерде әскери өнердің дәрежесі бәрінен де жоғары болды. Қатардағы кез-келген көшпелі тек бақташы- малшы ғана емес, ер жүрек жауынгер де еді. Көшпелілер өздеріне тән еті тірі жинақы шапшаңдығының, алыс жолдарды шаршамай-щалдықпай басып өтіп, әр түрлі елдердің әскери ісі саласындағы маңызды деген жаңалық атаулымен тез танысып, оларды өздерінің қарулы күштері үшін пайдаланып отырды.
Түркі империясы ғұндардан кейінгі екінші ірі еуразиялық империя болды. Түріктердің бірнеше мемлекеті болды. Көне Түркі мемлекеті ( 552 – 603); Батыс Түрік қағанаты (603 – 704); Шығыс Түрік қағанаты ( 603 – 679); Екінші Түрік қағандығы (607 – 744); Түргеш қағандығы ( 704 – 756); Қарлұқ мемлекеті (756 – 970);
Үйсін мемлекеті ыдыраған соң Жетісу мен Орталық Қазақстанда аварлардың билігі орнады. Осы аварларды VI ғасырдың ортасында Ашина тайпалары талқандайды. Осы тайпалар ұзамай түріктер деп аталды.
Түріктердің қағаны Бумын,Қара қаған, Мұқан қаған аварларды талқандауды ақырына дейін жеткізді. Осылай Түркі қағанаты нығайған болатын.
759 жылы Батыс Түркі қағанаты нашарлап әлсірей бастады да мұның өзі Жетісуға Қытайдың тан әулеті империясы әскерінің басып кіруіне себеп болды. Түріктер қытай басқыншыларына қарсы азаттық күреске шықты. 704 жылы түргеш тайпаларының көсемі Үшеліктің басшылығымен түріктер жеңіске жетіп, жаңа Түргеш қағандығы құрылды.
679 – 687 жылдарда жүргізілген табанды азаттық күрес, нәтижесінде шығыс түріктері қытай басқыншыларын қуып

шығып, өз мемлекетін қалпына келтірді немесе екінші Түркі қағандығын құрды. Бірінші қаған Құтлық болды, оны Елтеріс қаған деп атады. Оның жақын көмекшісі әрі кеңесшісі түріктердің тамаша ерлік істері мен өсиеттерін құлпытастарға жаздырып қалдырған Тоныкөк болды. Қапаған қағанның тұсында (691 – 716) екінші Түркі қағанаты өзінің әскери – саяси қуатының гүлдену дәрежесіне жетті. Түріктер солтүстік Қытайға бірнеше сәтті жорықтар жасады, қидандарды, Енисей қырғыздарын талқандап, Туваны бағындырды. Осылай Қапаған қаған Орталық Азияның билеушісіне айналды. Оның әскерлері Соғды жеріне дейін барды. Білге және Күлтегін қағандардың тұсында да түріктердің қуаты артып тұрды. Ішкі соғыстардан 744 жылы Екінші Түркі қағандығы құлап, Ашина әулиетінің билігі тоқтады.
Еуразия құрлығының Ұлы даласын мекен еткен Түркі өркениеті әлем мәдениетінің ажырамас құндылығына айналғаны қашан. Тарихи түркология саласында көптеген деректер бар. Олар халқымыздың ұлы қазынасының санаттарына жатады. Көне түріктердің рухани мәдениеті өте бай. Оған дәлел Орхон-Енисей ескерткіштерін және ондағы Күлтегін мен Тоныкөктің қалдырған жазбаларынан-ақ көруге болады. Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтегін», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт-сана, діни- наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы. Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны - өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмірге байланысты мал шаруашылығының және табиғаттың ерекшеліктері ескеріліп отырған. Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші жатқан мемлекеттермен байланыс, қарым-қатынас жасауда да, соғыс іс-әрекетінде де географиялық бағдарлау жасай білген.
Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жыраулардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагой білімдарияры өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.
Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өміріне хабар беретін жәдігерлер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сары даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығымен қайғы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр. Болашақ ұрпаққа мұра

етіп қалдырған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр. Көптеген ірі, әлемдік діндердің түріктерге келуі солардың ішінде ислам дінінің түріктер арасына таралуы мен ислам дінін онан ары гүлденіп дамуына түріктердің қосқан үлесі орасан зор болды.
Ерте орта ғасырларда түркі халықтары өздерінің төл жазуымен бірге соғды жазуын да пайдаланған. Соғды жазуы дегеніміз - орта ғасылардағы парсы жазуы. Соғды жазуының өз тілдеріне икемделген нұсқасын түркілер алғашында «ұйғыр жазуы», кейінірек «найман жазуы» деп атаған. Түркі халықтары ислам діні енген кезден бастап (VIII-XII ғасырлар) араб әліпбиін де қолдана бастайды.
VI ғасырдың екінші жартысында түркілер Ұлы Жібек жолының біраз бөлігіне иелік етті. Нақты осы түркі кезеңінде Қытайдан Жетісу арқылы батысқа және Қазақстанның оңтүстігіне өткен Ұлы Жібек жолы бойында жандану байқалды. Бұл жолдың негізгі бөлігі еді және керуен саудасы мен елшілік сапарлары VІ-ХІІІ ғасыр басында осы жермен өтті. Бұл жағдай Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінде ежелгі қалалардың тез өсуіне жеткізді. VI-XII ғасырда Ұлы Жібек жолының нәтижесінде Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.Түркілер өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым- қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын
үзген жоқ. Ұлы Жібек жолы халықтардың достығы мен ынтымағының жарасымдылығы деп түсінген жөн. Оның қызметінің тарихынан тағылым ала отырып, бүгіндері жаңа мыңжылдықтың жолына түсе отырып, адамзат баласы қауіпсіздікке, тұрақтылыққа және дамудың беріктігіне ұмтылуда. Осы Жібек жолының нәтижесінде Түркілер өз заманынының шарықтау шегіне жеткен болатын.
Ұлы Жібек жолы бүкіл әлемге танымал жол болды. Батыс пен Шығысты, бітімгерлік пен ынтымақтастыққа ұмтылған халықтарды өзара байланыстырған бұл жол мәдени - экономикалық көпір іспетті еді. Еуразия даласында бүгіндегі тәрізді сауда жасау, дипломатиялық сапарлар адамдардың алыс қиырларға қоныс аударылуы сонау көне дәуірлерде жиі болып тұрғаны барған сайын айқындала түсуде. Ертедегі дәуірде, әсіресе орта ғасырларда қоғам дамуында қозғалыс күшті болған, адамдар мәдени байланыстар мен алыс-беріс жасауға ұмтылған. Солардың бірі-«Ұлы Жібек жолы» болып табылады. Осынау Ұлы Далада өшпес іздерін қалдырып, аттарын Қытайдан Европаға дейін паш етіп түркілер терең тарих қойнауына кетті.
Қарахан мемлекетінен бастап іс қағаздары араб әліпбиімен жүреді. Араб әліпбиімен хатқа түскен сол заманғы еңбектер мыналар: Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік»,

Жүсіп Баласағүни «Құтты білік», Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет», Сүлеймен Бақырғани «Хикмет», Рабғузи «Қиссауыл әнбия» («Əулиелер дастаны»), «Оғызнама» (IX-X ғасырлар), Əбілғазы Баһадүр «Түрік шежіресі», т.б. Көне түркі тілі, жазуы - бүгінгі өзбек, қазақ, ұйғыр, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтарына ортақ мұра. Түркі тілі, жазуы негізінде осы аталған қазіргі түркі тілдес халықтардың әдеби тілдері қалыптасты.
Сонымен қатар Түркі тарихында ерекше орын алатын кезең түркі ислам мәдениетінің қалыптасу кезеңі болды. Тарихта түріктер Аббаси, Самани, Қарахан, Селжұқ және т.б мемлекеттік жүйелерде ислам өркениетінің кең таралуына, өркендеуіне жан-жақты үлес қосты. Бұл үлестерді мемлекеттік басқару, моральдық құндылықтар, жауынгерлік соғыс өнері, дін ғылым, мәдениет, дін және әдебиет салалары бойынша көрсетуге болады. Əр сала бойынша түрік-ислам өркениетіне жол салған тарихи тұлғаларымыз Əбу Насыр әл-Фараби, М.Қашғари, Қ.А.Яссауи және т.б сол сияқты даналарымыз болатын.
Елбасы Н.Ə. Назарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында: «Түркілер өзге мәдениеттердің жетістігін қабылдаудың ғажайып бірегей қабілетін танытты, оны өздерінің ерекше жағдайларына қарай бейімдеп, шебер пайдалана білді. Ол томаға-тұйықтықтан мүлде бөлек мәдениет болды», деп жазған.
“Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір кезеңде бетбұрыс дәуірі болды” деп жазды белгііл ғалым Лев Гумилев өзінің “ Көне түріктер” деген іргелі зертеуінде. Көне түркі мемлекеті шығыс мәдениеті мен батыс мәдениетін жалғастырушы ғана емес, сонымен қатар ол өз мәдениетін, мемлекеттік құрылысы мен идеологиясын жасады, әлемдік тарихта үлкен із қалдырды.
Түркі әлемінің Еуразия кеңістігінің едәуір бөлігін алып жатқаны белгілі. Қазіргі кезде Жер шарын шамамен 200 миллион түркі мекен дейді. Түркі әлемінің рухани құндылықтары, сан ғасырлық, ерекше көп түркі мәдениеті күллі әлемдік өркениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Барлық тарихи сынақтардан өтіп келген бұл өзгеше мәдениет ХХІ ғасырда да әлемдік зияткерлік дамудың ағымында болмақ.
Ежелгі түріктер қысқа уақыт ішінде әлемдік дәрежедегі мемлекет құрып, сол уақыттағы әлемдік тарих сахнасындағы ең ірі мемлекеттермен байланыс орнатып, тіпті олардың кейбіреулерін кіріптар қылып қойды. Түрік державасының геосаяси орнының өзін “Түркі мемлекетінің құрылыуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір дәрежеде бетбұрыс кезең болды өйткені сол кезге дейін орта теңіз мәдениеті мен Қиыр Шығыс мәдениеті, бір – бірінің дүниеде бар екенін білсе де, басы қосылмаған еді” – деп Лев Гумилев дәл анықтап көрсеткендей, Түркі қағанатының басқа мемлекеттермен қарым – қатынасындағы Батыс пен Шығыс арасындағы транзиттік функциясы мықты болды. Өз кезегінде Түркі қағанатының

саяси дамуы көрші мемлекеттермен тайпаларға ықпал етіп, әлсіздерін өздеріне бағындырып отырды.
Түркі әлемінің тарихтың қай белесінде де сан түрлі мәдениеттер мен діндердің өзара тығыз алыс берісі, барыс – келісі белсенді жүріп жатты. Сан қилы мәдени дәстүрлер мен сыртқы қарым – қатынастардың нәтижесінде көшпелі қоғамдардың дәстүрлі құрылымдық негізі трансформацияға түсті, мұның өзі бұл ұлттар мен ұлыстардың тарихи дамуының сипатына, мазмұнына және ерекшелігіне әсер етпей қойған жоқ.
Түркі дәуірінде Қазақстан жерінде өмір сүрген түркі халықтары өз заманының алдыңғы қатарлы мемлекеттерімен терезесі тең қарым-қатынастар орнатқан. Бұл мемлекеттермен бірде жауласа, бірде бейбіт қарым-қатынастар орната отырып, мәдени байланыстар арнасына түскен.Ежелгі түркілер рухани шығармашылық процесінде әлемнің өзіндік үлгісін жасады. Əлемнің бұл бейнесі кеңістіктік пен уақытты, моральдық- адамгершілік құндылықтарды, табиғатпен өзара іс-қимылдың экологиялық принциптерін, басқа халықтармен оқиғаның тәсілдерін және әлемді рухани игеруді қамтиды. Ежелгі түркілердің мәдени архетиптер, жекелеген фрагменттер түріндегі дүниетанымдық принциптері түркі халықтарының рухани қазынасында сақталған. Сондықтан көне түркі дүниетанымын қайта құру үшін тарихи деректермен қатар, халық ауыз әдебиетінің шығармаларында бізге жеткен түркі халықтарының этномәдениетіндегі архаикалық элементтерді қадағалау қажет. Бүгінгі таңда көшпелі түркі халықтарының мәдениеті мен мәдени байланыстары, олардың әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлестері туралы тың тұжырымдар жасалуда. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары одан әрі жүргізіле бермек. Бірақ, аталған мәселедегі тарихнамалық ойдың жеткен жетістіктері, жаңа тұжырымдары тек қазақстандық ғалымдар мойындаған ғана шындық ретінде қалып қоймауы тиіс. Сондықтан аталған мәселені зерттеудің егемен еліміздің болашақ даму стратегиясы мен әлемдік тарихтағы ролін анықтаудағы маңызын ескере отырып, қазақстандық зерттеуші ғалымдар мәселені жан-жақты зерттеп, жалпы тарихи ой үрдісінің дамуына ықпал жасауға тиіс.
Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мәні аса зор еңбегінің жас ұрпаққа берер үлгі-өнегесі өлшеусіз. Рухани жаңғыруға серпін беретін көшелі ғылым – тарих ғылымы. Себебі, қазақтың қазақ екенін, басқаларға қай тұрғыдан алыс-жақынын айшықтайтын ұлттық код болмысын түсіндіретін де тарих ғылымы.
Біз ел астанасын қастерлеудің тамаша үлгісін Күлтегін тасындағы Өтікенге арналған жазудан, Асан Қайғының Жерұйықты іздеуінен көре аламыз. Байырғы түркілер де, олардың заңды мұрагері қазақтар да мемлекеттің астанасын елдік тірегі, үйлесім мен бірліктің ұйытқысы, ақыл-ой мен күш-қайраттың қайнар бұлағы ретінде қабылдады. Үш ғасырға жуық созылған отарлау, тоталитарлық модернизация мен

зорлық Елордаға қатысты қастерлі ұғым-түсініктердің, жөн- жоралғының, салт-сананың сайын даламыздағы құндылықтарын аяусыз шайқалтқанымен, түбегейлі жойып
астаналарын танып, білуі елдік сананы жаңғыртатыны сөзсіз. Б.з.б I мың жылдықта көшпенді өмір салтының өзгеруіне байланысты Қазақстан жерінде ежелгі тайпалық бірлестіктер пайда бола бастады. Солардың бірі ежелгі парсы деректерінде сақтар деп аталды. Сақтарды негізгі үш топқа бөліп қарастырылады. Сақ-хаумаварга – Ферғана жерін мекендесе, сақ-тиграхауда – Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін, сақ-парадарайандар – еуропалық скифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы бетіне қоныс тепкен. Бірлестіктің астанасы – Шірік-Рабат қаласы. Шірік- Рабат кешені Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым, Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев ауылынан оңтүстікке қарай 100 шақырымдай жерде, Жаңадарияның ескі арнасының сол қапталында орналасқан. Шірік-Рабат кешенінің құрылымы ерекше болып келген. Алып храм іспеттес жерлеу орындарын айналдыра қоршалған қамал-қабырғалары уақыт өте келе жаңғырта кеңейтіліп отырған. Зерттеушілер қамал- қабырғалардың сырты айнала су толтырылған орлармен қоршалғандығын және Шірік-Рабат кешенінің б.д.д. VІІ-ІІ ғ.ғ. масагеттердің (Ұлы сақ ордасы) апасиак тайпасының астанасы
мағынаны білдіреді екен. Қазақтың арғы-бергі тарихында байтақ болған қалалар легі өз алдына керуен секілді. Б.д.д. ІІІ ғасырдан бастап Қазақстан жеріндегі мемлекеттердің саяси орталығы болған қалаларды атап өтпеуге болмайды. Мәселен, үйсіндердің астанасы Чигу- чинь немесе Қызыл аңғар қаласы. Оның орны қазіргі Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Саты деген ауылдың маңында. Көне Қаңлы мемлекетінің астанасы Битянь қаласы Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Аққорған ауданына қарасты «Корик» бұрынғы «Ленинизм» совхозының Ангрен өзенінің Сырдарияға құйар тұсында орналасқан. Б.з.д. III ғасырда Қаңлы мемлекетінің бірінші астанасы болған.Ташкенттен 70 шақырым жерде, 160 гектар жерді алып жатыр. Жалпы қаланың айналасын қосып есептегенде аумағы
500 гектар екендігі анықталды.
Батыс Түрік қағанатының және одан кейінгі Түргеш
мемлекетінің орталығы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Қарлұқ мемлекеті – Қойлықты, Қарахан елі – Баласағұнды астана етті. Орта ғасырларда Отырар, Испиджаб (Сайрам) әкімшілік, сауда-саттықтың ірі орталықтары болды. ІХ-ХІ
 жібере алмады. Олар мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланған сәттен бұрқ етіп сыртқа шықты. Елордасын бас-аяғы 10 жыл ішінде бұрын-соңды қол жетпеген биікке көтере алған халық, оған барша әлемнің назарын аударта білді,
жатқа телмірген жадағай қаланы ару шаһарға айналдырды. мәңгі ел ұстайтын мәңгі халық екенін бүгінде қапысыз дәлелдеді. Сондықтан әрбір жас ұрпақтың Ұлы дала елінің
  болғандығын алға тартады.
 «Байтақ» – «пойтәхт» парсы тілінен аударғанда
 «астана», «тақ табалдырығы» деген

ғасырда Сырдың төменгі бойында Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент қаласы еді. Бір кездері гүлденген шаһар – Янгикенттің жылан ордасына айналып кетуіне байланысты аңыздар көп. ІХ ғасырда Қимақ мемлекетінің астанасы Ертіс бойындағы Имек қаласы болған. ХІ-ХІІІ ғасырда Дешті- Қыпшақ даласының гаваны аталған Сығанақ шаһары бірнеше мемлекетке астана болды. Тарихшы Берекет Кәрібаевтің айтуынша, аса ірі саяси-әкімшілік орталық саналған Сығанақ қаласы – Қыпшақ мемлекетінің, Ақ Орда ұлысының, Əбілқайыр мемлекеті (Көшпелі өзбектер мемлекеті) және Қазақ хандығының алғашқы астанасы болған. Көшпелі өзбектер мемлекетін билеген Əбілқайыр хан осы Сығанақ түбіндегі Көк кесене деген жерге жерленген. Алтын Орда заманында Сарайшықтың дәурені өтті. Онда қазақтың әйгілі ханы – Қасым хан жерленген. Қазақ ордасының астанасы қазақтың 200-дей хан-сұлтаны, батыр-билері, жақсы- жайсаңдары жерленген қасиетті Түркістан ұзақ жылдар саяси- рухани байтақ қала болды. Əзірет сұлтан Қожа Ахмет Яссауи жатқан Түркістан кесенесі аман болса, қазақты жау алмайды. Ер түріктің бесігі болған қасиетті Түркістан – қазақтың мәңгілік рухани астанасы болып қала бермек. Қазақтың ежелгі астаналары Ұлы Жібек жолының бойына және өзен-суы мол өңірлерге қоныс тепкен. Ресей империясының Қазақ жерін жаулап алуына байланысты біртұтас орталық болған жоқ. 1917 жылы Алашорда үкіметі құрылып, саяси-әкімшілік орталық ретінде «Алаш» қаласы аталған Семейді таңдаған. Алайда бұл қағаз жүзінде бекітілгенімен, аумалы-төкпелі заманда Алаш астанасы – Алаш арманы жүзеге аспады.
Қазақстан астаналарының тарихы өте бай. Үш мемлекеттің: Батыс Түрік, Түргеш және Қарлұқ қағандықтарының астанасы Суяб қаласының іргесі V ғасырда қаланды. Орталық Азиядағы аса ірі қалалардың бірі Баласағұн (Ақтөбе) – Батыс Түрік қағандығының, Қарахан және Қарақидан мемлекетінің бас қаласы болды. Жазба деректерде «Бірінші қала» атанған даңқты Испиджаб (Сайрам) VII ғасырдан белгілі. Күлтегін, Білге қаған тас ескерткішінде Тарбанд деген атпен жазылған Отырарды (Фараб) араб ғалымы әл-Мақдиси (Х ғасыр) өте көне астана деп атайды. ІХ – ХІ ғасырларда Сыр өңіріндегі Жанкент (Янгикент) Оғыздар мемлекетінің, ал Ертіс бойындағы Имақия қаласы Қимақ мемлекетінің өркендеген астанасы болды. Дешті Қыпшақтың астаналары Орда Базар мен Женд, Ақ Орданың бас қалалары Сауран мен Сығанақ (Сунақата) әлденеше қиратылып, қайта жанданды.
Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласының тарихи орны ерекше. Түркістан Тәуке, Қайып, Əбілқайыр, Семеке (Тәукеұлы), Əбілмәмбет, Сейіт, Есім, Болат, Абылай, Тоғай хан тұсында қазақтардың айбынды астанасы болды. Шаһар жалпы түркілік мәнге ие болды. Қожа Ахмет Иасауидің есімі мен кесенесі оны Орталық Азияның діни астанасы – екінші Мекке мәртебесіне жеткізді.

X ғасырда әл-Фараби астананы «қайырымды қала» деп атады. Ол «Асқан игілік пен ең биік кемелділік дәрежесіне ең алдымен жоғары дәрежелі дамыған қоғамның қайырымды қаласы – астанасы жетеді» деп санады. Əл-Фараби қайырымды қаланы мін-ақауы аз, тұрғындары заңға ден қойған, адамдарының пендешіліктерінен гөрі рухани сипаты басым, әділеттілік пен парасаттылық жайлаған бейбіт қала етіп суреттейді.
Қазақ хандығы жойылғаннан кейін бар билік Ресейдің Санкт-Петербург пен Мәскеу қалаларына ауды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары астананы «кіндік қала» деп атады. 1917 – 19 ж. Алашорда автономиясының астанасы Алаш (Семейдің іргесіндегі) қаласы болды. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан астаналары Орынбор (1920 – 25), Қызылорда (1925 – 29), Алматы (1929 – 97) болды. 1994 ж. соңғы екі ғасыр тарихында қазақ халқы тұңғыш рет өз мемлекетінің астанасы туралы дербес шешім қабылдады.
1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды. Қаланың пайда болу тарихына үңіле отырып Астана географиялық орналасуы тұрғысынан тоғыз жолдың торабында орналасқан Сарыарқаның төріндегі стратегиялық шаһар болып табылады. Мұндағы археологиялық қазба жұмыстарынан сонау қола дәуірінен бастап бабалардың мекен еткен шаһарларының салтанат құрғанын бүгінгі таңда ғалымдар дәлелдеп отыр. Мұндағы ең көрнекті тарихи нысандардың бірі Орта ғасырлардан бастап (VII-VIII ғғ) Қазақ хандығы дәуіріне дейінгі (XV-XVI ғғ) аралықта сайын даланың төрінде салтанат құрған Бозақ қаласының ежелгі орны.
1997 жыл 8 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшіріліп, бірден жұмысқа кірісті. 10 желтоқсанда ҚР Парламентінің депутаттары көшіп келді. Сол жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмолаға ресми түрде аттанды. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана қаласы болып өзгертілді. Ал қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсау кесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті.
Қазіргі күнде Қазақстан Респуликасының саяси орталығы – Астана қаласы тәуелсіз Жаңа Қазақстанның болашаққа қарай ұмтылысының, қарқындап дамуының символы ретінде қызмет етіп отыр. Астана – Еуразияның қақ ортасында орналасып, бүкіл әлем таныған, халықаралық жиындар жиі өтетін ірі орталыққа айналды. Аз ғана жылдың ішінде Астана қаласы Қазақ Елінің саяси-әкімшілік, мәдени- рухани, білім мен ғылым, қаржы-экономикалық, іскерлік орталығы ретінде қалыптасып болды. Қала халқы 290 мыңнан бірнеше есе өсіп, 2015 жылдың 1 қаңтарындағы санақ бойынша 853 мыңнан асты.
Астана – өте жас қала. Қаланың Елорда мәртебесін иеленгеннен бергі жылнамасы адамзат тарихы үшін қас-қағым

сәтпен пара-пар екендігі даусыз. Алайда, бұл қаланың шежіресі тарих тереңінен тамыр тартады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында Қазақстанның қазіргі астанасы бабалардың бағзы мекенінде қоныс тепкендігін атап өтеді. Астананың авторы, әрі бас сәулетшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл тұжырымын қуаттайтын ғылыми негіз де бар. Археологтар қазіргі Астананың оңтүстік-шығыс беткейінен орта ғасырдағы Бозоқ қаласының орнын тапты. Ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, осыдан он екі ғасыр бұрын іргесі қаланған ежелгі қалашық ғасырлар бойы салқар Сарыарқаның саяси және рухани орталығы қызметін атқарған.
Келешегі – кемел, ертеңі – нұрлы Қазақстан мемлекетінің әлемдік аренадағы абыройы да, ары, беделі де, бағы – Астана. Астана – Еуразия жүрегі. Кәрі құрлықтың тамырына қан жүгірткен жүрегі мәңгілік соғуын тоқтатпаса екен! Ұлтымыздың ұясы, Қазақстан секілді қыран елдің тұғыры болған Астана мәртебесі жоғарылаған сайын Тәуелсіздігіміз мәңгі жасайтыны һақ.
Астана – ғасырдың ғаламаты, Əлемнің сегізінші кереметі! Авторы – Алла алқап, Алашы қолдаған Елбасы!
Қазақ халқы – тамырын жеті қабат жер астына жіберген алып бәйтеректей, өзегін ғасырлар тереңінен тартып, осынау қасиетті ұлы даласынан табан аудармай, дауылдармен алысып, тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан байырғы халық. «Қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ тұлпарлардың тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түркілердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын ата-жұртта сақтап қалған халық», – деп сонау 1992 жылдың өзінде, тәуелсіздіктің таңсәрі шағында, Дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайында айтқан Елбасымыз осы жылдардың өн бойында тарихқа құрметпен қараудың, өткенімізден өнеге алудың үйренерлік үлгісін көрсетумен келеді.
Осынша жылдар бойы халыққа қызмет еткен, әр кезеңде өзіндік миссиясы болған, Ұлы Дала астаналарының заманауи жалғасы, бүгінде тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Еуразия құрлығының мәдени һәм рухани орталығына айналып отырған Астана - еліміздің жүрегі.
Өзге елдердің қай-қайсысын алып қарасаңыз да, орталықтарын қазақ мемлекеті секілді бірнеше рет алмастырмаған. Қазақстан бодан болған 70 жылдың ішінде астанасын төрт рет ауыстырыпты. Себебін жоғарыда атап өттік. Дегенмен, егемендігіміздің символына айналып, әлемге қазақты жаңа қырымен танытқан бүгінгі Астана нағыз тұрақтылықтың белгісіне айналатынына сенімдіміз.
Біреуге жалған болған, біреуге арман болған Астана бүгінгі таңда халықаралық қауымдастық таныған, мойындаған қалаға айналды. Елбасымыздың асқақ мақсаты орындалды. Астанамыз жыл өткен сайын сәулеті мен дәулеті өркендеп, барша қазақстандықтардың бас ордасы болды. Сондықтан да

біз бүгін Қазақстанның дамуына серпін берген жаңа елордамыздың авторына ризашылық сезіммен «Астана – Елбасының ерлігі» деп айтамыз. Ел үшін де, Елбасы үшін де, Елорда үшін де марқайып жүретін болдық.
Қазіргі жаһандану дәуірінде халықтың сана-сезімін, дүниетанымын, ділі мен дінін, мәдени мұраларын тың зерделеу арқылы ғана ұлттың табиғи тарихи жадын қалыптастыруғаболады. Елдікке шақыратын игі дәстүрлерді жасампаздықпен жаңғырту ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз етеді. Іргелі ел екені санасына кірген келер ұрпақ бойында туыстық сезім нығайып, ұлттық мұралар жаңғырады деп үміттенемін. Тарихи ескерткіштерді, рухани құндылықтарды, киелі жерлерді зерттеу жұмыстарын болашақта да дәйекті түрде жалғастырамын деп сенемін.
«Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін»,-деп айтып өткендей, өскелең ұрпаққа Елбасының артар сенімі мол. Мен де сол сенімді ақтап, оқуымды өте жақсы аяқтап, еліне білім сәулесін сепкен ұстаз болғым келеді. Оқушыларды әр адамды елін, жерін сүюге, оның бір бөлшегіне айналуға қызмет етуге баулығым келеді. Əрбір «Мен-қазақпын!» деген азамат осы жаңғыру жолын дұрыс түсінсе екен деймін. Бізге берілген зор мүмкіндікті тиімді пайдалана алсақ екен деймін. Сонда ғана біріге көтерілген жүк жеңіл болады, қазақ мәдениеті жаңарып, болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік туады. Туған жерімнен жырақта жүріп, туған жер, туған ел қадірін терең түсінгендеймін. Адам баласы қайда жүрсе де, кім болса да өз туған жерін естен шығармауы керек. Мен өз туған жеріммен мақтанамын! Өйткені, мен – елін сүйген, елі сүйген ұланмын. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.
Тәуелсіз елдің білімді жастарының, яғни біздің негізгі міндетіміз – еліміз жасап отқан бар мүмкіндікті қолданып, еліміздің дамуына өркендеуіне, жаңаруына өз үлесімізді қосу. Жыл өткен сайын, біз жүрісі жылдам дамыған дәуірге аяқ басып келеміз. Сондықтан, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт биік табыстарға жетеді. Жоғарыда айтылып өткендей тәуелсіздік тұрақтаған, өркениетті елемізде мәдениетімізді дамыту үшін жасалынып жатқан жобалар аз емес. Біздің тоқталып өткеніміз олардың бір сарыны ғана. Білектің күші емес, білімнің күші сыналатын заманда дәл осы
 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-
 Жомарт Тоқаев Елбасы Н.Назарбаевтың елеулі еңбегін ескере отырып, мемлекет астанасының атын Нұрсұлтан деп өзгертті. «Нұр-Сұлтан» қаласы – Қазақстан Республикасының астанасы. Бұл тарихи шешім деп есептеймін. Нұр-Сұлтан қаласы – нұрлы қала. Нұр-Сұлтан қаласы – еліміздің жүрегі. Астанамыз – Нұр-Сұлтан, бас қаламыз – Нұр-Сұлтан деп сезінетіндер өз елінің патриоты -, деп Ерлан Русланұлының сөзімен аяқтауға
 болады.

қарқынымызды жоғалтпасақ білім жүйеміздің де, мәдениетіміздің де, өркениетіміздің де болашағы жарқын болмақ.
Бүгінгі күнде жасалып жатқан жобалардың барлығы мәдениетімізді дамытуға, өркениетімізді өркендетуге бағытталып отыр. Өзіміздің мәдениетіміздің тарихына үңіліп, оның түп - тамырын жоғалтпай, негізін сақтай отырып дамыту біздің ұлттылығымызды сақтаудың, жарқын болашағының кепілі. Біз өзіміздің сан ғасырлық мәдениетімізбен мақтануға тиістіміз.
Ұлы даланың астаналары, елдік ескерткіштері мен мемлекетіміздің мәдени мұрасын көрсетіп тұрған бұл тарихи нысандардың болашақ ұрпақ үшін танымдық, тағылымдық сипаты мол. Ұлы Дала астаналары деп аталған тақырыптын өзінде Ұлы Даланың астаналары болуы үшін дала мен жердің, сол жерді мекен еткен халықтың ұлылығын, даналығын, жаужүректілігін ескеріп өттік. Сақ жауынгерінің садағы тиген жерден, баласы шетелді мойындатқан, бәсекеге қабілетті ұрпаққа дейінгі Ұлы Дала. Соғысты, ашаршылықты, бодандықты көріп, тәуелсіздік таңына жеткен Ұлы Дала. Жазықсыз жазалауға ұшырап, заманның әділетсіздігін көріп, қуғын-сүргін құрбаны бола тұра, кемел болашағын құра білген Ұлы Даланың халқы да ұлы.
Қорытындылай келе, тарихымыз ұрпақтың жадында жаңғырып, тәуелсіздік рухы әр қазақтың жүрегінде тербеліп, көк байрағымыз көгімізде желбіреп, Мәңгілік Еліміздің мәртебесі биік, рухы асқақ, Қазақстанның жұлдызы жоғары, жолы нұрлы болсын.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. -Алматы, 2002.- 20 б.
2. Назарбаев Н.Ə. Тарих толқынында.- Алматы, 1999.-32 б.
3. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. –М, 1993. 41 б.
4. Назарбаев Н.А «Ішкі сыртқы саясаттың 2004 жылға басты
бағыттары» – Астана, 2003-2011.
5. Төлеубаев Ə, Қасымбаев Ж, Қойгелдиев М, Қазақстан тарихы:
Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006.
6. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы:
«Аруна», 2005.
7. Назарбаев Н.А.Ғасырлар тоғысында. Алматы: «Атамұра»,
1996.
8. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін - Алматы:
«Атамұра», 2010.
9. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық.,
1-том., -Алматы: Атамұра, 2010ж. - 427 бет.
10. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы,
2005ж. - 626 бет.
11. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 ж.
— 712 бет .
12. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық.
Алматы: “Аруна.” ЖШС, 2005 ж.

13. Бахаддин Ө. Ұлы Хүн империясының тарихы. 2 кітап. - Алматы, 1998. –180 бет.
14. Байпаков К.М., О древних городах Суяб и Баласагун //Вестник АН Каз.ССР, 1976, No1. 5 бет.
15. Қазақстан»:Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ə. Нысанбаев. I том. – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. -814 бет.
16. Сұлтанов Т. "Қазақ хандығының тарихы. -Алматы: Ғылым, 2003 жыл.-327 бет.
17. Байпақов К., .Нұржанов А.. Ұлы Жібек жолы және Орта ғасырлық Қазақстан. -- Алматы: Ғылым 1992 жыл. -213 бет.
18. Батырбеков А.Сығанақ-қазақ хандығының астанасы //Көз газеті., 23-24(233-234) 2017 жыл, 20 желтоқсан
19. Назарбаев Н.Ə. Евразия жүрегінде. -Астана: Жібек жолы, 2010 жыл. -181 бет
20. Қабылдинов. З. Астана: өткені және бүгіні. –Астана: Фолиант 2017 жыл . 315 бет.
21. Назарбаев Н.Ə. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақала//Егемен Қазақстан. 2017 жыл, 12 сәуір
22. Сүлейменова Д.Д Батыс Алашорда тарихы-өлке тарихының құрамдас бөлігі. Алматы: Арыс. 2007, 125 бет.

Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий