ZHARAR | KZ ✅ | Жаңалықтар | Kaspi арқылы ақша аударудан қосымша төлем немесе салық алынбайды.

Kaspi арқылы ақша аударудан қосымша төлем немесе салық алынбайды.

Қаржы министрлігі ақша аударымдарын тексеруге қатысты түсініктеме беріп, алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтты
НҰР - СҰЛТАН, 14 қараша Қаржы министрлігі қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеруді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы бүгін бірінші вице - премьер – қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.
"Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың ақша аударымдарын тексеруді, аударымдардан қандай да бір қосымша төлем немесе салық алуды жоспарлап отырған жоқ", - деп атап өтті Смайылов.
Айтуынша, ведомство банктермен бірігіп, қолма - қол ақшасыз төлемдерді іске асыру бойынша ыңғайлы және заманауи инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмыс істейді.
Кәсіпкерлік қызметке тоқталған министр оның ашық болуы тиіс екенін атап өтті. Атап айтқанда, кәсіпкерлер заңнамаға сәйкес, фискалды чек беруге, ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн бақылау - касса машиналарын қолдануға міндетті.
"Кәсіпкерлік мақсатта Kaspi - ді пайдалану кәсіпкерлерді бұл міндеттемелерден босатпайды. Чек тұтунышылардың құқығын қорғау үшін өте маңызды", - деді ол.
Вице - премьердің сөзінше, министрлік жедел аударым жасау жүйесін пайдаланатын кәсіпкерлердің табысын әкімшілеу мәселесін пысықтап жатыр. Мәселен, бұл онлайн - касса машиналары мен автоматты түрде толтыру және салық есебін жіберу функционалы бар POS - терминалдарды біріктіру арқылы жүргізіледі. Мұндай пилот келесі жылы Kaspi банкпен бірге өткізілмек.
"Осыған байланысты халыққа алаңдауға еш негіз жоқ", - деп сендірді Смайылов.
Сондай - ақ, ведомство 2020 жылдың 1 қаңтарынан арнайы салық режимдерін қолданатын микро және шағын бизнес 3 жылға салық пен тексерістен босатылатынын еске салды.


Источник: bilimdiler.kz

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
бека - Сегодня, 00:35
География (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жер сілкінісінің ошағы

bekstin - Сегодня, 00:18
География (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

тау жыныстарының тузылуы мен жылжыуы орын алатын терендегы нукте

Гость Аяулым - Вчера, 23:04
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Фигуралардың қандай бөлігі боялған, жай бөлшек түрінде жазыңыз

Гость Мадина - Вчера, 23:03
Ағылшын тілі (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Ағылшыннан тжб 1-тоқсанның барма.Жоқ сияқты ғой,мен іздегені жоқ 😒😒😒😡😡😭😭😢😥🥺😟

Гость Айдана - Вчера, 22:48
Химия (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Можна ответ химия тжб

ТАМИЛА - Вчера, 21:04
Физика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Фотосы бар ма? Керек болып тур отиниш,

Гость Наргиза - Вчера, 20:54
Информатика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Отинем

Миранда мирова - Вчера, 20:42
Орыс тілі (русский язык) (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Ээ ля дайте пжж русский соч

ZHARAR - Вчера, 20:31
Қыштан жасалған құмыралар құпиясын зерттеу, 3D модельдеу арқылы қалына келтіру

адеми гылыми жоба

илюха - Вчера, 20:26
Қазақ тілі Т1 (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

нет