Ақшаны қандай валютада сақтаған дұрыс?


Ақшаны қандай валютада сақтаған дұрыс?
Бұл сұраққа жауап беру үшін, жалпы қаржылық сауатты болған абзал. Әлемде болып жатқан жаңалықтарға мұқият болып, анализ жасай отырып, келесі қадамдарға барған дұрыс. Біріншіден егер де жинаған ақшаңыз аз болса, онда оны шет ел ақшасына аударудың қажеті шамалы. Себебі бәрібір ол ақшаны алып жұмсауға тура келеді, мысалы азық-түлік, киім, коммуналды төлемдер, т.б.
Ал егер де сіз депозитте ақша жинап отырсаңыз, мысалы 5000000 теңге. Онда оның үштен бір бөлігін долларға, үштен бір бөлігін евроға және үштен бір бөлігін теңгеде ұстаған тиімді.
Әлемде жаңалықтар өте тез өзгеретінін ескере отырып, мұнай бағасы тұрақтанатын болса теңге өз деңгейіне түседі, де доллар мен евроға салынған бөлігі арзандайды. Бірақ сіз теңгеге салған бөлігіңіз арқылы аз да болса инфляцияны өтей аласыз. Әрине қанша пайызда қандай валютада сақтау әркімнің өз еркіндегі екенін ескере жүріңіз.
Жинап жүрген біраз қаржыңыз болса, оны жылжымайтын мүлік сатып алу, алтын сатып (слиток) алу, автокөлік сатып алу арқылы да девальвациядан аз да болса сақтануға болады. Акция немесе басқа да бағалы қағазға ақша салу қазіргі кезде өте тәуекелді талап етеді, сондықтан бұл әдіс қарапайым жандар үшін тиімсіз. Бұл кеңестерге құлақ салу немесе салмай өзіңіздің құқыңызда. 
Біздікі тек кеңес беру.


Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу