Талап жоғары, жауапкершілік күшейді



ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Шынайы сезімді бағалайықшы...

Талап жоғары, жауапкершілік күшейді
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру институты қашықтықтан оқытуды ақпараттық - әдістемелік қолдаумен байланысты біраз жұмыстар атқаруда. Филиал «Өрлеу»БАҰО - ға апта сайын облыс педагогтеріне көрсетіп жатқан әдістемелік көмектері, мұғалімдер үшін жүргізіліп жатқан әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары туралы ақпарат беріп отырады. Қашықтықтан оқыту басталғалы бері филиал тренерлері 1780 педагогті қамтыған 140 вебинар, дөңгелек үстел, шеберлік сағаты, он - лайн семинар өткізді. 42 педагогпен жеке жұмыстар жүргізіліп, консультациялар берілді. Облыстық білім басқармасымен бірлікте құрылған Call - орталыққа 127 педагог өздерінің сұрақтарымен шығып, қажетті ақпараттарын дер кезінде алып отырды. Осы орайда «Өрлеу» БАҰО» филиалдары тарапынан шығарылған сандық білім беру ресурстарының қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімдерге айтарлықтай көмек болғанын баса айта кетуді жөн көрдік. Сын сағатта ұстаздарға көмекке келген бұл әдістемелік көмекші құралдың Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ тренерлері 72 - сін жасақтады.
Филиал сайтында «Психолог кеңесі», «Бүгінгінің өзектісі», «Бірге оқимыз» «Қашықтан оқытуға көмек» рубрикалары ашылды.
Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың мамыр айының 27 - сі күнгі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзінде «Қашықтықтан оқытуға көшу тәжірибесі кадрларды даярлаудағы кемшіліктерді де, сондай - ақ педагогтарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі өзгерген жағдайда оқытудың осындай түрінің үлкен әлеуетін де айқындады» деп атап көрсетті. Демек, алдағы уақытта біліктілікті арттырудың неғұрлым ұтымды формалары, оның ішінде қашықтықтан оқыту да, күн тәртібінен түспей, білім саласының маңызды бір бөлшегіне айналуы сөзсіз. Әріптестеріме сындарлы кезеңде сыннан сүрінбей өту сәттілігін тілеймін. Бұл орайда оларға «Өрлеу» БАҰО» әрдайым қолдау көрсетуге дайын!
Дүйсенбаева Ақзия Төренқызы,
«Өрлеу»БАҰО»АҚФ Маңғыстау
облысы бойынша ПҚ БАИ
директорының ОӘ жұмыстар
жөніндегі орынбасары



Источник: bilimdiler.kz
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қазақтар көрген түсті қалай жорыған?





Комментарии для сайта Cackle