ZHARAR | KZ | Сабақ жоспары | Органикалық қосылыстар жөнінде түсінік

Органикалық қосылыстар жөнінде түсінік

Сабақтың тақырыбы: Органикалық қосылыстар жөнінде түсінік.
Органикалық заттардың ерекшеліктері мен маңызы. Химиялық құрылысы. Изомерия туралы ұғым
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Органикалық қосылыстардың құрылыстары мен құрылымдары, қасиеттері, қолданылуы және әр қайсысының ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.
• Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, танымдық ізденушілік қабілеттерін дамыту. Формуланы дұрыс қолдана білу, қосылыстарды ажырата білу дағдыларын жетілдіру.
• Тәрбиелік: Оқушыларды белсенділікке, ашық пікір айта білуге, топпен жұмыс істей білуге, тәртіпті сақтай білуге, уақытты үнемдей білуге тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: жаңа білім мен дағдыны қалыптастыру сабағы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: есеп шығару, сұрақ - жауап әдісі.
Сабақтың көрнекіліктері: карточкалар, түрлі ойындар, сызба - нұсқалар.
Пәнаралық байланыс: технология, медицина, биология, математика.

ІІ. Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі: 1 - 2 минут
А) Сәлемдесу
Б) Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықты бақылау
В) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2) Үй тапсырмасын сұрау:
Карточка №1
1. Құймалар қалай түзіледі?
2. Құймалардың әр түрлі болатыны неліктен?
3. Шойын мен болатты салыстырып, қолданылатын жерлерін айтып беріңдер.
Карточка №2
1. Құйма түзілгенде металдардың кристалдық торлары қандай
өзгерістерге ұшырайды?
2. Жеке металдарға қарағанда құйма қасиетінің қандай өзгешеліктері болады?
3. Темір мен хромның кристалдық торының түрі бірдей, олар қандай құйма түзуі мүмкін?
Карточка №3
1. Мыс металы кендерінің Қазақстанда таралуы және алынуы жөнінде
айтып беріңдер.
2. Мырыш және қорғасынның табиғи кендері, олардың елімізде өндірілуі жөнінде білетіндеріңді айтыңдар?
3. Қазақстандағы алюминий және хром кендері, олардың өндіріс орындары туралы не білесіңдер?

3) Жаңа сабақ:
Сендер бұған дейін құрамы әртүрлі элемент атомдарынан тұратын заттармен таныстыңдар. Енді құрамында көміртек атомы болатын органикалық қосылыстарды қарастырамыз. Көміртектің қосылыстарын органикалық химия зерттейді.

Органикалық заттардың ерекшеліктері. Органикалық заттардың бейорганикалық заттармен салыстырғанда біраз ерекшеліктері бар. Барлық органикалық қосылыстардың құрамында көміртек атомы болады. Ал бейорганикалық заттардың бәрінің құрамына кіретін, оларды біріктіретін ортақ элемент жоқ. Органикалық заттардың қайнау және балқу температуралары төмен болады. Олардың тағы бір ерекшелігі барлығы дерлік жанады және қыздырғанда айырылады.

Қазіргі кезде 18 млн - ға жуық табиғи және синтетикалық органикалық заттар белгілі және олардың саны өсуде. Органикалық қосылыстар санының өте көп болуы, көміртек атомының ерекше қасиетіне байланысты. Көміртек атомдары бірімен - бірі өзара байланысып, құрамына көп атом топтары кіретін тізбек түзе алады. Сонымен бірге көміртек атомдары өзара түзу және тармақты тізбектермен қатар тұйық цикл түзіп те байланыса алады:

Органикалық заттардың маңызы. Органикалық заттар табиғатта кең таралған. Адамдар мен жануарлар организмдері өсімдіктер, табиғи газ, мұнай, негізінен органикалық заттардан тұрады. Тіршіліктің негізіне органикалық қосылыстардың бір - біріне айналулары жатады. Органикалық заттар біздің ішетін тағамымыздың (нан, ет, қант, сүт, т. б.) негізгі құрам бөліктері. Киетін киіміміз, жағатын отынымыз және күнделікті өмірде пайдаланатын заттарымыздың басым көпшілігі органикалық қосылыстар болып табылады. Табиғатта белгілі органикалық заттардың біразын жасанды жолмен лабораторияда алуға да болады. Сол сияқты, табиғатта кездеспейтін көптеген органикалық заттар жасанды түрде синтезделіп алынды. Оларға әр түрлі дәрі - дәрмектер, бояулар, пластмассалар мен синтетикалық талшықтар, т. б. жатады.
Органикалық қосылыстар жөнінде түсінік. жүктеу


Источник: bilimdiler.kz

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
ZHARAR - Сегодня, 02:44
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жуктеп

Гость Арайка - Сегодня, 01:49
Физика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Алгбра керек 7 сынып 1 тоқсан ТЖБ пжжж. Беріңдерші🥺🥺

Айда - Сегодня, 00:02
Сертификат алу !!!

Маған 4 сынып Тжб керек

Тилебалды Рысалды - Вчера, 23:51
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Казакстан тарихы тжб жауаптары керек 1токсан

АИШАТ ЖАКСЫЛЫКОВА - Вчера, 23:46
Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4 СЫНЫП МАТИМАТИКА ТЖБ ЖАУАПТАРЫ Н СУРЕТКЕ ТУСИРИП ЖИБЕР

Далмира - Вчера, 23:19
География (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған 8сыныптын бжб тжблары керек.

қадыс әмина - Вчера, 22:54
Фотосинтез үдерісі 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

ия қосылам

Bopeshka - Вчера, 22:50
Қыс туралы шығармалар топтамасы

....

Ұлмекен - Вчера, 22:28
Казақ әдебиеті (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Гость Jjj - Вчера, 21:35
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Қалай оны ашады