Альдегидтер


Тақырыбы: Альдегидтер
Басталуы
1. Топқа бөлу: қызыл, жасыл, сары түстер арқылы топқа бөлу
2. Психологиялық ахуал: «Сіздің көңіл күйіңіз қандай?»
Мақсаты: оқушылар көңіл күйін білу.
Қажетті заттар: түрлі - түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер.
1а) Интерпритация
Қызыл - қуанышты көңіл күй,
Алқызыл - ұнамды көңіл күй,
Сары - жағымды көңіл күй,
Көк - суық көңіл күй,
Қоңыр - қиналған көңіл күй,
Күлгін - алаңдаушы көңіл күй,
Қара - күш қуаттың төмендеуі,
Ақ - анықталмаған көңіл күй.
2а) Әр қатысушы өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды. Қағаздың артына жазылған сол түске байланысты жазылған интерпритацияны оқиды.

№1 тапсырма: №9, 10, 11 есеп шығарылуын тексеру, ол үшін үш топқа бір есептен беріп жауабын оқушылардан сұрау. Дұрыстығына көз жеткізу.
1 топ
№9 есеп: 4, 6г этил спирті металл натриймен әрекеттескенде (қ. ж) сутектің қандай көлемі түзіледі?
2 топ
№10 есеп: 16 г метил спиртін жаққанда, оттектің қандай көлемі жұмсалады?
3 топ
№11есеп: 23г этанолды мыс (ІІ) оксидімен тотықтырғанда түзілетін мыстың массасы қанша?

Ортасы
Өткен тақырыптағы зертханалық жұмысты еске түсіре отырып, этанолды мыс (ІІ) оксидімен тотықтырғанда түзілетін жаңа альдегидті еске түсіріп, бүгінгі сабақта біздің жаңа тақырыбымыз қандай болмақ деп сұрау арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу.

№2 тапсырма:
оқушылар түс бойынша бөлінген соны ескеріп, әр топ берілген 6 сұрақ жауабын өз қалам түсімен жазып шығады. Оны келесі топ толықтырып кетеді қайта айналып орындарына барғанда өз қателерін ескеріп отырады.
1. Альдегидтердің гомологтық қатарының жалпы формуласы?
2. Құмырсқа альдегиді немесе формальдегид формуласы, қолданылуы?
3. Сірке альдегиді немесе ацетальдегид формуласы, физикалық қасиеттері және қолданылуы?
4. Формалин -?
5. Сірке альдегидін алудың ең көп тараған әдісі -?
6. Альдегидтердің өздеріне тән сапалық реакциясы -?

№3 Тапсырма: Cәйкестендіру.

Мектеп: «№8 жалпы білім беру орта мектебі»
Комунналдық Мемлекеттік Мекемесі
Мұғалімнің есімі: Нурсултанова Ы. А.
Альдегидтер. жүктеу


Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу