Карбон қышқылдарының алынуы



ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
ҰБТ тапсыратын түлекті ата-ана қалай қолдау керек?

1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Карбон қышқылдарының алынуы
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Оқушыларға карбон қышқылдарының алынуы және химиялық қасиеттері туралы білімді қалыптастыру.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Құмырсқа қышқылы мен сірке қышқылының изомерлерінің формуласын құрастырады, химиялық қасиеттері мен алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады.
Оқушылардың басым бөлігі: Карбон қышқылдарының жеке өкілдерін атап, оларпды талдайды, жүйелейді.
Кейбір оқушылар: Карбон қышқылдары қатысында есеп шығарады. Оны талдайды.
Тілдік мақсат: Оқушылар:
Мәтінді оқиды, қасиеттерімен танысады, жеке жұмыс, топтық жұмыс жасай алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер: карбоксил тобы, оттекпен тотығу, пропион қышқылы.
Сыныптағы диалог жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою. Білімді жаңғырту. (Актуализация )
Білімділік міндеттері:.
- оқушылардың білім алуға деген ынта - ықыласын жұмылдыру.
- оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі.

Айтылым бойынша ұсыныстар: есеп шығарылу жолын айту, сұраққа жауап беру, постер қорғау.

Басталуы
«Ой қозғау «Кім көп біледі «әдісі бойынша тексеру.
1. Карбон қышқылдарының өкілдерін ата?
2.. Карбон қышқылдарының өкілдерінің маңызын ата?
«Мен не білдім?»
ІІ. Талқылау үшін сұрақтар. (2 - 3 минут)
1. Карбон қышқылдарының өкілдерінің қолданыс аясын білесің бе?
2 Ең маңызды тұрмыста қолданатын карбон қышқылының өкілін ата?
3. Олардың тұрмыстағы маңызы қандай?

Ортасы
Карбон қышқылдарының жеке өкілдері мен алынуы.
1. Білімді жаңғырту:
1. Карбон қышқылдарының алынуы.
2. Қасиеттері

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
1. Құмырсқа қышқылы
Құмырсқа қышқылы: құмырсқада, қалақайда. Сірке қышқылы тамақ өнімдері, шірігенде ашығанда пайда болады. НСООН
Алынуы
СО+NaOH --- HCOONa
HCOONa+H2SO4 ---- NaH SO4+ НСООН
НСООН+Ag2O ---- Н2СО3+2 Ag
Құмырсқа қышқылы құрамында альдегид тобы болғандықтан, альдегидтерге тән реакцияға түсіп, күшті тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.
Сірке қышқылы
Сірке қышқылы өткір иісті суда жақсы еритін, түссіз сұйықтық.
Сусуз сірке қышқылын мұзды сірке қышқылы деп атайды. Себебі 160С қатады.
СН3СООН
20 - 22

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын
алғашқы тексеру кезеңі:
Білімділік мақсаты:
1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;
- алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;
- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

Мектеп: Алтынбике Бертаева атындағы орта мектебі
Мұғалімнің есімі: Бокашева Н. С.

Карбон қышқылдарының алынуы. жүктеу
Карбон қышқылдарының алынуы. слайдты жүктеу
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Азан шақырып ат қою





Комментарии для сайта Cackle