ZHARAR | KZ | Сабақ жоспары | Интернет ресурстары (қолданбалы курсы)

Интернет ресурстары (қолданбалы курсы)

Түсінік хат
Жаңа ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы және оның адам өміріндегі барлық салаларға екпіндей енуі нәтижесі қазіргі өмір талабы. Бағдарлап оқыту саласында оқушыларға «Интернет ресурстары» қолданбалы курсын оқыту - оқушылардың әрі қарай өз бетімен білім алуында маңызды роль атқарады. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып материалды өз беттерімен тереңдете түсіну міндетін қояды. Қазіргі таңда оқытуды жетілдіру Интернет ауқымды желісін, ақпараттық - коммуникациялық технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланумен тығыз байланысты. Бұл бағдарлама жаратылыстану - математикалық бағытындағы 10 сыныпқа информатика пәнінен қолданбалы курсын оқытуға арналған. Бұл курспен жұмыс жасау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттайды.
«Интернет ресурстары» тақырыбындағы курс оқушыларға әлемдік ғаламтор желісін пайдаланудың теориялық негіздері нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіріледі және практикалық білімдерін қалыптастыруға көп көңіл бөлінген.

Берілген курс мазмұны 10 - сынып оқушыларының болашақта кәсіптік дағдыларын жүзеге асыру мақсатында көмегін тигізу үшін құрастырылған. Бұл курс аптасына 1 сағаттан жылына 34 сағатты құрайды. Курсты оқыту оқушылардың өз қабілеттерін толық көрсету және интернет ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. 10 - сыныпта информатикадан қолданбалы курсты оқытудың бағдарламасы орта білім беру жүйесі ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бағытында және мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасақталды.
Курстың негізгі мақсаты:
Бұл қолданбалы курс оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, жалпы адамзаттық құндылықты дамытуды, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғышарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
Курстың негізгі міндеттері:
• оқушылардың ақпаратты тарату және қолдану;
• Интернетте материалды жариялау;
• дүниежүзілік ақпараттану әлемі жөнінде түсінік алуға;
• компьютерлік технологиялардың жаңалықтарын өзінің білімі саласында жүйелі түрде өзін - өзі дамыту ретінде қолдану;
• практикалық және бағдарды бағытта даярлау болып табылады.
Күтілетін нәтиже:
• Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сай сапалы білім алады.
• Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.
• осы берілген курс бойынша оқушылар тәжірибе алып, болашақта ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану арқылы алған білімдері мен біліктіліктері практикалық проблемаларды шешуге көмектеседі.

Сабақтың түрлері: лекция және практикалық сабақтары,
Негізгі оқыту әдістемесі:
Оқу зерттеу - жобалау әдісі; жобаны орындау проблемалық мазмұндама процессі; мұғалімнің көмегімен жобаны орындау; оқу зерттеу - жобасын өздігінен орындау;
Бақылау формасы: практикалық жұмыстарды орындау, өзіндік сайт құрастыру жобасы мен шығармашылық тапсырмалары. Өтілген материалды тексеру мақсатында әр тарауды қорытындылау тест түрінде беріледі.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, математика, тарих.

Оқушыларға қойылатын талаптар:

Білу: тарауды толық меңгеріп, интернет технологиялардың негіздерін толық түсіне отырып, олармен жұмыс жасайды. Әйгілі әлеуметтік желілердің сипаттамаларын, интернет қызметтер жүйесін терең зерттеп, олардың жұмыс жасау принциптерін орындай біледі.
Үйрену: Интернет ресурстарын қолдану жолдарын, шығармашылық жұмыс жасауға үйренеді.
Түсіндіру: IP телефония ерекшеліктерін түсіндіру
Қолдана білу: Курстан алған білім мен білікті кәсіби бағдар алуда, күнделікті өмірде қолдана алады.

Оқу курсының білім мазмұны:
1 - тарау: Internet – технологиялардың негіздері (5 сағат)
Интернет тарихы. Интернеттің негізгі терминдері. Интернеттің жұмыс жасау қағидалары, Интернет құрылымы. Домендік атау және хостинг.

2 - тарау: Электрондық пошта (2 сағат)
ЭО - мен жұмыс жасау принципі. Хат құру, жіберу және қабылдау.

3 - тарау: World Wide Web (9 сағат)
WWW құрылымы мен функциялары. Іздеу сайттарымен жұмыс Сайттар түрлері. Браузерлердің түрлері. Веб браузер түрлерімен танысу.. Контентті басқару жүйесі. Joolma CMS - інде жұмыс жасау. Деректер құрылымы. Контент құрылымы. Joolma - да сайт құру. Joolma - ның қосымша кеңейтілімдерін орнату. Мәзір құру. Drupal модульдері. Сайттың қызметтік режимі.

4 - тарау: IP телефония, әлеуметтік желілер (6 сағат)
Әлеуметтік желілердің даму тарихы. Әйгілі әлеуметтік желілердің сипатталуы. Чаттар, форумдар, лездік хат алмасу жүйелері. IP телефониямен жұмыс, оның ерекшелігі. Жұмыс жасау принципі. Skype технологиясы, қызметтері.
5 - тарау: Интернет қызметтер (6 сағат)
Интернет қызметтер туралы жалпы түсінік. Қашықтықтан оқыту мүмкіндігі, формалары. Интернет дүкендер. Интернет жарнама және оның түрлері. Интернет радио, теледидар.
6 - тарау: Интернет желісі (6сағат)
Интернетке қосылу технологиясының түрлері. Сымсыз байланыс. Сымдық байланыс технологиялары. Интернетке ерекшеленген желілер бойынша қосылу. Кабельді интернет. GPRS. Wi - Fi. CDMA(3G), EDGE(3G).

«Интернет ресурстары» қолданбалы курсын тақырыптық – күнтізбелік жоспарлау (аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағ.)

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Шабар ауылы
Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Информатика пәнінің мұғалімі Тиштенова Мадина Танатовна

Толық нұсқасын жүктеу


Источник: bilimdiler.kz

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Стамбекова Жулдыз - Сегодня, 05:45
Күнделікті сабақ жоспары

2 сынып казак тили

ZHARAR - Сегодня, 00:26
Әруақтарға құран бағыштау үлгісі  🕋 (мәтін, видео)

керемет құран бағыштау әдебі жарияланған

ш - Вчера, 21:37
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Әдебиеттік оқу (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Қарлығаш - Вчера, 20:49
Отан, Туған жер, Қазақстан

Нұрзия

Ұлдықыз - Вчера, 20:24
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Жауаптары жоқ па

Гость Аяулым - Вчера, 20:13
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

5 класс информатика сор одветы

Гость Назым - Вчера, 19:30
Анашым, мама

Мама сен алтынсын, Гүл боп жайқалып. Әрқашан күліп жүріңіз анашым!

Әсетқызы Нұрай - Вчера, 18:41
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Сурете беинеленген үдіресі қалаи аталады

Әсетқызы нұрай - Вчера, 18:39
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Сурете беинеленген үдіресі қалай аталады

Оааотаоа - Вчера, 17:21
Мен ҚАЗАҚ деген ел едім!

Маған ұнады