Сабақ жоспары (ұмж): Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен анықтау 2-сабақ (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен анықтау 2-сабақ (Физика, 9 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Әйелі басқа еркектің құшағында кеткен азамат жан сырын ақтарды

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астрономия негіздері
Сабақ тақырыбы: Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен анықтау 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.7.2.8 Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығын немесе өлшемдерін анықтау үшін параллакс әдісін қолдануды түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Білу және түсіну:
• Параллакс және базис анықтамаларын біледі;
• Күн жүйесіндегі денелерге дейінгі қашықтықтың қалай анықталатынын біледі;
• Астрономиялық бірлік, Жарық жылы және Парсек деп аталатын астрономияда қолданылатын қашықтық өлшеу бірліктерінің физикалық мағнасын түсінеді және біледі:
• 1 а.б., 1ж.ж. және 1 пк қашықтық өлшем бірліктерінің сан мәндерін біледі:
• Параллакстың қандай түрінің жұлдыздарға дейінгі қашықтығының көрсеткіштері болып табылатынын біледі;

Қайталау сұрақтары:
Параллакс эффектісі және базис ұғымы
Ара қашықтықтарды анықтаудың қандай әдістері бар?
Параллакстық ығысу әдісінің физикалық мағанасы қандай?
Көру бұрышы дегеніміз параллакстық бұрыш па?
Күн жүйесіндегі аспан денелеріне дейінгі ара қашықтықтарды анықтау үшін базис ретінде нені алады
Горизонталь параллакс деген не? Аспан денесінен қарағанда Жер радиусы көрінетін бұрышты горизонталь параллакс деп атайды, түсіндіріңіз, неге?
Жұлдыздарға дейінгі ара қашықтықтарды анықтау үшін базис ретінде нені алады? Күн жүйесінен алыстағы жұлдыздарға дейінгі ара қашықтықты анықтау үшін базис ретінде Жер орбитасының радиусын алуға бола ма?
Параллакс деген не? (Жұлдыздан қарағанда көру сәулесіне перпендикуляр орналасқан Жер орбитасының үлкен жарты осі көрінетін бұрыш.)
Парсек деген не? (Парсек – жылдық параллаксы 1// тең жұлдыздарға дейінгі ара қашықтық. Сонда жұлдызға дейінгі ара қашықтық:R=a/sinр)
1пк =1 а.б/sin1// = 206265 а.б.= 3,086 1013 км.
=3,2616 жарық жылы
1 а.б. =149 597 871 км≈ 150 000 000 км

Есептер шығару
8 000 парсек қанша астрономиялық бірлікке тең болады?
Процион жұлдызының параллаксы 0,28″. Бетельгейзе жұлдызына дейінгі қашықтық 652 жарық жылына тең болатын болса, онда Олар бір – біріне қанша есе алыс орналасқан?
Шолпан планетасының диаметрі астрономиялық бірлікпен салыстырғанда минимумда және максимумда орналасқанда өзінің орнын қанша есе өзгертеді? Шолпан планетасының орбитасы - 0,7 а.б тең.
Лира шоқжұлдызындағы тұмандықтың параллакстық бұрышы 83’’ және 660 пк арақашықтықта орналасқан. Тұмандықтың сызықты арақашықтығын астрономиялық бірлік арқылы есептеңдер.
Жер радиусының өлшемі 6378км және Ай параллаксының мәнін біле отырып, Ай радиусын есептеңдер............

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Неге өмірде адам қалағандай бола бермейді



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle