Сабақ жоспары (ұмж): Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Түрлі ісік ауруларынан айықтыру дұғасы

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.2.2 – жылу берілудің түрлерін салыстыру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• Жылу берілудің түрлерін (жылуөткізгіштік, конвекция және сәуле шығару) білу;
• Жылуөткізгіштік, конвекция және сәуле шығару түрлерін салыстыру.

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында [media=https://learningapps.org/display?v=p0wvfhha317] бағдарламасымен қолдану.
Орындалған тапсырма нәтижесін ескере отырып мұғалім кері байланыс береді.
2. Ой қозғау.
Суық күні қатар жатқан мата мен металл шыбықты қолдарыңмен ұстасаңдар, олардың температурасы бірдей болғанымен, матаға қарағанда, металдың әлдеқайда салқын екенін сезесіңдер. Неге металл салқындау көрінеді? Оның себебі неде?
3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
• Жылу берілудің түрлерін (жылуөткізгіштік, конвекция және сәуле шығару) білу;
• Жылуөткізгіштік, конвекция және сәуле шығару түрлерін салыстыру.
4. Түсіндіру.Мүғалім сыныпты үш топқа бөледі.Әр топ өздеріне берілген жылу берілудің түрлерін түсіндіреді.оқушылар 7 мин оқулықпен жұмыс жасайды.
І топ. Жылуөткізгіштік.
ІІ топ. Конвекция
ІІІ топ. Сәулелену
Мұғалім сырттай бақылайды, әр топты бағалап жүреді.
Бағалау критерийлері:
1. Тақырыптың мазмұнының ашылуы.
2. Баяндау шеберлігі.
3. Қоршаған ортадан мысалдар келтіру.
Мұғалім кері байланыс жасай отырып, оқушылардың түсіндірмесін толықтырады және қорытынды тұжырымдаманы жасайды.
5. Сабақты бекіту.
Эксперименттік тапсырмалар(Топ оқушыларына үш түрлі тәжірибелік жұмыстар беріледі ) Мұғалім сырттай бақылап, кері байланыс беріп, жетелеуші сұрақтар қойып, қолдау көрсетіп отырады. (қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалайды)
«Бір сөйлеммен барлығын айтып беру» әдісі.
Қабілетті оқушылар әрбір топтың жасаған тәжірибелерінің нәтижесін «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беретін бір сөйлеммен айтады
Бағалау критерийлері:
1.Жылу берудің түрлерін біледі және түсіндіре алады.
2.Тәжірибеге болжам жасай алады.
3.Тәжірибені сипаттап, түсіндіре алады............

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Балаларға арналған сыйлық түрлері



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle