Сценарий: Мен ғарышкер боламын (12 - сәуір бүкіл дүниежүзілік ғарышкерлік және авиация күні)



ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
ҰБТ тапсыратын түлекті ата-ана қалай қолдау керек?

Тақырып: Мен ғарышкер боламын

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті балалар және қонақтар! 12 - сәуір бүкіл дүниежүзілік ғарышкерлік және авиация күні. Бүлдіршіндеріміздің
«Мен ғарышкер боламын» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Ғарышкер мен де боламын,
Боламын десем боламын!
Таудай үлкен талабым,
Мен бармақтай баламын.
Көктің жүзін барлайтын
Үлкен ғалым боламын
Үлкен ғалым боламын
Боламын десем боламын!

Ән: «Отан»
Жүргізуші: 1957 жылдың ақпан айында дүние жүзінде тұңғыш рет конструктор С. П. Королевтің басшылығымен жасалған жасанды жер серігі ғарышқа шығарылды. Бұл адамзат тарихында болмаған үлкен ғылым жетістігі екен. 1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш рет Ю. Гагарин «Восток» кораблімен ғарыш кеңістігіне көтерілді. 1991 жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаев әлем тұңғиығына самғады.
Олай болса ғарышкер ағаларға арналған балалардың тақпақтарына кезек берейік.

Айнара: Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шаламын,
Мен ғарышкер боламын!

Камила: Таңдай үлкен талабым,
Мен бармақтай баламын.
Көктің жүзін барлаймын,
Мен ғарышкер боламын!

Аслан: Тоқтар менен Талғат,
Ғарышқа ұшты самғап.
Ел мерейін өсірді,
Көк пен жерді жалғап.

Шахназар: Тоқтар менен Талғат,
Ғарышқа ұшты самғап.
Өлең жазды ақындар
Екеуіне арнап.

Тұмар: Ұшамыз алысқа,
Шолпанға, Марсқа.
Құс жолы құпия,
Жетеміз ғарышқа!
Би: «Аспан әлемі»

Жүргізуші:
Жұмбақ жасыру:
Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз. (Зымыран)
Ұшқыш емес, бірақ ол
Аспанда қалықтап ұшады
Оны кім деп ойлайсыңдар? (Ғарышкер)
Жүргізуші:
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар. Аспан әлемінде де, көптеген ғалам бар. Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз.
- Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп атаймыз. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Т. Әубәкіров және Т. Мұсабаев деген ағаларымыз. Бұл кісілер еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
(Слайд) көрсету
Жүргізуші: Олай болса ғарышкер ағаларға арналған балалардың тақпақтарына кезек берейік.

Қуаныш: Тоқтар – тұнғыш ғарышкер,
Арман қуып жасынан.
Көктен көзін алмаған,
Ұшқыш болды жас ұлан.

Аян: Боламын ғарышкер,
Тоқтар мен Талғаттай.
Көк жүзі күлімдеп,
Ер ұлын тапқандай.

Әділжан: Ғарышкер мен де боламын,
Боламын десем боламын!
Таудай үлкен талабым,
Мен бармақтай баламын.

Ильяс: Ерлікпенен жыр егіз,
Оны жастан білеміз.
Біз Тоқтар есімін,
Ту ғып ұстап жүреміз!

Аня: Көкке ұшамын,
Ұшқыш болар баламын,
Соңына ерем,
Ер космонавт ағаның.

Станислав: Айға ұшты ағамыз
Қандай жүйрік кемесі.
Жұлдызға біз барамыз
Кемелер мен келесі!
Жүргізуші:
Ойын: «Ұшты - ұшты»
Жүргізуші:
Би: «Кішкентай жұлдыздар»
Жүргізуші:
Елдігінің жұрнағы қалмаса да,
Құмар болды даңғаза, далбасаға
«Менікі, - деп, Байқоңыр!» кеуде қақты,
Маңайына бір қазақ бармаса да... «Мен ғарышкер боламын» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!


Источник: bilimdiler.kz
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Азан шақырып ат қою





Комментарии для сайта Cackle