Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер және олардың қасиеттері (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

 Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер және олардың қасиеттері (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер және олардың қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.2 көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу
Сабақ мақсаттары: Оқушы біледі:
- көмірсулардың құрылысы мен қасиеттерін;
Оқушы түсінеді:
- көмірсулардың жіктелуіндегі ерекшеліктерін
Оқушы жасай алады:
- көмірсуларды құрылымы және қасиеттері бойынша жіктей алады

Ой толғау

Күтілетін жауап: Көмірсулар
Оқушылардың берген жауаптарына сүйене отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсатын оқушылармен бірге анықтайды (тақтаға жазу)

Ұғыну
(М) Мұғалімнің түсіндіруі

Көмірсулар (сахаридтер) – молекула құрамы көміртегі, сутегі және оттегі атомдарынан тұратын және сутегі мен оттегінің қатынасы су молекуласындай 2:1 қатынаста болатын, яғни көмірсутек+су (аты осыдан шыққан) формуласымен өрнектелетін табиғи органикалық қосылыстар.

Көмірсулардың жалпы формуласын Сn(Н2О)n деп жазуға болады.
Көмірсулар табиғатта өте кең таралған және адам өмірінде аса маңызды роль атқарады. Олар қоректі заттардың құрамына кіреді, адамға қажетті энергия негізінен осы көмірсулармен толтырылады. Ақуыздың биосинтезіне және тұқым қуалау қасиеттерінің берілуіне қажетті нуклеин қышқылдары осы көмірсулардың туындыларынан құралған. Әсіресе көмірсулар туындыларының фотосинтез процесінде маңызы зор.
Молекулада моносахаридтің қалдықтарының қалуына байланысты моно-, олиго- (ди-) және полисахаридтер деп бөлінеді.

(Ж) Жұппен жұмыс.
Әр жұпқа көмірсулардың құрылысы және құрамы бойынша ақпараттық парақша беріледі. Алынған ақпарат көзінен оқушылар дәптерлеріне кесте толтырады:
1) Моносахаридтер
2) Дисахаридтер
3) Полисахаридтер
Класс, тобы Өкілдері
формуласы Биологиялық маңызы
Оқушылармен бағалау критерийлері анықталады, мысалы:
1) кестенің толық толтырылуы;
2) мәліметтердің қысқа да түсінікті болуы;
3) регламент, т.б.
Топ бір-бірлерін «2 жұлдыз 1 тілек» әдісі бойынша бағалайды, яғни әр топ 2 ұнаған және 1 жақсартуды қажет ететін жағдайларды айтады. ..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 361



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі