Флоэмадағы зат тасымалына сыртқы орта факторларының (температура, ылғалдылық, жарық) әсері 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

 Флоэмадағы зат тасымалына сыртқы орта факторларының (температура, ылғалдылық, жарық) әсері 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың тасымалы
Сабақ тақырыбы: Флоэмадағы зат тасымалына сыртқы орта факторларының (температура, ылғалдылық, жарық) әсері 1-сабақ
Оқу мақсаты: Флоэмадағы зат тасымалына сыртқы орта факторларының (температура, ылғалдылық, жарық) әсерін зерттеу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар орындай алады:
«транслокация»ұғымының анықтамасын білу;
флоэманың құрылысын білу;
ксилема мен флоэманың құрылыс ерекшеліктерін салыстыру;
флоэма бойымен заттардың тасымалдану үрдісін түсіндіру;
Флоэмадағы зат тасымалына сыртқы орта факторларының (температура, ылғалдылық, жарық) әсерін зерттейді

Оқушылар назарын слайдқа аудару.
Сахароза -бұл дәмі тәтті қант, бірақ жемістер пісіп-жетілгенше олардың дәмі тәтті болмайдығын түсіндіріңіз.
Оқушылармен сұрақты талдау барысында
сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылады.
Сабақтың зерттеу сұрағы

Зерттеу тақырыбы негізінде оқушылар бағалау критерийлерімен танысады.
Оқушыларға
Өсімдіктің өткізгіш жүйесінің салыстырмалы сипатын ұсынып,видео көрсетіледі.

Салыстыру сипаты Ксилема Флоэма
Жасушалар
Құрылымдық компоненттер
Құрылыс ерекшеліктері
Өсімдікте орналасуы
Үрдістердің атауы
Тасымал бағыты
Тасымал түрі

Оқушылар жұпта салыстырмалы кестені толтырады. (кейбір оқушылар қосымша ақпарат көзін қолдана алады Д.Тейлор, Н. Грин, У.Стаут 1и_2 том)
(G) Қосымша ақпаратпен жұмыс

Түрлі түстер үйлесімі бойынша оқушыларды 3топқа бөлу. Барлық материал топтың түсіне байланысты түрлі-түсті қағаздарда таратылады.
Әр топқа сұрақтар берілген нұсқаулық карталар таратылады.

Топтар материалды қорғау үшін «Аквариум» әдісін қолданады.

Топтарда жұмыс нәтижесін бірін-бірі бағалау арқылы берілген критерийлер бойынша жүргізіледі:
1. Топ барлық сұрақтарға дұрыс жауап берді.
2. Материал терең және түсінкті.
3. Топ мүшелерінің толық қатысуы
4. Басқа топтарға сұрақ ретінде кері байланыс орнату;

1 топ - «Сүзгілі түтіктердің құрылысы» (сары)
13.8.2 тарау 2 том, 130 бет )
Сұрақтар :
1. Флоэма қандай жасушалардан түзіледі?
2.Даму барысында бұл жасушалар қандай өзгерістерге ұшырайды?
3.Серіктес жасушалардың ролі не? (жауабы 138бет, 13.29 сурет).
4.Флоэма арқылы органикалық заттар тасымалының ксилемамен салыстырғанда қиындығы неде? Қандай кедергілер болады?
2 топ- «Флоэма арқылы заттардың транслокациясының ерекшелігі» (жасыл) ( 129бет.2т 13.8және 13.8.1тараулар)
Сұрақтар:
1.Органикалық заттар өсімдіктің қандай мүшелерінде түзіледі?
2.Өсімдіктің қандай мүшелеріне органикалық заттар қажет?
3. Флоэамалық тасымалдың ксилемалық тасымалдан бағыты бойынша айырмашылығы бар ма?
4.Транслокацияның бағыты жыл мезгілі мен тәулікке айланысты қалай өзгереді?

5. Флоэма арқылы қандай зат тасымалданады?
6.Сахарозаның артықшылығы не? Флоэма арқылы сахарозадан басқа тағы да қандай заттар тасымалданады?
7. Флоэма транслокациясының ерекшеліктерін атаңыз.
3топ – «Заттардың флоэма бойы тасымалдануы» (қызыл )( 132бет.2 т 13.8.3 тарау)
Сұрақтар:
1. Сақиналау тәжірибесін түсіндіріңіз.
2. Көміртек атомының изотопын таңбалау тәжірибесін түсіндіріңіз.
3. Бітені қолдану арқылы жүргізілген тәжірибені түсіндіріңіз.
4.Барлық тәжірбелерді жалпылай отырып, қорытынды жасаңыз...........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 528



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі