Өсімдіктердің ерекше белгілері 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

 Өсімдіктердің ерекше белгілері 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың классификациясы
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің ерекше белгілері 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.1.1 балдырлар, мүктер, қырықжапырақтәріздестер, ашық және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау
Сабақтың мақсаты:Өсімдік бөлімдері өкілдерінің негізгі белгілерін анықтау;
Берілген өсімдіктердің негізгі белгілерін ажырату.

Тірі ағзалардың патшалығы туралы еске түсіре отырып, өсімдіктер патшалығының ерекшеліктерін атау тапсырылады. Өсімдіктердің мүшелеріне назар аурып, әр өсімдікте кездесетін мүшелерді атау сұралады. Ал өсімдіктерді қандай топтарға жіктейді сұрағын талқылай отырып, оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатты анықталады.
Бағалау критерийлері талданады.

Оқушыларға өсімдіктердің кеппешөптері мен суреттері, тірі үлгілері (мүмкіндігінше) ұсынылады. Өсімдіктердің суреттері мен таныстырылым, кеппешөптерді пайдаланып, өсімдіктердің әр бөлімі өкілдерінің негізгі белгілерін анықтайды.
Өсімдік бөлімдерінің өкілдерін мүшелерінің болуы, көбею жолдары бойынша салыстырады.

Нәтижесін жұмыс парағына рәсімдейді.
Кейбір оқушылардан өсімдік өкілдерінің дамуын сипаттауды сұрауға болады. Мысалы, осы өсімдіктердің қайсысы ең қарапайым немесе ең күрделі және қайсысында кеңінен таралу мүмкіндігі жоғары деген сияқты тереңдетуге болады. Неліктен кейбір өсімдіктер жер бетінде кеңінен таралу мүмкіндігіне ие сұрағын талқылауға болады.

Зерттеудің нәтижесінде алынған білімді бекіту және саралауды қолдау үшін ауызша жұмыс орындалады.
Оқушыларға өсімдіктерді кеппешөп материалы/өсімдік суретіне қарап ауызша сипаттауды тапсырыңыз. Жұптағы оқушының бірі жұбына кеппешөп материалындағы бір өсімдіктің белгілерін сипаттап айтып береді. Әр өсімдік сайын оқушылар рөлдерімен ауысып отырады. Ерекшелік белгілеріне қатысты қорытынды жасаулары қажет. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 597



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!