ZHARAR | KZ | Ертегі | Сатиралық ертегі: Тоғыз тоңқылдақ, бір қиқылдақ
Сатиралық ертегі: Тоғыз тоңқылдақ, бір қиқылдақ
Бұрынғы уақытта тоғыз Тоңқылдақ, бір Қиқылдақ болыпты. Тоңқылдақтың тоғызының тоғыз танасы, тоғыз шешесі бар екен. Бір Қиқылдақтың бір танасы, бір шешесі бар екен де, Тоңқылдақтар (Қиқылдаққа) һәрқайсысы өзінің бір-бір танасын бақтырып жүреді екен. Бір күні Қиқылдақтың етігі жыртылып қалыпты. Қиқылдақ танасын Тоңқылдақтарға қосып жіберіпті. Тоңқылдақтар бір күн бағады, екі күн бағады. Бір күні Тоңқылдақтар ақылдасып, Қиқылдақты құртамыз деп, бірігіп алып, Қиқылдақтың танасын бәрі жабылып, батпаққа тығып кетеді.
Кешкітұрым ауылына барса, нашар Қиқылдақ сорлының танасы жоқ. Қиқылдақ жүгіріп келіп, Тоңқылдақтардан сұраса, Тоңқылдақтар:
– Сенің танаңды бағып, біз саған малай ма едік? Бақпағаннан кейін батпаққа тығып кеттік, – дейді.
Қиқылдақ[тың] Тоңқылдаққа күші жетпейді. Олар дәу һәм үлкен, Қиқылдақтың күші жетпейді. Қиқылдақ оларға күші жетпегеннен кейін барып, танасын сойып жатса, бес ақ бас атан келе жатыр екен. Бес ақ бас атанды. Қиқылдақ ұстап алып, тананың қанын басына жағып, етін артып, ауылына келіп:
– Е, қор жаралған Тоңқылдақтар-ау, таналарыңды өстірмейді екенсіңдер. Таналарыңды өлтірсең, бес ақ бас атан болады екен, – деп, ақымақ қылса, Тоңқылдақтар бәрі жабылып, танасын батпаққа тығып өлтірсе, тана түгіл, атанның басы да жоқ. Тоңқылдақтар ыза болып, Қиқылдақты өлтірейін деп келсе, үйінде шешесі отыр екен. Шешесін өлтіріп кетті, бәрі жабылып. Қиқылдақ тағы құн даулайын десе, әлі жетпейді. Өлген шешесін өгізге мінгізіп, біреудің қызылдаған қырманына апарып қояды.
Бір уақта қырманның иесі ашуланып, қызылды жеп тұрған өгіздің үстіндегі өлген кемпірді тырмаменен бір салса, жығылып қалады. Қиқылдақ жүгіріп келіп, шешесіне құн даулап, бірталай мал алып, ауылына барып, Тоңқылдақтарға айтады.
– Сендер шешелеріңді өлтірмейді екенсіңдер. Өлтірсең, мал болады екен, – депті.
Тоңқылдақтар бәрі де шешесін өлтіреді. Мал түгіл дәнеме жоқ. Тоңқылдақтар:
– Қап, мына Қиқылдақтың қорлығын–ай, – деп, Қиқылдақты ұстап алып, бір үлкен меске салып, аузын байлап, бір үлкен дарияға салып жібереді. Ағып барып, бір көпірге барып, местің аузы шешіліп, сол
жерде көпірге шығып, өлең айтып отырады. Осында өлең айтып отырса, бір жігіт қайнына мал айдап бара жатыр екен, әлгі қайнына бара жатырған жігіт өлең білмейді екен. Қиқылдаққа:
– Маған да өлең үйретші, – депті. Сонда Қиқылдақ:
– Мынау жатқан сары мес мес емес, іші толған өлең екен, – депті. Сонда күйеу тұрып:
– Мені біраз жатқызып шығарғын, – депті. Қиқылдақ күйеуді меске салып, аузын байлап, дарияға тастап жіберіпті, күйеудің малын айдап, аулына барып:
– Ей, Тоңқылдақтар-ау, судың түбіне түспейді екенсіңдер. Түссеңдер, толып жатқан мал екен, менім ағашым жоқ болып, көп айдай алмадым, сендер бір-бір бақан алып барсаңдар, малды көп айдап шығарсыңдар, – депті. Тоңқылдақтар бәрі дарияға барып, алдыменен біреуі түсіп, бақаны серең-серең етсе, әлі айдай алмай келеді десіп, бәрі суға түсіп, өліпті. Қиқылдақ әлгі малмен байыпты.
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Ернур - Сегодня, 01:13
Абай Құнанбаев (Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат)

Тайм тайм тайм

Гость Айша - Сегодня, 00:42
Көшбасшы болу үшін

Мне нужно Қазақстан тарихы 1-токсан

Апогей и - Сегодня, 00:34
Математика (Бастауыш 2 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Тжб матем

Гость Меруерт - Вчера, 23:59
Физика (9 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Цитата: www.kzПжжжж. 9кл тжб 1 тоқсан. Жауаптарын тауып беріңдерші. Керек болып тұр. Келісі апта тапсырамыз.🙏🏻🙏🏻🙏🏻🙏🏻

Гость Меруерт - Вчера, 23:59
Физика (9 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Радиусы 2,5 м дөңгелек 15м/с жылдамдықпен айналады. Дөңгелектің бұрыштық жылдамдығын тап.

Дилинур - Вчера, 23:52
Менің мектебім

Ноааолиимегшмс

Гость Фатима - Вчера, 23:31
Қазақ тілі (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Цитата: Аульбекова Асель БолатовнаҚазақ тілі 1 тоқсан 4 сынып тжб жауаптары керек Мағанда қажет😁

Гость Фатима - Вчера, 23:30
Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Суретте бейнеленген үдеріс қалай аталады? Айтып жіберіндерші өтінемін😢

Заң - Вчера, 23:14
Стихи: 4 Ноября - День народного единства России

классные стихи

Ali Jumabek - Вчера, 23:10
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Цитата: Венера1 токсан тжб математика керек