Судың биологиялық қасиеттері мен маңызы (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

 Судың биологиялық қасиеттері мен маңызы (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су және органикалық заттар
Сабақ тақырыбы: Судың биологиялық қасиеттері мен маңызы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар орындай алады:
8.4.1.2 судың биологиялық қасиеттерін және маңызын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар :
судың биологиялық қасиеттерін біледі;
Судың биологиялық маңызын түсіндіреді.

Ынтымақтастыру атмосферасын құру.

(W) Ой қозғау.
Үндеу: Сұрақ - Қандай зат қатады, ұшады және қозғалады?
Жауабы – СУ (стақандағы су көрсетіледі).

(W) Тақырып пен сабақтың мақсаттары, жетістік критерийлері тұжырымдалады.

Жоғары үлгерімді оқушылар үшін нұсқаулық карта
Практикалық жұмыс
Тақырып: Судың биологиялық қасиеттерін зерттеу.
Мақсат: судың биологиялық қасиеттерін зертей отырып ағаза тіршілігіндегі маңызын түсіндіру

Құрал-жабдықтар: су құйылған 4 стақан, Петри табақшасы, дәке, термометр, шыны таяқша, сұйық сабын, сүзгі қағаздары, мұз, 2 полиэтилен қалташасы, тұз, қант, крахмал, қасық.

Тәуекел көздері Ықтималдығы Болдырмау жолдары

Жұмыс барысы:
1. Тәжірибелерді орындап, нәтижелерін кестеге толтырыңыз.
Судың биологиялық қасиеттері
№ тәжірибе Бақыланған нәтиже Судың қасиеттері туралы қорытынды Тірі ағзалар үшін маңызы

2. №1 тәжірибе. Бір стақан таза судың температурасын өлшеңіздер. Одан кейін Петри табақшасында тұрған дәкеге аздап су құйыңыз. Температурасын өлшеңіз.
3. 2- тәжірибе. 2 стақанға аздап су құйыңыз. Біреуіне қантты, ал екіншісіне крахмалды салып, былғаңыз. Екі заттың ерігіштігі/ерімейтіні туралы қорытынды жасаңыз. Қай заттың ерігіштігі жоғары және неге екені туралы қорытынды жасаңыз. Өз бақылауларыңызды жазыңыз. Судың қасиетін зерттеп, кестені толтырыңыз.
4. 3- тәжірибе. Тегіс жерге теңгені қойыңыз. Оның үстіне тамызғымен 1 тамшы су тамызыңыз. Осылай теңгенің үстіне неше тамшы суды тамызуға болатынын болжаңыз. Су ағып кеткенше тамызу қажет. Судың қасиетін қорытындылап, кестеге енгізіңіз.
5. 4- тәжірибе. 2 стақанды алыңыз. Жартылай толтырып, әрбіреуіне су құйыңыз. Бір стақанға 1 тамшы сұйық сабын тамызыңыз да шыны таяқпен араластырыңыз. Қағаздан 2 дөңгелек жасап, әрбіреуін стақанға салыңыз. Таза су мен сабынды судағы қағаз дөңгелектерін бақылаңыз. Судың қасиетін қорытындылап, кестеге енгізіңіз.
6. №5 тәжірибе. 2 полиэтилен пакетіне мұз кесектерін салыңыздар. Бір пакетке ас тұхзын қосып, араластырамыз. Екінші қалташа мұз толықтай еріп кетуі қажет. Екі қалташадағы температураны өлшеңіз. Нәтижені кестеге енгізіңіз.
7. Судың қарастырылған қасиеттерінің тірі ағза үшін маңыздылығы туралы қорытынды шығарыңыз.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 707



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?