Сабақ жоспары (ұмж): Ағзаның өмірлік іс-әрекеті үшін микро және макроэлементтерінің маңызы. Өсімдіктерде микроэлементтер жетіспеушілігі. Органикалық және минералды тыңайтқыштар (азотты, калий и фосфорлы). (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Ағзаның өмірлік іс-әрекеті үшін микро және макроэлементтерінің маңызы. Өсімдіктерде микроэлементтер жетіспеушілігі. Органикалық және минералды тыңайтқыштар (азотты, калий и фосфорлы). (Биология, 7 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Есте сақтаңыз: Фатиха, Бақара, Ықылас, Нәс, Фалақ, Әли Имран, Кәһф және Мүлк сүрелері

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзаларды жүйелеу
Сабақ тақырыбы: Ағзаның өмірлік іс-әрекеті үшін микро- және макроэлементтерінің маңызы. Өсімдіктерде микроэлементтер жетіспеушілігі. Органикалық және минералды тыңайтқыштар (азотты, калий и фосфорлы).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): -макро- және микроэлементтерді ажырату;
- тірі ағзаларда макро- және микроэлементтердің пайдалану мысалдарын келтіру;
- өсімдіктердің минералды қоректенудің маңызын түсіну.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- макро- және микроэлементтерді ажыратады;
- өсімдіктердің минералды қоректенудің маңызын сипаттайды.

Ұйымдастыру кезеңі.

Химиялық элементтердің суреттерін көрсету.
(Т) Оқушыларға екі бөлме өсімдігін көрсетіңіздер. Біреуі минералды заттары жеткілікті жақсы дамыған өсімдік, екіншісі минералды заттары жеткіліксіз болған өсімдіктер бейнеленген. Оқушыларға берілген өсімдіктерді салыстыруды ұсыныңыз. Оз ойларын «Ой тақтасына» жазуға сұраңыз.

Сұрақтар:
1. Өсімдіктердің сыртқы түр өзгеруінің (сарғаю, солу, құрғақ жапырақтардың пайда болуы,жемістің бүлінуі) себебі неде?
2. Өсімдіктерге қандай жолмен көмектесуге болады?

(С, М) Слайдта өсімдіктердің суреттерін және химиялық элементтерді көрсетіңіз. Оқушыларға суреттердің байланысын табуға ұсыныңыз.

Тақырып пен оқыту мақсаты, сабақтың мақсаттары, жетістік критерийлері тұжырымдалады.
(Ж) Оқушыларға микро- және макроэлементердің атаулары, символдары, пайыздық қатынасы берілген карточкаларды таратыңыз. Оқушылар жұпта берілген элементтерді тірі ағзаларда мөлшері бойынша екі топқа болу керек.

(Т, Б) Оқушыларға азот, калий және фосфор элементтердің химиялық атаулары жазылған карточкаларды таңдауды ұсыныңыз. Оларды таңдаған элементері бойынша топтарға бөліңіз.
Оқушылар минералды тыңайтқыштарды зерттейді және постер жасайды:
1 топ: «Өсімдіктер үшін минералды тыңайтқыштардың құрамындағы азоттың маңызы»
2 топ: «Өсімдіктер үшін минералды тыңайтқыштардың құрамындағы калийдің маңызы»
3 топ: «Өсімдіктер үшін минералды тыңайтқыштардың құрамындағы фосфордың маңызы»
Топтар қажетті ақпаратты ноутбуктер арқылы табады (немесе таратпа материал).
Постерға қойылатын міндетті талаптар:
1. Элементтің жетіспеушілік себептері
2. Жетіспеушіліктің белгілері
3. Жетіспеушіліктің жою жолдары
Топтық жұмысты бағалау критерийлері:
1. Топтың ішінде міндеттерді бөлу.
2. Тайм-менеджмент.
3. Оқушылардың еліктіргендігі.
Жұмысты орындау барысында мұғалім оқушылардың жұмысына бақылау жүргізеді.

Топтардың жұмыстарын қорғау.
Постерді бағалау критерийлері:
1. Мәліметті түсінікті және логикалық түрде баяндау.
2. Берілген критерийлерге сәйкес келу.
3. Жұмысты эстетикалық түрінде жасау.
Бағалауды стикерлер, «Екі жұлдызша, бір тілек» арқылы өткізуге болады..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Холецистит ауруының алдын алу



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Теги

биологиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар долгосрочный и краткосрочный план на казахском биология умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик ну умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Ағзаның өмірлік іс-әрекеті үшін микро- және макроэлементтерінің маңызы Өсімдіктерде микроэлементтер жетіспеушілігі Органикалық және минералды тыңайтқыштар (азотты калий и фосфорлы) 7 сынып биология, биологиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, биология умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Ағзаның өмірлік іс-әрекеті үшін микро- және макроэлементтерінің маңызы Өсімдіктерде микроэлементтер жетіспеушілігі Органикалық және минералды тыңайтқыштар (азотты калий и фосфорлы)
Комментарии для сайта Cackle