Сабақ жоспары (ұмж): Логикалық операциялар (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия) 2-сабақ (Информатика, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Логикалық операциялар (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия) 2-сабақ (Информатика, 10 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қарапайым халық медицинасымен емделіңіз

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Деректерді ұсыну
Сабақтың тақырыбы: Логикалық операциялар (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия) 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілген оқыту мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме): • 10.2.2.1 логикалық операцияларды қолдану (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия).

Ұйымдастыру кезі.
1) Соңғы сабақтың тақырыбын қайталау: Cұрақ жауап әдісі. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, оларға жауап береді (тізбек бойынша)

Сабақтың тақырыбына кіріспе:
Сыныпқа мұғалім сұрақ қояды: Логика дегеніміз не?
Мұғалім оқушылармен бірге логиканың не екендігі туралы және неге біз осы тақырыпты информатика пәнінде оқып жатырғандығын талқылайды.

Логика - ойлаудың формалары мен тәсілдері.
Логикалық алгебра - бұл логикалық пікірлерді жазатын, есептейтін, жеңілдететін және өзгертетін математикалық құрылғы.
Логикалық алгебраның негізін қалаушы - он тоғызыншы ғасырда өмір сүрген ағылшын математикы Джордж Буль.
Пікір - қасиеттері мен олардың арасындағы қарым-қатынастары бар бекітілген немесе жоққа шығарылған нақты бір нәрсенің ойлау түрі.

Пікірдің Ақиқат немесе Жалған болып келетін екі ұғымы бар.
Алгебралық пікірде пікір арнайы логикалық айнымалыларымен белгіленеді және де олар тек қана екі ұғымның бірін, «Ақиқат» не «Жалған» қабылдайды.
Ақиқат =1
Жалған=0

Пікір түрлері:
Логикалық пікір әдетте екі түрге бөлінеді:
Карапайым логикалық пікір және құрама логикалық пікір.
Құрама логикалық пікір дегеніміз— логикалық қосылыстардың көмегімен басқа сөздерден қалыптасқан Пікір болып келеді.
Логикалық қосылыс дегеніміз — ол пікірнің кез келген логикалық операциясы болып табылады.
Мысалы, қарапайым сөйлемде қолданылатын сөздер мен сөйлемдер, яғни «Емес», «Және», «Немесе», «Егер ... олай болса», «сонда... және тек сонда» логикалық қосылыстар болып келеді

Қарапайым логикалық пікір — бұл пікірлер құрама пікірге қатысты болмайды.
Мысалы: «Жапаров - дәрігер», «Жапаров - шахматшы» - қарапайым логикалық пікір. «Жапаров - дәрігер және шахматшы» - «және» қосылысы арқылы біріктірілген екі қарапайым сөздерді қамтитын күрделі логикалық пікір.

Логикалық формуланың құрылысы: А және В
«Жапаров — дәрігер» А айнымалысы
«Жапаров — шахматшы» = В айнымалысы

Жаңа пікірлерді қалыптастыру үшін негізгі логикалық операциялар қолданылады:
логикалық терістеу –емес операциясы - инверсия
логикалық көбейту – және операциясы - конъюнкция
логикалық қосу- немесе операциясы – дизъюнкция

Негізгі логикалық қосылыстар
Қосылыс Атауы Белгіленуі Алынған Пікір Математикалық жазба
Және конъюнкция &,/\, • A және В А & В, А/\В, А•В
Немесе дизъюнкция \/,+ А немесе В А\/В, А+В
Емес инверсия -,~,¬ А емес -В, ¬А, ~A

Вентильдер:
Вентиль - бұл логикалық операцияның нәтижесін деректерге (сигналдарға) енгізілген құрылғы.

Логикалық вентиль — көптеген кіріс логикалық сигналын шығыс логикалық сигналына түрлендіре отырып, қарапайым логикалық операцияны жүзеге асыратын цифрлық тізбектің негізгі элементі..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Нәресте күтімі



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle