Қиял-ғажайып ертегі: Көк сиыр

Қиял-ғажайып ертегі: Көк сиыр

Баяғыда Әлболсын деген бір қоңырқай шаруа болыпты. Оның әйелі және бір қызы болыпты. Күндердің бірінде Әлболсын тоқал алуды арман етіпті. Әлболсын тоқал алуды, бір жақтан, жұрт көзіне түсу, екінші жақтан, үй тіршілігінде қол ұзарту деп түсінетін болса керек. Күндердің бірінде Әлболсын арманына жетіп тоқал алады. Ол да қыз табады. Өзі ұл таппаған бәйбіше тоқалдың да ұл таппауын тілейді екен. Іштей қуана отырып, ұл таппады деп жазғырып, «әдіре қалсын, күң неме» деп, тоқалды басынып алыпты, оған күн көрсетпепті. Тоқал байғұс арқалап отын, шелектеп су тасыпты, сиырды сауатын да, атты ерттейтін де, жүн түтіп, жіп иіріп, қап тоқитын да сол болыпты. Қыста суыққа тоңып, жазда ыстыққа қарылып, аш-жалаңаш жүріпті. Жаман сырма киіз етігін үсті-үстіне жамап киіп, бақытсыз қызын баспақ теріге орап өсіріпті.

Бәйбішенің қызы Әлболсынның тапқанын киіп, тоқалдың қызы ысытып берген сумен басын жуып, шашын тарап білгенін істепті. Еркелікпен аузына келген сөзді сөйлеп, бәдік және дөрекі болып өсіпті.

Әлболсын осы екі қыздан кейін перзент көрмепті. Күндер өтіп, ай толыпты, айлар өтіп жыл толыпты, жылдан жыл өтіп, екі қыз ержетіпті.

Тоқалдың қызы күң атаныпты. Анасының толып жатқан қиыншылықтарын өз үстіне алып, отын тасып, су әкелетін, ыдыс-аяқ жуатын, сиыр бағатын болыпты.

Бәйбішенің қызы бәйбішеліктің әрекет-кимылын, тәкаппарлығын, зілін және жасанды маңғаздықтарын келтіре алмай, шешесінен күнде сөз естіп, таяқ жеп, соның салдарынан өтірікші, жалтарғыш қу болып өсіпті. Бір күні шешесі ұрып-ұрып қуып шығарыпты. Ол жүгірген бойы сиыр бағып жүрген күңге барыпты. Барса, күң бір шидің түбінде бірдемені жеп отыр екен. Аң-таң болып біраз тұрыпты, тоқалдың қызы оны байқамай қолындағы өрік-мейіздерін жеп отыра беріпті. Бәйбішенің қызы дереу өзгеріп:

—Сіңлім, не жеп отырсың, маған да берші!—деп сұрапты. Байқамай қалған күң сасып:

—Ойбай, не жеп отырушы едім, қарным ашқан соң бұталардың басындағы бірдеңелерді теріп жеп отырмын,—деп өрік-мейіздерін тыға қойыпты. Ана қыз:

—Әкелші, не болса да мен көрейін,—деп қадалып тұрып алғаннан кейін, күң лажсыздан бір тал мейіз беріпті. Бәйбішенің қызы қолына мейіз тиісімен ұшып шешесіне келіп:

—Апа, «айдалада сиыр бағып қаңырығы түтеп, жұлығы шығып, үйге келсе, жуынды ішіп, суымен кіріп, күлімен шығып жүрген әлгі қу күң құрлы ақыл, ес болмады сен албастыда» деп, маған кешке шейін ұрсасың. Ол сияқты күнде өрік-мейіз жесем, мен де ақылды болар едім,—депті.
Шешесі жалма-жан қызының қолындағы мейізді алып татып көріп, қызына:

—Күңнің артынан аңдып жүр, қайтер екен,—деп тапсырыпты. Сөйтсе, сиырдың ішінде бір көк сиыр бар екен. Ол өріске барғанда күңге өрік-мейіз құсып беріп жүреді екен. Күң жартысын өзі жеп, жартысын шешесіне әкеліп беріп жүреді екен. Бұл оқиғаны қызына аңдытып жүріп әбден білгеннен кейін бәйбіше Әлболсынның мазасын алыпты. Ақыры қояр да қоймай жүріп, көк сиырды сойғызатын болыпты.

Күң көк сиырды әкелуге жылай-жылай барады. Көк сиыр жылап келген қызды көріп, жерге қарап мөңіреп, көкке қарап есінеп: «Жылама, мен тегінде сен үшін жаралғанмын, мені сойғанда ешкімге сездірмей төрт сирағымды, жалбыршақ қарнымды, екі мүйізімді, қарнымды, тілімді ал, ішегімнен бір-екі құлаш ал, сөйт те барлығын мен күнде мейіз құсып беріп жүрген жерге апарып көм. Үш күннен кейін аш»,—депті.

Күң сиырдың сирақтары мен мүйіздерін оңай алған болса да, ішек-қарнын әрең алыпты. «Түнде ит алып кетті» қылып ұрлапты. Сөйтіпті де түн ішінде апарып сиырдың айтқан жеріне көміпті. Бір күн өтіпті, екі күн өтіпті, енді қайтер екен деп, бәйбішенің қызы бірінші, екінші күні де аңдып, оның соңынан қалмапты. Бірақ бұл күннің ішінде күң ешнәрсе істемей тек жүргендіктен, бәйбіше қызының көңілі жәй тауып, аңдымайтын болыпты.

Үшінші күн күң әлгі жерді ашса, келіскен бір пар етік, бір көйлек, жекей бөрік, жібек орамал тұр екен. Алып киіп көрсе, сондай жарасыпты. Бірақ көк сиыр сойылғанда, тілі басымен бірге қазанға түсіп кеткендіктен, оны ала алмай қалған екен, егер ол да болған болса келіскен күміс тарақ болып шықпақ екен.

Бұл киімдерді көрген күң бұрынғысынан әрі шаттанып, суға барып әбден шомылыпты, басын жуып, шашын қолымен болса да әдемілеп тарапты. Әлгі киімдерді сиыр баққанда киіп, үйіне қайтқанда өз орнына тығып қойып кетіп жүріпті.
Күң бұрынғысынан әрі жарқын, жеңіл, епшіл, сүйкімді бола түскендіктен, бәйбіше онан әрі күндестік қылып, өз қызына ұрса бастапты.

Бірақ істі бір рет байқатып алған күң ендігі сырын бәйбіше мен оның қызына сездірмепті. Күндердің бірінде сиырға оқыра тиіп, бір сиыр табыннан бөлініп шыға қашыпты. Соны қайырамын деп күң жүгіріпті. Сиырға жету қиын болыпты, сонда күң етігі ауырлап, оны шешіп қолына ала жүгірген екен. Сиыр тіпті бой бермегеннен кейін, бір сыңарын лақтырыпты. Сиыр сонда да қайыру бермепті. Күңнің етікке қайрылуға мұршасы келмей, қуа беріпті, ақыры сиырды зорға дегенде тоқтатыпты. Қайда қалғанын болжай алмай кеткендіктен қайтып келіп етікті әрі іздепті, бері іздепті, таба алмапты, ақыры үмітін үзіпті.

Бір күні бір жігіт сол жерден өтіп бара жатып, әлгі етікті тауып алыпты. Бұл әкесі үш қатын алған бір байдың баласы екен. Үш қатынның пәлесінен үйінде тыныштықтың болмағанынан әбден тойып, «ержеткенде көп қатын алып мынадай азапта жүргенше, таңдап тұрып сүйген біреуімді алайын» деп жүрген жігіт екен. Әлгі етік оған әбден ұнапты. «Апырай,—депті ол ішінен,—осы етік аяғына дәл келетін қызда мін болар ма екен».

Сөйтіп, ол етікті алып ел аралапты. «Осы етік кімде-кімнің аяғына дәл келсе, соны аламын» деп, жар салыпты. Байға қолы жетсе, аспанға қолы жеткендей болатын надан ел қандай, Әлбосынның бәйбішесі сияқты талай бәйбіше қыздарын әкеліп етікті кигізіп көріпті. Бірақ, біреуінің де аяғына сыймай, талай қыз таяқ жепті шешелерінен. Ал етік аяғына сыйған қыздар тым кішкене қыздар болыпты. Жігіт: «Апырай, осынша елден ешкімнің шықпағаны ма»,—деп қайтып келе жатып, жолда әлгі сиыр бағып жүрген күңге кездесіпті. Жекей бөрікті сәндеп киген, жібек орамалды мойнына бос салып алған, бір қолында сыңар етігі бар жалаң аяқ қызды көрген жерде жігіт аттан ұшып түсіпті. Қыз да етігін бас салыпты.

—Ағатай-ай, мынау менің етігім ғой, қайдан тауып алдыңыз?—деп сұрапты күң. Жігіт қыздың аты-жөнін сұрап ала салып, үйіне қарай шауыпты. Күң «етігімді беріп кетіңіз» деп, айқай салса қарамапты. Ол үйіне бара салып әкесіне айтып, ертеңіне күңнің үйіне кісі салыпты.
Бәйбіше жер-көкке сыймай қуанып, қызын шомылдырып, шашын тарап даярлатып тұрыпты. Немене, ай-үй дегенше әзірліктерін істеп жіберіп жігіт келіпті. Келсе, әлгі қыз жоқ, ерні қалың, кабағы түксиген бір сары қыз отыр екен. Жігіт ренжіпті. Әлболсынның үйі жігіттің ренжігенін біліп, лажсыздан күңнің кызын көрсетіпті. Бірақ баяғыдағы киімдері жоқ, сөйтсе де сүйек сымбаты ұқсап тұр. Көзі-көзіне бір-екі рет тоқталғанда-ақ жігіт қызды тани қойыпты. Кұралайдың көзіндей жалтырап күлімдеген көзге жігіт ойы сүріне беріпті. Қолындағы сыңар етікті кигізсе, дәл келе кетіпті. Жігіт таң қалып, не істерін білмепті. Ақыры күң оқиғаны бастан-аяқ айтып берген соң, жігіт мықты сенімге келеді. Әлбосын қарбандап тойын жасап, қызды ұзатыпты.

Сөйтіп, ақылды қызы мен тоқалдың аз да болса кәдірі асып қалады. Ал бәйбіше қызын төмпештей береді. Шыдатар болмаған соң, қыз бір күні ұзатылған сіңлісіне келеді. Сіңлісімен біраз мұң айтысқан болып отырып, суға шомылып келуге ұсыныс етеді. Сіңлісі мақұл болады. Екеуі бір кішкене көлге келеді. Бәйбішенің қызы:

—Мынау көл шомылғанға жағдайсыздау екен, жиегінде тұрып бір-бірімізді қолымыздан ұстап шомылмасақ болмайды, мен үлкенмін ғой, алдымен мен шомылайын, сен мені қолымнан ұстап тұрып көлге үш рет матырып ал, одан соң мен сені сүйтем,—депті. Сонымен сіңлісі әпкесін шомылдырыпты. Енді әпкесі сіңлісін екі рет матырып, үшіншіге келгенде көлдің түбіне қарай итеріп жіберіпті. Сіңлісі бақыра-бақыра көлдің ортасына қарай батып көрінбей кетіпті. Бәйбішенің қызы жалма-жан суда өлген сіңлісінің киімдерін киіп о жақ, бұ жағына қарап, сіңлісіне ұқсаған болып, үйіне барып сызылып отырыпты.

Кешінде әлгі жігіт келіпті. Даладан ері келгенде күнде жарастықты мінезбен қарсы алатын әйелі бүгін ондай етпепті. Сөйтсе, бәйбішенің қызы күңнің бұл әдетін байқамаған екен. Жігіт «әке-ау, бұл қалай» деп, атын байлап үйге кіріпті. Әйелінің қимылы өрескел, қамшысын бергенде орнына қоймай, басқа жерге қойыпты. Дегенмен көп көңіл бөле қоймай, жігіт орнына барып отырыпты. Күндегідей бабымен даярланған тамақтың да мәнісі жоқ. Әрі-беріден соң жігіт күдіктеніп әйелінен:

—Өзіңе не болған?—деп сұрапты. Әйелі:

—Еш нәрсе, әншейін, бағана күндіз ұйықтап едім, сонан бойым байсал тартып қалған ғой,—депті. Оның арасында сырттан дабырлаған дауыс шығыпты, қараса, бір-екі адам қонақ келіпті. Сонымен әйелі жайындағы әңгіме қалып, жігіт қонақтарға айналып отыра беріпті. Қонаққа сойыс мал әкеліпті, ет пісіп қолға су құймақ болыпты. Күтуші жігіт су әкелгенде шелекке бір бақа ілесе келіпті. Бәйбішенің қызы қатты шошып, бақаны далаға лақтырып жіберіпті. Жігіт «апыр-ай, албаты бақа-сақа, қоңыз сияқтылардан орынсыз қорықпаушы еді, бұған бірдеме болған екен, бетін жақсы байқай алмай отырғаным-ай» деп, іштей ойланып қойыпты.

Ертеңінде далаға шықса, есік алдында бір үлкен бәйтеректің көктеп тұрғанын көріпті. Жігіт бұл кереметті көріп секем алыпты. Әйелінің өзгеріп қалғанын, есік алдына мына бәйтеректің орнап қалғанын—барлығын «тіл-көздің ісі» деп түсініп, молла іздепті. Бәйбішенің қызы осы болып жатқан құбылыстарды сезіп, байқап жүрген екен. Қыз бәйтеректі кесіп тастауға бұйырады. Бір жігіт келіп балтамен шауып қалғанда ұшар басында тұрған бір тал жапырақ ұшып кетеді. Оны ешкім байқамапты. Ағашты кесіп тастапты. Жігіт үйіне молла әкеліп, кітап аштырады.

Әлгі жапырақ ұшқаннан ұшып отырып, бір ауылдың шетіндегі киізі қырық жамау қараша үйдің шаңырағына келіп, үйде көйлегінің жыртығын жамап отырған кемпірдің алдына түседі. Кемпір «жақын арада ағаш жоқ, бұл жарықтық қайдан келді екен» деп ырым қылыпты. Оны көріп, балта саптап отырған шал қолын соза бергенде, жапырақ бу болып бұрқ ете түседі. Кемпір мен шал талып қалады. Бір кезде естерін жиса, үйлерінде ай мен күндей бір сұлу қыздың отырғанын көреді. Қыз сондайлық сыпайылықпен сызылып, «апа, инеңізді мен сабақтап берейін» деп, кемпірдің қасына келеді. Кемпір-шал сұстанып тұрып қалыпты. Ақыры қыз оларды өзіне тартып, бір-біріне үйренісіп, сол үйге бала болып кетеді.

Жігіт молладан еш нәрсе өнбеген соң, не істерін білмей құса болып, қолына қаршығасын қондырып жүріп кетеді. Бір жерге келгенде бір қоян қашады. Қаршығаны қоя берсе, қоянға қарамай, ұшқан бойынша әлгі жапырақ түскен үйдің шаңырағына барып қонып отырып алады. Әрі шақырса келмейді, бері шақырса келмейді. Ақыры жігіт үйдің қасына келеді. Қаршыға шаңырақтан үйдің ішіне үңіліп отыр екен. Айқай салып шақырса да, қарамапты. «Әке-ау, бұл қалай» деп, атынан түсіп, үйге кіруге рұқсат сұрайды, кемпір шығып:

—Кірсең кір, қарағым, жалғыз-ақ буының берік болсын,—дейді. Жігіт «бұнысы несі екен» деп, кіріп келіп, ай мен күндей болып бұралып бір қыздың отырғанын көреді. Қыз орнынан тұрып, төріне алаша төсеп жігітті қарсы алады. Жігіт қыздың бас-аяғына көзінің қырын салып барып отыра бергенде, қыздың көзіне көзі түсіп кетіп талып қалады. Су бүріккен соң есін жияды. Жігіт қызды танып, ішіндегі бар әңгіме-сырларын баяндайды. Қыз да өзінің басынан кешірген оқиғаларын айтыпты. Бірақ, осы үйде қыз қалпына келгеннен бұрынғы оқиғаларын білмейді екен. Ол тек осы үйде туып, осы үйде өстім деп түсінеді. Ақыры жігіт кемпір мен шалдың қызына кұда түсіп, тиісті той-тамашаларын жасап қызды алыпты. Баяғы көк сиырдан қалған киімдерін әкеліп кигізгенде, қыз сонда ғана есіне келеді де, бастан кешкен барлық оқиғаларын түгел айтады.

Ол кездегі елде «береке түбі—мереке, мереке бұзғанға бейнет» деген бір жол бар екен. Бұл оқиға сол жол бойынша тектеліп, жексұрын бәйбішенің жазасы беріліпті. Әлболсын мен тоқал бірге өмір кешіріпті. Тоқалдың қызы мен жігіт қосылып мұрат-мақсаттарына жетіпті.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі