Қанатты (нақыл) сөздер: Илон Маск

Қанатты (нақыл) сөздер: Илон Маск


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Халқымыздың төл құрал саймандары

Егер сіз миллион доллардың иесі болсаңыз, онда бұл сіздің өмір салтыңызды өзгертеді. Өзгелер сізге жағыну үшін өрескел өтірік айтады. Бірақ маған олай ұнамайды. Қарапайым өмір сүрсем деймін. Сол үшін де, мен күн сайын және демалыс күндері жұмыс істеймін, бірнеше жылдан бері демалысқа шыққан емеспін.

Ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір күні өзіміз белгілеген шекарадан шығуға тура келеді. Немесе қоршаған, тар, көкжиек шеңберімізді кеңейтеміз, немесе өзгеріссіз өлуге мәжбүр боламыз.

Зымыраннан қымбат ештеңе жоқ. Негізі адамдар оны бұрын өте әлсіз, арзан дүниелерден жасаған еді. Бірақ тиімсіз жолмен жасаған соң өте күрделі, қымбат болып көрінді және солай бағаланды.

Пікірлер теріс болса сұрау және оларға мән беру — өте маңызды. Әдетте, адамдар жағымсыз эмоциядан аулақ болуы үшін мұндайдан қашық, алшақ жүреді. Бірақ менің ойымша, бұл қате. Сынды ескермеген адам өспейді.

Біз өзіміз жақсы көретін дүниеге қалай қол жеткізуге болатынын ойлауымыз керек. Сол арқылы әлемді жаңартамыз.

Егер бірнеше жүз жыл артқа шегінсек, бүгінде біз қарапайым нәрселер деп санайтынның бәрі — сиқырлы болып көрінер еді. Мысалы, қашықтықтан сөйлесу, ұшу, үлкен көлемді ақпаратты өңдеу, бүкіл әлемді алақандай телефоннан тамашалау, т,б. Шынында да, бұрын бұл сиқырға ұқсайтын еді. Енді, бүгінгі күні сиқыр боп көрінетін болашақтағы қарапайым «ғажайыпты» сізде ойлап таба аласыз ғой.

Мен 20 жыл ішінде көптеген жаңа көліктер толықтай электр қуатына ие болады деп сенімді түрде болжаймын. Тіпті, 20-да емес, 10 жылдан кейін де орын алуы мүмкін.

Менің ойымша, саясаткерлердің көбісі электромобильдерге қарсы емес. Әрине, қарсы шығатындары бар. Бірақ, олар өмірдегі орын алуы мүмкін кейбір жағдайларға сенбейді. Олар ешқашан мұнай бітпейді деп ойлайды.

Шындығында, мен уақытты басқару туралы бірде-бір кітаптан оқыған емеспін. Мақсатың болса, уақытты оқусыз-ақ басқарасың.

Адамдар үшін ғаламшарға оңай бара алатын жол ашқым келеді.

Мен ұшатын автокөліктерді де жасаймын. Ол түк те қиын емес. Тек артық дыбыссыз, әрі қауіпсіз етіп жасау қиынырақ.

Осы күні көптеген ірі баспасөз құралдары бір ғана сұраққа жиі жауап іздеуге тырысады: «Бүгін жер бетінде қандай жаман жағдай орын алды?». «Қандай жақсылық болды?» — деген сұрақ бірінші орында емес. Өкінішті…

Мен сүйікті ісімнің «ауруына шалдыққан» америкалық тұрғынмын. Мұндай аурумен ауыратындар үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.

«Жеңілу қалыпты жағдай» деп айтпаңыз. Жеңілу қалыпты емес. Тек, ойыңыз, идеяңыз шикі. Нақты идея — ешқашан сәтсіздікке ұшырамайды.

Өзіңді ақылды етіп көрсету, яғни, «Жасанды ақыл» — бүкіл адамзат үшін негізгі қауіптің бірі.

Көптеген ірі компанияларда ойлаудың орнына жұмыс үдерісіне қатты мән береді. Ондай жерлерде сіз өзіңізді үлкен механизмдегі кішкентай бір бұранда сияқты сезінесіз. Шынымды айтсам, бұл жүйе аса ақылды емес, жарытып шығармашылықпен де айналыса алмайтын адамдарға ғана арналған.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Сақтықта қорлық жоқ! - Пешті қысқа дайындау





Комментарии для сайта Cackle