Қанатты (нақыл) сөздер: Максим Горький

Қанатты (нақыл) сөздер: Максим Горький


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Рамазан айы. Пітір садақа берудің маңызы

Сөздi iске айналдыру iстен сөзге көшкеннен әлдеқайда қиын.

Әр күндi кiшкентай өмiр деп қарау керек.

Ең қасиеттi нәрсе — адамның өзiне-өзi наразылығы.

Мәдениетті адам болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді — көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуіне де кітап бетінен дидарласасың.

Келешектің бақыты мен құдіретті күші жолында адамзат жаратқан күллі кереметтердің ең күрделі де ұлы кереметі кітап бола алады.

Егер мен байысам, тек қана кітап сатып алар едім.

Өз бойымдағы барлық ең жақсы қасиеттерім үшін кітапқа қарыздармын.

Кітап — әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.

Адамдар - әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды.

Өзіңе, өзіңнің күшіңе деген сеніммен қаруланып алу керек, ал бұл сенімге кедергілерді жеңу арқылы, ерікті тәрбиелеп, оны «жаттықтыру» арқылы жетеді. Өз бойыңдағы және өзіңнен тысқары жердегі өткеннің, түкке алғысыз мұрасын жеңуге үйрену қажет... Өзін-өзі сәл ғана жеңудің өзі адамды ана ғұрлым күшті етеді.

Балалар тәрбиесін – үлкендерден бастау керек.

Білімнен қуатты күш жоқ, біліммен қаруланған адам жеңілмейді.

Дүниеде еңбек пен шығарманың қиындығын жеңуден асқан ұлы ерлік жоқ.

Біліммен қаруланған адам – жеңімпаз адам.

Өмір парасаттылығы адамдардың парасаттылығынан әлдеқайда терең және кең.

Адам өзін құрметтеуге тиіс.

Өмірде ерлікке әрқашан орын бар.

Адам — ардақты ат.

Мұғалім, егер ол адал болса, әрқашан зейінді шәкірт те болуға тиіс.

Үйренбейтін немесе аз үйренетін мұғалім - жаман мұғалім.

Денесін жаттықтыру арқылы адам дені сау, төзімді епті болмақ, өз ақыл-ойыңды, өз еркіңді осылай шыңдау қажет.

Аз да болса өз ақылың болсын

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жігіттерге арналған эротикалық массаж… (+18)





Комментарии для сайта Cackle