Сенека

 Сенека

Маған белгiлi бiр мағынада құл емес адамды көрсетшi.

Кімнің ісі жүріп тұрса — достары мың, қиналысқа түссе — айналасы шөл.

...егер кітапты оқи қалсаң, оқыған нәрсеңнің негізгі ойын көңілге тоқи біл.

Ғасыр жасасаң да, ғасыр бойы қалай өмір сүру керектігін үйрен.

Біреуге бірдеңе айтпастан бұрын, оны әуелі өзіңе айтып ал.

Жақсылыққа үлгі көрсетіп жетпесе, уағыз айтумен жету қиын.

Маскүнемдік — өз еркіңмен ақылдан алжасу.

Әлі де болса белгісіз бірдеңелер қалып тұрғанда ұдайы оқып үйрену керек болмақ.

Егер дұрыс пайдалана білсеңіз, өмір – ол айтарлықтай ұзаққа созылатын нәрсе.

Жақсылыққа құр сөз арқылы шақырып, ынтықтыру мүмкін емес. Адамның табиғаты сол - кез келген нәрседе үлгіні қажет етеді.

Жазылудың ең негізгі шартының бірі – жазылуға деген құлшыныстың болуы. Егер сіздің іс-әрекеттеріңізде жазылуға деген құлшыныс болмаса, жалғыз дәрігердің күш-жігері нәтиже беруі екіталай.

Егер кеме қай портқа барарын білмесе, оған ешбір жел қуалап соқпайды.

Өзін басқара алмайтын адам – құл

Азғантай дүниесі бар адам кедей емес, көп дүние қалайтын адам кедей.

Жастықтың қалай өтіп жатқанын ешкім де аңғармайды, ал өтіп кеткенін сезгенде әркім "Аһ" ұрады.

Өмір ұзақтығымен өлшенбейді, мазмұнымен өлшенеді

Кітаптардың саны емес, оның сапалысы, жақсысы пайда келтіреді. Бұны көбі біледі, мойындайды, бірақ өздері амал етпейді.

Ерлік дегеніміз - үрейді жирене жек көру. Ол бізге төнген қауіп-қатерлерді мансұқ етеді, оларды шайқасқа шақырып, күйретеді.

Достық сенімсіздік басталған жерде бітеді.

Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.

Бәрінен күшті адам - өзіне-өзі ие болатын адам.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі