Қанатты (нақыл) сөздер: Томас Эдисон

Қанатты (нақыл) сөздер: Томас Эдисон


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тойға дайындық: Қалыңдық қорқынышы

— Сіз неліктен электр шамын жасағаныңызды білесіз бе?
— Жоқ… Бірақ бір білерім, үкімет бұл үшін адамдардан қалай ақша алуды жақында ойлап табатын болады.

Адамдар өз мүмкіндіктерін өздері босқа жіберіп алады. Өйткені ол қолына күрек пен балға ұстаған жұмысқа ұқсайды.

Мен 33 жыл өнертапқыш-кәсіпкер болып қызмет еттім. Және менің өз тәжірибиемде байқағаным, Құдай бізге жіберген әрбір қиын мәселенің артында шешімін де тауып қойған. Егер өзіміз соның шешімін табуға талпынбаған болсақ, құдайды босқа кінәлі етуді қояйықшы.

Сенім — бұл ойлана алмайтындар үшін жұбаныш.

Әрекеттегі әрбір сәтсіздік — бұл алға басқан тағы бір қадам.

Данышпандықтың құпиясы қарапайым — еңбек, табандылық және парасаттылық.

Өркениеттің ең басты міндеті — адамды дұрыс ойлауға үйрету.

Маған аттар да, кемелер де керек емес. Оларға менің уақытым жоқ. Маған шеберхана керек!

Адамдардың көпшілігі күндердің күні бай болып оянатындарына сенеді. Олардың ойы жартылай дұрыс. Өйткені олар бір күні шынымен де оянады.

Мен ешқашан жеңілген емеспін. Тек жүзеге аспайтын 10 000 тәсілді байқап көрдім. Біздің ең басты қателігіміз — нәтижесін көрмей жатып, тез беріле салуымызда. Табысқа жетудің ең сенімді жолы — тағы бір рет қайталап көру.

Менде демалыс және жұмыс күні болған жоқ. Өйткені мен жұмыс істеп жүріп рахаттандым.

Мазасыздық пен қанағаттанбаушылық — дамудың алғашқы шарты.

Біз барлығын қолымыздан келгенше соңына дейін істесек, нәтижесіне өзіміз таң қалар едік.

Жұмыс істеудің тағы бір тәсілі пайда болса, оның жолын тез арада тап.

Ең үлкен қателік тез берілетіндігімізде. Қалағаныңа қол жеткізу үшін тағы бір көруге болады ғой.

Ғұлама болудың құпиясы – жұмыс, бірбеткейлік, сананың саулығы.

Өркениеттің ең маңызды мақсаты – адамға ойлануды үйрету.

Мақсатқа тек қателік жасап, тәжірибе жинау арқылы жетесің.

Кемеңгерлік-1 пайыз шабыт және 99 пайыз еңбектен тұрады.

Мүсіншіге мәрмәр үйіндісі керек болғандай, адамның жанына да білім қажет.

Менің демалыс және жұмыс күнім болған емес. Мен жай ғана жұмысымды жасадым және содан ләззат алдым.

Уақыт – әр адамның еншісіне бұйырған әрі зая кетіре алмайтын жалғыз капитал.

Мен жеңілістерді көтере алмайтынмын. Мен жай ғана іске аспайтын 10 000 әдісті таптым.

Біздің ең үлкен кемшілігіміз қиындыққа тез берілеміз. Сәттілікке деген ең дұрыс жол – тағы да бір рет қадам жасап көру.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
3 жасқа дейінгі балаларға зиянды 10 тағам



00


Комментарии для сайта Cackle