Фрэнсис Бэкон

 Фрэнсис Бэкон

Бiз тарихтан кемеңгерлiктi, поэзиядан — шешендiктi, математикадан — зеректiктi, жаратылыс ғылымдарынан — тереңдiктi, адамгершiлiк философиясынан — байыптылықты, логика мен көсемсөзден — айтысу дағдысын үйренемiз.

Томаға тұйықтықтың үш түрi бар. Бiрiншiсiнде адам өзiнiң кiм екенiн бiлдiртпей, ұстамдылық пен үнсiздiк сақтайды; екiншiсiнде ол белгiлер мен шаралардың көмегiмен өзi туралы жалған түсiнiк беретiн жалтарушылықты ұсынады; үшiншiсi екi жүздiлiк, ол өзiнiң кiм екенiн бiлдiрмеуге тырысып, әдейi жасанды қылық жасайды.

.... Адам лайықты бола түскен сайын ол жұрттың көп бөлігінің өзіне аяугершілікпен қарайтынын сезіне түседі.

Жоғары лауазым адамды үш нәрсенiң: мемлекеттiң немесе тақсырдың, жұрт сөзiнiң және өз iсiнiң құлы етедi; ол ендi өзiне де, өзiнiң қылықтарына да, өз уақытына да ие бола алмайды.

Айлалылар бiлiмді жек көредi, ақкөңiлдер оған таңырқайды, ақылдылар оны пайдаланады.

Көптеген дана адамдар сөзге сараң болғанмен, жүзi жарқын.

Кітап — заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі.

Кітап оқу адамды білімді, әңгімелесу – тапқыр, ал жазып алу әдеті – дәлшіл етеді.

Өркөкіректікте басқа кемшіліктердің жақсы қасиеті жоқ - ол жасырын бола алмайды.

Білім мен құдіреттілік — екеуі бір нәрсе.

Тамақты тарта жесең санаңды ашар,
Көп жесең ұйқы басар.

Мен ешқашан кәрі адам болмаймын. Мен үшін кәрілік әрдайым менен 15 жасқа үлкен.

Уақыт төрт затта жақсы білінеді: ескі ағаш жаңғанға жақсы, ескі вино ішкенге жақсы, ескі дос сенгенге жақсы, ескі автор оқығанға жақсы.

Өз жауыңды кешіргеннен артық атақ жоқ.
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий