Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

 Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.3.1 өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау
Сабақ мақсаттары: • өз аймағының экологиялық мәселелерін анықтау;
• өз аймағының экологиялық мәселелерінің пайда болу себептерін талдау;
• өз аймағының экологиялық мәселелерді алдын алу жолдарын ұсыну.

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар әр түрлі экологиялық мәселелердің суреттері арқылы топтарға бөлінеді. Әр топ суреттегі мәселеніатау арқылы 5- сыныптағы 5.6.3.1 ҚР экологиялық мәселелерін атау, 5.6.3.2 өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу оқу мақсаттары бойынша білімдерін көрсетеді.

2. Ой шақыру.
Оқушылар өз аймағының экологиялық мәселелерін топтастырады.

Дескрипторлар
Оқушы
Суреттегі экологиялық мәселелерді сипаттайды.
3. Мақсатты тұжырымдау.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.
4. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Жергілікті экологиялық мәселелер — белгілі бір жергілікті шағын аумақтың табиғат байлықтарының жеке тобын немесе бір ғана түрін қорғаумен ерекшеленеді. Мұндай мәселелер жергілікті деңгейде (бір мемлекеттің өз ішінде) шешуді қажет етеді. Мысалы, Шарын шатқалындағы геологиялық замандардан сақталып келген шаған (ерен) тоғайын қорғау немесе Алакөлдегі реликті шағала (қара мойнақ шағала) түрін сақтап калу, Балқаш көлінің экологиялық жағдайы және т.б. атауға болады.

5. Топтық жұмыс.
Топырақтың тұздылығының өсімдік өсуіне әсерін зерттеу үшін тәжірибе жасау ұсынылады. Эксперимент тұзды және ауыз сумен ылғалданған мақта жастықшаларда өсірілген үрмебұршақ тұқымдарын зерттейді. Тұқымдардың өсуіндегі өзгерістерді сипаттап жазады. Нәтижелерімен бөліседі. Қорытынды жасайды.
Тұзды су

Ауызсу
Әр топ өз жұмыстарымен бөліседі, мұғалім кері байланыс береді.
Дескрипторлар
Оқушы
Тұзды суда өскен тұқымдардың ерекшеліктерін сипаттайды;
Ауызсуда өскен тұқымдардың ерекшеліктерін анықтайды.

6. Cабақты бекіту. «Алып қадамдар» жаттығуын орындау.
Ол үшін:
1. Оқушылар бір сызықпен қатарға тұрады.
2. Мұғалім тұжырымдарды оқиды.
3. Оқушылар тұжырымдамалармен келісетін болса бір қадам алға жылжиды. Егер тұжырымдармен келіспесе артқа бір қадам жасайды. Егер сенімсіз болса, орынынан қозғалмайды.
4. Оқушылар әр жасаған қадамына түсініктеме береді........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 434



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі