Электроскоп не үшін қажет? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

 Электроскоп не үшін қажет? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Электроскоп не үшін қажет?
Оқу мақсаты: түрлі материалдардың электрөткізгіштігін зерттеу;
зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы:
Денені қалай зарядтауға болатындығын білу;
Заряд түрлерін білу;
Оқушылардың көбі:
Берілген нұсқаулықты пайдалана отырып, электроскоп моделін жасау;
Оқушылардың кейбірі:
Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алау;
Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алу;

Бөлімге кіріспе.
Эксперименттік тапсырма орындайды
1. Үрленген шарлар немесе теннис шарын жіпке байлап екі оқушы бір-біріне жақын етіп орналастырады.
2. Үшінші оқушы шашын тарақпен тарап, бір оқушының шарына тигізеді.
3. Қалған оқушылар не байқағандарын айтады.
4. Енді үшінші оқушы шашын тарақпен тарап, екінші шарға жақындатады.
5. Қалған оқушылар не байқағандарын айтады.
(бірінші жағдайда екі шар бір-біріне қарай тартылады, екінші жағдайда шарлар бір-бірінен ажырауға тырысып тебіледі.)
Оқушылардан шарлар неге тебілді? немесе шарлар бір-біріне неліктен тартылды? деген сұрақтар қою арқылы олардың теледидер немес энциклопедиялардан білетін «заряд» ұғымына шығамын.
Зарядтың неше түрі болады деп ойлайсыңдар?
Егер екі шар да бірдей «+» немесе «-» таңбалы болса, шарлар не істейді?
Егер екі шардың бірі «+» бірі «-» болса, шарлар не істейді?
Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау.
Сабақ тақырыбы:
Электроскоп не үшін қажет?
Сабақ мақсаттары:
Денелерді қалай зарядтауға болатындығын біледі;
Заряд түрлерін біледі;
Денедегі зарядтың бар немесе жоқ екендігін электроскоп көмегімен анықтауды біледі;
Қандай денелер зарядтарды жақсы өткізетінін және өткізбейтіндігін анықтайды;
Модель жаса. Эектроскоп
1. фольганы умаждап екі шар жасаңдар.
2. жасаған әр шарларыңа иілген сымды бекітіңдер.
3. саңылауы бар қақпаққа суреттегідей орналастырыңдар.
4. иілген сым басына фольгадан жасалған тілше қағазды суретте берілгендей етіп, іліңдер.
5. қақпақты берілген банкаға ақырындап кигізіңдер.
ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.
Зерттеу жұмысы
«Қандай денелер өз бойынан заряд өткізеді?».
Зерттеу жұмысын бастамас бұрын сыныпты шағын топтарға бөліп аламын.
Бөлінген топтар зерттеу жұмыстарын жасайды және алған нәтижелерін өз араларында қорытындылайды.
Зерттеу сұрағы:
«Электроскоп құралы не үшін қолданылады?»
«Дененің зарядталғандығын немес зарядталмағандығын электроскоп көмегімен қалай бақылауға болады?
1. дайын болған электроскоптың біріне тарақты немес қаламды шашыңа үйкеп электроскоп шарына жақынтатыңдар.
2. неліктен тілшелер екі жаққа ажырады? Сипаттап жазыңдар.
3. екі электроскопты бір-біріне жақын орналастырыңыз және бір электроскоп шарына шашқа үйкелген тарақ немес қаламды жақындатыңыз.
4. шыны түтікшені жібінен ұстап, зарядталған элек-троскоп пен зарядталмаған электроскоптың шарларына ақырындап тигізіңдер. Бақылаңдар және нәтижені тіркеңдер.
5. пластмасса сызғышты жібінен ұстап, зарядталған элек¬троскоп пен зарядталмаған электроскоптың шарларына ақырындап тигізіңдер. Бақылаңдар және нәтижені тіркеңдер.
6. Ағаш сызғышты жібінен ұстап, зарядталған элек-троскоп пен зарядталмаған электроскоптың шарларына ақырындап тигізіңдер. Бақылаңдар және нәтижені тіркеңдер.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 212



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі