Сабақ жоспары (ұмж): Ауада Архимед күші қалай орындалады? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Ауада Архимед күші қалай орындалады? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Өлімін бе, тірімін бе, әлі де білмеймін

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы.
Сабақтың тақырыбы: Ауада Архимед күші қалай орындалады?
Оқу мақсаты: Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру;
судағы әр түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау;
зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы:
Суда жүзген адамға қандай күштер әсер ететіндігін білу;
Оқушылардың көбі:
Әуеде ұшатын апппаратттардың атын білу;
Неліктен суреттегі шардың бірі жоғары көтерілетіндігін, ал екіншісі төмен түсетіндігін білу;
Оқушылардың кейбірі:
Демонстрация арқылы көрсетілген зерттеу жұмысын қорытындылай алу;
Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алу;

Бөлімге кіріспе. Ауа мұхиты.
Оқушыларға суда жүзіп жүрген адамдардың суретін көрсетіп, адамға қан¬дай күш әсер ететіндігін сұраймын.
(Оған тартылу күші мен судың кері итеруші күші әсер етеді)
Енді балаларды орнынан тұрғызамын. Қазір бізге қандай күш әсер етіп тұр? – деп сұраймын.
(ауырлық күші)
Балалар жаттығу жасайды: алақан¬дарын жазып, екі қолдарын екі жаққа сермейді. Не сез¬діңдер?
(алақандары ауамен жанасады)
Ауа қалай әсер етті, алақанның қозға¬луына көмектесті ме, әлде кедергі жасады ма?
(Ауа кедергі келтірді, себебі ол қозғалысқа түскен алақанға қарсы бағытталды)
Балаларға суда жүзгендей қимыл жасатамын. Біз қайда жүзіп жүрміз?
(ауада жүзіп, тіршілік етеміз). Суда әсер ететін кері итеруші күші ауада да әсер ететінін айтамын.
Шар
Оқушыларға екі түрлі шарды әкеліп (егер мүмкіндік болмаса суреттен) көрсетемін.
Гелиймен толтырылған шар әуеге көтеріледі, ал ауамен толтырылған шар еденгеқарай төмен түседі. Неліктен?
Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау.
Сабақ тақырыбы:
Ауада Архимед күші қалай орындалады?
Сабақ мақсаттары:
Архимед заңы ауада қалай орындалатынын білу;
ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.
Әуеде ұшу.
Суретте не бейнеленген?
Аппараттар қалай ұшады деп ойлайсыңдар?
Ауадан жеңіл газдарды пайдалана отырып, ұшатын қандай аппаратттарды білесіңдер?
Олар қандай күштің әсерінен ұшады?
Зерттеу жұмысы
«Целофан қалта неге ұшады?».
Зерттеу жұмысын демонстрация ретінде көрсетемін.
Оқушылар көргенін бақылап қажетті ақпаратты жазып отырады.
Зерттеу сұрағы:
«Қоқыс салуға арналған целофан қалта ұша ма?»
1. Оқушыларға қоқыс салуға арналған қалтаны көр¬сетіп «Бұл затты қалай ұшыруға болады?» – деген сұрақ қоямын. Оқушылар болжам жасайды.
2. Жазық тәрелкеге екі майшамды құламайтындай орналастырамын........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Шынымен де бетті жасартатын маска



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle