Сабақ жоспары (ұмж): Кері итеруші күш деген не? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Кері итеруші күш деген не? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Түрлі ісік ауруларынан айықтыру дұғасы

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы.
Сабақтың тақырыбы: Кері итеруші күш деген не?
Оқу мақсаты: судағы әр түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау;
зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы:
Суретте көрсетілген денелерге әсер ететін күштерді сипаттау;
Оқушылардың көбі:
Денелерге су ішінде ауырлық күші әрекет ететіндігін білу;
Оқушылардың кейбірі:
Неліктен кейбір денелер суға батпайтындығын дұрыс сипаттау;
Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алу;
Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алу;

Бөлімге кіріспе.
Суретте көрсетілген денелерге қандай күштер әсер етеді?
Денелерге су ішінде ауырлық күші әсер ете ме?
Қандай денелер суға батады?
Неліктен кейбір денелер суға батпайды?
Жұбыңмен бірігіп зерттеу жасаңдар.
Суретте көрсетілген барлық денелерді стакандағы суға салу арқылы жасаған болжамдарыңды дәлелдеңдер.
Қорытынды жасаңдар.
Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау.
Сабақ тақырыбы:
Кері итеруші күш деген не?
Сабақ мақсаттары:
кері итеруші күштің не екенін және оның қалай әсер ететінін білу
ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.
Кім күшті?
Жаздыгүні кім өзен, көл, теңізге барып көрді?
Кім суда жүзе алады?
Кім белуардан суға еніп көрді?
Белден асатын суға кірген кезде қандай сезімде болдың?
Суретте не бейнеленген?
Үлкен тасты кім көтереді?
Зерттеу жұмысы
«Кері итеруші күш қалай әсер етеді?».
Зерттеу жұмысын бастамас бұрын сыныпты шағын топтарға бөліп аламын.
Бөлінген топтар зерттеу жұмыстарын жасайды және алған нәтижелерін өз араларында қорытындылайды.
Зерттеу сұрағы:
«Суға салған дене массасы неге жеңілдейді?»
1. Резеңке жіптің бір ұшын қа¬рындашқа іле салатындай ілмек жасаңдар.
2. Ермексаздан домалақтап шар жасаңдар.
3. Резеңке жіптің екінші ұшына ермексаздан жасалған шарды бекітіңдер.
4. Резеңкенің ілмегінен ауада ұстап тұрып, келесі ұшы¬на бекітілген шардың резеңкені қаншалықты созатынын сызғышпен өлшеңдер.
5. Резеңкеге бекітілген шарды толығымен суға батырса, не болатынына болжам жасаңдар.
6. Резеңкенің бір ұшынан ұстап тұрып, бекітілген шар¬ды толығымен суға батырыңдар (бірақ түбіне жеткізбеңдер). Резеңкенің созылуын сызғышпен өлшеңдер.
7. Екі жағдайдағы резеңке жіптің созылу нәтижесін бақылап, қорытынды жасаңдар........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Балаларға арналған сыйлық түрлері



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle